Лекция 12
Тақырыбы: X-XV ғ.ғ. Үндістан.
1.Дели сұлтандығының құрылуы
2.Дели сұлтандығының гүлденуі мен құлдырауы.
3.Виджаянгар мен Бахмани.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. История Индии в средние века М.,1967.
10. Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.
11. Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.
12.Касты в Индии М.,1965.
13. Бабур З.М. Бабур-нама. А.1996.
14.Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М.,1990.
1.Дели сұлтандығының құрылуы. XII ғасырдың аяғында Солтүстік Үндістан жаулап алушылардың қолында қалды. 1175 жылы Гуридтер әулетінің өкілі Газни Шихаб-ад-дин Мухаммед Гури Газнавилер әулетін құлатып билікке келген соң Газнавилер әулетінің соңғы билеушісі тығылған Пенжабқа шабуыл жасады. Бұл облысты басып алған соң одан әрі шығысқа жылжи берді. 1192 жылы Тараин түбінде Аджимира мен Дели князі Притхви Раджей басқарып келе жатқан үнді княздарының одақтастар әскерін жеңіп, ол бүкіл Доабо (Джамна мен Ганга) арасына өз билігін орнатты. 1199-1200 жылдары ол Бихар мен Бенгалияны бағындырды. Жаулап алынған жерлер Гуридтер державасының мемлекеттік жерінің құрамына енгізіліп, оның жоғарғы егесі Мухаммед Гури болды. Ол бұл жерлерді әскербасыларға феодалдығ негізде берді. Оған Кутуб-ад-дин Айбекті басшы етіп қояды.
1206 жылы Мухаммед Гури қайтыс болады. Әскербасылар жаңа билеші Газнидің билігін мойндамады және олар Солтүстік Үндістан территориясында өздерінің жеке Газниге тәуелсіз, астанасының атымен аталатын Дели сұлтандығының негізін қалады. Бұл мемлекеттің басшысы болып алдыңғы намесник Кутуб-ад-дин Айбек тағайындалды.
Кутуб-ад-дин Айбек сұлтан болған соң Делиде 100 жылға жуық түрік гулямдарының билігі орнады. Айбек Делиде бірнеше ірі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Мысалы: Лал Кот (Қызыл бекініс), “Кувват ул ислам” (Ислам күші).
Кутуб-ад-дин Айбектің негізгі әлеуметтік тірегі - әскері болды. Мемлекеттік дін ислам діні болып, жарияланды. XII ғасырдың аяғы мен XIIІ ғасырдың басында мүсылмандар саны артты. Айбек мыңдаған храмдарды жойып, орнына мұсылман мешіттерін тұрғызды. Мемлекеттік тілі – фарсы тілі болды.
1210 жылы Кутуб-ад-дин Айбек ат үстіндегі ойындарда (чауган) аттан құлап қайтыс болады. Түрік ақсүйектері Шамс-ад-дин Илтумышты (1210-1236 ж.ж.) отырғызады. Илтумыш түсында Дели сұлтандығының территориясы кеңейе түсті. 1225 жылы Дели сұлтандығына Бенгалия билеушілері алым-салық төлеп тұруға келісім берді. 1232 жылы Шамс-ад-дин Илтумыш Гвалиурды, 2 жылдан соң Бхилсу мен Уджжаинды бағындырды. Шамс-ад-диннің әскери жетістіктері ақсүйектердің бірігуіне және сұлтандықтың күшейуіне жағдай жасады.
Бұған осы кезде шығыс елдерінде басталған монғол шапқыншылығы да үлкен әсер етті. Илтумыш өлімінен соң оның жақындар мен әскери гулямдар арасында өзара күрес басталды.
2.Дели сұлтандығының гүлденуі мен құлдырауы. XІІI ғасырдың ІІ жартысында монғол хандарының жағынан қауіп күшейді де Дели сұлтандары Үндістанның жаулап алынбаған басқа территорияларына басып кіруін тоқтатуға мәжбүр болды. Сыртқы жаулардан басқа сұлтанға ірі феодалдармен күресуге тура келді. Сұлтан Алау-ад-Дин Хильджа (1296-1316 ж.ж.) өзінің күшті жалдамалы әскерінің арқасында қауіпті қарсыластарын жойды және монғолдардың үш шабуылына тойтарыс берді. Алау-ад-Дин салық есебінен мемлекеттік кірісті көтеруге, әскерді нығайтуға, феодалдарға өзінің абсолюттік билігін орнатуға бағытталған реформалар бастады. Алау-ад-Диннің негізгі іс шаралары:
-
салық жүйесін өзгертті;
-
“базарлық құрылымды” енгізді;
-
әскерді қайта құрып, оны күшейтті;
-
икталық жүйені қайта қарады;
-
алғаш рет аттарды таңбалауды енгізді;
-
елде қатаң репрессиялық режим орнатты;
-
бай адамдардың бір-біріне қонаққа баруына тыйым салды.
Мемлекеттік ресурстарды мобилизациялау әскерді күшейтті, солтүстік-шығыс шегарада монғолдарға бірқатар ауыр шабуылдар жасауға және Деканға жорық бастауға мүмкіндік берді. Атақты әскербасы Малик Кафур кішкене облыстармен, Малабарадан басқа түгел Деканды бағындырды. Алау-ад-Дин – талантты қолбасшы, ақылды, шешімтал саясаткер болды. Оның өлімінен соң оның орнатқан жүйесінің тіпті ізі де қалған жоқ деп жазды Барани.
Сұлтанаттың экономикалық жағдайының гүлденуі Мұхаммед Тоғалақ (1316-1320 ж.ж.) кезінде болды. Ол өз әкесін жасанды түрде өлтіру арқылы билікке келді. Мұхаммед Тоғалақ тәжірибелі әскербасы еді және өзі ІІ Александр Македонский сияқты әлемді билегісі келді. Салық жүйесінде өзгеріс жасады, икталық жүйені нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізді. Мемлекет астанасын Делиден Деогирге ауыструы, Дели сұлтандығының әлсіреуіне жол ашты. Мұхаммед Тоғалақтың сәтсіз іс-әрекеттерінің бірі – ақша реформасы болды. Елде ашаршылық басталып, халық көтерілістер көбейді. 1358 жылы Гуджараттағы көтеріліс кезінде Мұхаммед Тоғалақ қайтыс болды.
3. Виджаянгар мен Бахмани. Дели сұлтандығы өзінің соңғы күндерін өткізіп жатқанда, Деканда екі мемлекет пайда болды. Бірі Деканның солтүстік бөлігінде мұсылман әулетінің билеушісінің атымен аталған Бахмани мемлекеті болса, екіншісі Тунгабхадр өзенінің қасындағы астанасының атымен аталған - Виджаянгар мемлекеті болды. Бұл индус билеушісінің билігінде болды. Бахмани мемлекетін М.Тоғалаққа қарсы көтерілген Дели сұлтандығының наместниктер мен Декан иктадарлары құрды. Мемлекет басына ірі жергілікті иктадар – Ала –ад-дин Бахманиді шах титулымен отырғызды. Феодалдық тәртіп бұрынғы Дели сұлтандығындағыдай жүйеде сақталды. Бахмани шахтары өз феодалдарына үлкен билігі болды. Мұндай билікті Дели сұлтандары ең гүлденген кезде де ие болмаған еді. Бахмани мемлеетінде 1469-1492 ж.ж. орыс көпесі Афанасий Никитин 3 жыл болып, олардың өмір сүру үрдісі туралы көп деректер қалдырды. Мұхаммед шах (1463-1482 ж.ж.) тұсында оның күшті бас уәзірі Махмуд Гаван декандық феодалдардың кірісінің бір бөлігін алып қояды. Ол облыстарды тарафдарлардан (бұрынғы наместник) тартып алып, өз жақтастарына берді. Гаван тарафдарлардан кірістің бір бөлігін қазынаға беруін, әскер ұстауын талап етті. Ол Виджаянагарға шабуыл жасап, бай Гоа портын тартып алды. Гаван феодалдардың талабымен шахтың келісімімен өлім жазасына кесілді. Махмуд Гаван өлімінен соң мемлекет тез ыдырай бастады.
Лекция 13
Тақырыбы: XI-XV ғ.ғ. Туркия
1. Осман бейлігінің құрылуы
2.Осман-түріктердің Балқан түбегін жаулап алуы. І Мұрад, Баязид сұлтандар
3. ІІ Мехмед тұсындағы Осман империясы. Константинопольдың құлауы
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. Миллер А.Ф. История Турции. М.,1969.
10.Новичев А.Д.История Турции. Т.1-3 Л.,1963.
11.Курпаладис Г.М. Государство Великих Селджуков. М.,1992.
12.Еремеев Д.Е., Майер М.С. История Турции в средние века и новое время. М.,1992.
1. Осман бейлігінің құрылуы. Туркияның орта ғасырлық тарихын селжұқтық және османдық деп екі кезеңге бөлуге болады. Ал бұл екі кезеңді жалғастырып тұрған кезең “бейліктер кезеңі” (XIII ғасырдың жартысы мен XV ғасырдың басы) деп аталады. “Бейліктер дәуірінде” монғол шапқыншылығы және Анатолияға түріктердің ІІ қоныс аударуына байланысты маңызды саяси және этникалық өзгерістер болды. 1243 жылы Кіші Азиялық селжұқтардың монғолдардан жеңілуі, олардың мемлекетінің екіге бөлінуіне әкеп соқты.
Анатолия территориясы Қызыл-Ирмак өзенінен шығысқа қарай Хулагидтер мемлекетіне қосылды. Кіша Азиялық селжұқтар монғол хандарына вассалдық тәуелділігін мойындай отырып, ресми түрде Анатолияның батысы мен Орталық Азияның үлкен бөлігіне өз билігін сақтап қалды. Шын мәнінде олардың иеліктері монғолдықтарға да Кони билеушілеріне де тәуелсіз бірқатар әмірліктерге бөліне бастады. Жаңа саяси бірлестіктердің қалыптасу процесі негізінен көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар қоныстанған Кіші Азияның шегаралық аудандарында жүрді.
XIII ғасырдың жартысы мен XІV ғасырдың І жартысында Батыс және Орталық Анатолияда 20-жуық княздіктер пайда болды. Солардың бірі Вифинияда (Кіші Язияның солтүстік-батысында) орналасқан және оның алғашқы тәуелсіз билеушісі Осман бейдің (1288-1324ж.ж.) атымен аталатын княздік болды. Осман бейлігі XIII ғасырдың І жартысында Османның әкесі Эртогрул негіздеген шегарадағы Эскишехир ауданында ұйымдастырылды. 1300 жылдан бастап, Осман селжуктар билігінен түбегейлі босап шығып, өз иелегін кеңейтуді мақсат етіп қойды.
Осман бейлігі басқа княздіктерден территориясы жағынан да, әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесі жағынан да төмен болды. Көрші княздіктер алғашқыда османдықтардың табыстарына баса назар аудармады. Осман княздығының өсуінде маңызды фактор Визаниямен көршілігі болды. Осман билешілері Кіші Азиядағы әлсіреген Византия иеліктеріне шабуыл жасап, шегарасын маңызды мөлшерде кеңейтті. Ең ірі Бруса бекінісі Османның баласы Орхон тұсында (1324-1362 ж.ж.) жаулап алынып, Осман бейлігінің астанасына айналды. Одан соң византиялық келесі ірі қалалар Никея (Изник) және Никомедия (Измит) тартып алынды.
2.Осман-түріктердің Балқан түбегін жаулап алуы /І Мұрад, Баязид сұлтандар/. 1354 жылы Османдық түріктер Балқан түбегін жаулап алуға кірісті. Европада алғаш Галлиополь қаласын басып алды. Бұл кезде Балқандық елдер арасында бірлестік жоқ еді. Орхоннан кейін І Мұрат (1359-1389 ж.ж.) сұлтан деп танылды. Ол Балқанда Адрианопольді (1361 ж.), Фракияны, Филиппопольді, Марица өзенінің алқабын басып алып, тез қарқынмен батысқа жылжи берді. Оман түріктердің астанасын І Мұрат сұлтан Адрианопольге ауыстырып, ол қаланы Эдерне дап атай бастады. 1389 жылы түріктер Сербияға шабуыл жасады. Шешуші шайқас Косова маңында өтіп, 20 мың серб әскері 30 мыңдық түрік әскерінен жеңіліс табады. Милош Обилич деген серб жауынгері сұлтанның шатырына кіріп, І Мұратты қапыда өлтіреді. Енді Европаға қауіп төне бастады. Рим папасының көмегімен түріктерге қарсы бірнеше крест жорықтары ұйымдастырылды, бірақ барлығы сәтсіз аяқталды. І Мұраттың баласы Баязид сұлтан (1389-1402 ж.ж.) Болгарияны, Македонияны бағындырды. Енді Фессалоникиді алып, Константинопольдің берілуін талап ете бастады. Европада қоныстанған түріктер отырықшылыққа көшті. І Баязит 1402 жылы шілдеде Анкара маңында Ақсақ Темірмен шайқаста жеңіліп қалды. Темір осман-түріктерін бағындырды. Ә. Темір кетісімен Баязиттің балалары арасында алауыздық болып, таққа талас басталады. Бұл алауыздықты 1413 жылы Мұхаммед жеңіп шықты. Ол түрік елін қайта қалпына келтіруге тырысты.
3. Осман империясының Константинопольды құлатуы. XV ғасырдың 20-жылдарында Баязид балаларының арасындағы алауыздық басылып, Туркия қайта күшейген соң барлық назарын Константинопольге аударды. 1422 жылы түріктер Константинопольді қоршауға алды. Бірақ елдегі ақсүйектер бүлігіне байланысты қоршауды тоқтатуға мәжбүр болды. Византия Македония мен Фракиядағы бірқатар иеліктерін Туркияға беруге мәжбүр болды. 1430 жылы түріктер Византияның ең ірі экономикалық орталығы Фессолониканы басып алды. Византия Рим папасынан көмек сұрайды. Бірақ папаның көмегі сәтсіз болды. 1452 жылы Түріктер Константинопольді басып алу үшін тікелей әзірлікке кірісті. Олар Константинопольге блокада ұйымдастырады. 1453 жылы сәуірде құрлықтағы және теңіздегі үлкен күшпен Византияның астанасын қоршайды. Астана түрғындарының түріктерге қарсы ерлікпен күресіне қарамастан Константинополь 1453 жылы 29 мамырда толық жеңілді. Константинопольдің құлауымен Византия империясы да өмір сүруін тоқтатты. Византиямен бірге түріктер Орталық Грециядағы және Пелопонестегі басқа аймақтарды да өздеріне қаратты.
1461 жылы Трапезунд империясының астанасы да түріктер билігіне көшті. 1463 жылы Түріктер Боснияны басып алған соң Шығыспен теңіз саудасындағы қожалық түріктер қолына көшті. 1468 жылы Албанияны түгелдей бағындырды. 1475 жылы Түріктер Қырымдағы Каффаны генуялықтардан тартып алды. Бұдан соң Донның Азовқа қосылатын алқабын тартып алып, онда Азов қамалын салады.
XV ғасырдың ІІ-жартысында түрік-османдар Қырымды бағындырды. Бірнеше ұрыстардан соң Дунай княздіктері Молдова мен Валахияны бағындырды.
Лекция 14
Тақырыбы: Кейінгі орта ғасырлардағы Жапония
1. Жапонияны біріктіру жолындағы күрес. Токугава сегунатының құрылуы.
2. Әлеуметтік-экономикалыќ дамуы, қоғамдық құрылысы.
3. Сыртқы саясаты және европалықтардың келуі.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. Жуков Е.И. История Японии. М.,1969.
10.История Японии (с древнейших времен до наших дней) М.,1988.
11.История Японии. 2-х томах.Т-І М.,1998.
1. Жапонияны біріктіру жолындағы күрес. Токугава сегунатының құрылуы.
ХV- ХVІ ғасырлар жапон тарихнамасында “сэнгоку дзидай” яғни “соғысушы провинциялар кезеңі” деп аталады. Үзілмес өзара соғыстар бүкіл Жапонияны қамтыды. Соңысушы провинциялар кезеңінің басты (1467-1575) соғысы Онин соғысы болды. Өзара соғыстың күшейуі шаруалардың онсызда қиын жағдайын одан әрі әлсіреті. Яғни өңдеп отырған жері қысқарды, жаңа салықтар енгізілді, қосымша алымдар қосылды. Бұның барлығы шаруалар көтерілісінің өсуіне әкелді. Өзара соғыстар нәтижесінде көптеген аудандар ашаршылыққа, эпидемияға ұшырап босап қалып жатты. Жапонияның барлық әлеуметтік топтары қатаң орталық биліктің қажетігін сезінді. Тіпті шаруалардың өзі біріккен тұрақты билікті қажет етті. Себебі шаруалар соғыстарға байланысты үздіксіз шаруашылықтың қирауынан, ешқандай заңмен шектелмеген феодалдардың барлық өсіп отырған талаптарынан әбден қажып бітті. Осындай жағдайда өзіне көрші княздіктерді қосып алғысы келетін үш феодал-әскер басылар елді біріктірушілерге айналды. Олар өздерінің иеліктеріне орталық Жапония провинцияларын бірінен соң бірін қосып ала бастады. Сондықтан орталықтандырылған мемлекеттің құрамына біртіндеп қадам баса бастады. Бұлар тарихтқа Жапонияны біріктіруші деген атпен енген Ода Нобунага, Тоётоми Хидэеси және Токугава Иэясу болды.
Ода Нобунага ұсақ феодалдың отбасынан шыққан Овари провинциясынан шыққан. Әкесі оны отбасынан бөлек Ногая замогына отырғызған. 1551 жылы әкесінің өлімінен кейін ол оқпен атылатын қару көмегімен бөтен жерлерді басып ала бастады. Ода ел терреториясының жартысын бағындырды. Ол өз әскерін ұстау үшін арнайы салық салады. Шаруалар көтерілісін аяусыз басып отырды 1582 жылы ол қоршауда өзін-өзі өлтірді.
Елді біріктіру ісін одан әрі Оданың қызметкері шаруадан шыққан Тоётоми Хидэеси жағастырды. Хидэсидің ішкі саясаты Ода саясатының жалғасы болды. Т. Хидаэси жаулап алған жерлерде жер өлшемін жүзеге асырып, жерлерді “тікелей бақылауға алынатын иеліктер” категориясына жатқызды. Ол жерден екі миллион коку күріш алу керек болатын (бір коку 160 кг). Тікелей бақылауға алынатын иеліктерге: Осако, Киота, Нара, Оминато және сыртқы саудамен байланысы бар Кюсю, Нагасаки мен Хаката кірді. Оның басты назар аударған мәселесі аграрлық реформа болатын. Ол бойынша шаруаларды жерге бекіту, феодалдық әлеуметтік құрылымдарды нығайтты. Елде санақ жүргізіп шаруалар екі топқа бөлді: бірінші негізгі салық төлейтін шаруалар, екінші жерсіз, санаққа кірмейтін, жерге бекітілмеген шаруалар. Өзі шаруалардан шықса да ол шаруалар көтерілістерін аяусыз басып тастап отырды. 1588 жылы шаруалардан қару-жарақтарды тартып алу туралы жарлық шығарды. Ол бойынша шаруаларға қылыш, қанжар, қару-жарақ ұстауына тыйым салды. 1591 жылы әлеуметтік ерекшеліктерін нығайту жөнінде жарлық шығарылды. Ол бойынша әскерлер, саудагерлер, шаруалар жеке-жеке бөлінді. ХV ғасырда Жапония тұрғындарының саны 16,64 миллион адамға жетті және үш сословиеге самурлар (си), шаруалар (но) және қалалықтар (симин) болып бөлінді. Соңғылары көпестен, қолөнершілерден тұрады. Сыртқы саясатына агрессиялық бағыт ұстанды. 1592 жылы Кореяға 137 мыңдық әскермен басып кірді. 1598 жылы жапон әскерлері артқа қайтуға мәжбүр болды. Кореяның азаттық соғысын талантты адмирал Ли Сунсин басқарды. 1598 жылы Тоётоми қайтыс болды да оның орнына біріктіру ісін Токугава Иэясу жалғастырды. 1603 жылы Токугава Иэясу Сегун титулын қабылдап, Эдо қаласын астана етіп Токугава сегунатының негізін салды.
2. Әлеуметтік-экономикалыќ дамуы, қоғамдық құрылысы. 1603 жылы өзін сегун деп жариялағаннан кейін Токугава Иэясу өзнің күшін, билігін көрсететін бірқатар шараларды жүзеге асырды. Ол даймёлерге бақылау орнатты. Токугава Иэясу көптеген алтын, күміс, мыс рудниктерінің қызметіне бақылауды күшейтті. Ақша қатынастарын реттеді. Ақша ісінің дамуын көпестерге тапсырды. Сыртқы сауданы күшейтуге ұмтылды.
XVI ғасыр аяғы мен XVII ғасыр басында қалалар қатары көбейе бастады. Ең ірі қалалары – Эдо, Киото, Осако болып, тұрғындарының саны 300 мыңнан асты. Одан кейінгі Нагоя, Нагасаки, Сакай, Кинадзава қалаларында 60 мыңнан астам адам тұрды. Хиросима, Окаяма, Хаката Акида сияқты қалалардың халқының саны 20-30 мың аралығында болды. Қолөнершілер бәрлестігі “дза”деп, саудагерлер бірлестігі “накама” деп аталды.
XVI ғасыр ІІ жартысында Жапонияның біріктірілуі кезеңінде Тоётоми Хидэеси тұрғындарға санақ жүргізді. 1591 жылы 66 провинцияда санақ жүргізуге бұйрық берді. Санақ Т. Хидэесидің аграрлық реформасымен қатар жүрді. Бірақ нақты мәлімет жоқ. Есида Тогоның есептеуі бойынша 12 миллион адам өмір сүрген. XVI ғасыр соңы мен XVIІ ғасыр басында Жапонияда “демографиялық жарылыс” болады. Бұл саяси және әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты болды. Ең бастысы ұзаққа созылған бейбітшілік саясатына байланысты болды. Егер 1600 жылы тұрғындар саны 12 миллион болса, 1650 жылы 17,2 миллион, ал 1700 жылы 27,7 миллион адамға жетті.
Әлеуметтік құрылысы жағынан 4 сословиеге:
-
си- самурай;
-
но- шаруалар;
-
ко- қолөнершілер;
- се-саудагерлер болып бөлінді.
Самурайлар сословиесі категорияға жіктелді: дайме және оның вассалы жеке самурайы. 4 сословиеге кірмеген әлеуметтік топтар да болды. Олар: эта, хинин, артистер, музыканттар, фокусшылар, бишілер. Хинин—(адам емес) қылмыстылар, кедей қаңғыбастар болды. Эта - ең төменгі жағдайдағы адамдар, мусор тазалайтын, мал соятын таза емес мамандық иелері.
4.Сыртқы саясаты және европалықтардың келуі. Европаға Жапония туралы мәліметті алғаш 1375-1292 жылы Қытайда қызыметте болған Марко Поло хабарлады. 1542 жылы Жапонияға миссионер Франциск Ксавье келді және Жапонияда шаруаларды хрестиян дініне өткізумен шұғылданады. Ксавье алғаш Сацума провинциясына барып сонда 150 адам хестиян дініне өтеді. 1553 жылы Жапонияда бірнеше мыңдаған хрестияндар болды. Хрестиян дінінің кең тарқатқауы елдегі жағдайға да байланысты болды. Миссионерлер алдымен даймелер мен ақсүйектерді хрестиян дініне өткізуге тырысты. Миссионерлер өз мақсатына жету жолында сауда келісімін жасап, алдап өзара соғысып жатқан феодалдарға атылатын қару сатты.
1593 жылы Жапонияға испан монах-францискандар келеді. Иезуиттер мен францискандар арасында Жапонияға ықпал ету үшін күрес басталады. 1600 жылы Жапонияға голландықтардың “Лифде” кемесі келеді. Елде хрестиян дініндегілердің көбейуі жапон билеушілерін ойландыра бастады, жапондықтардың басқа дінге өтуіне тыйым салатын және европалықтардың келуін тоқтату үшін бірқатар шаралар атқара бастады.
XVII ғасырдағы Жапонияның саяси іс-шараларының бірі елдің сыртқы елдерден жабылуы болды. Яғни хрестиан діні өкілдерімен бірге барлық европалықтарды елден қуады.
Лекция 15
Тақырыбы: XVI-XVII ғ.ғ. Осман империясы
1. Осман империясының қоғамдық құрылысы.
2. Осман империясының сыртќы саясаты.
3. Осман империясындағы халық қозғалыстары.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. Миллер А.Ф. История Турции. М.,1969.
10.Новичев А.Д.История Турции. Т.1-3 Л.,1963.
11.Курпаладис Г.М. Государство Великих Селджуков. М.,1992.
12.Еремеев Д.Е., Майер М.С. История Турции в средние века и новое время. М.,1992.
1. Осман империясының қоғамдық құрылысы. Осман имериясының экономикалық дамуы оның әлеуметтік құрылымы мен саяси ұйымдасуына тығыз байланысты болды. XV ғасыр авторлары мемлекетті басқару жүйесі туралы айта келіп, ел тұрғындары негізгі екі топқа бөлінеді деді. Олар әскерилер мен райялар. Біріншілеріне барлық сұлтан билігін жүзеге асыратын сарай қызметкерлері, азаматтық чиновниктер, сипахтар мен улемдер жатты. Екінші топқа бағынышты барлық мұсылман, мұсылман еместер кірді.
Әскерилердің ресми ерекше белгілері сұлтанның ел басқару ісіне рұхсат ететін дипломы немесе жарғысы болды. Іс жүзінде олардың қоғамдағы жағдайына келсек ол өндіріске қатыспады, алым-салықтан босатылды және өндірушілер мен салық төлушілерді қанау есебінен өмір сүрді.
XV-XVI ғасырлардағы осман саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша мемлекеттің басты мақсаты райаттарды билеуші топтардың қатарына өткізбеу болды. Раяттан шыққан адам атасы немесе әкесі сипах болмаса сипах болу үшін ешқандай талап ете алмады.
XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың бірінші жартысында үлкен жаулап алу жорықтарының нәтижесінде осман қоғамы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан және этнодіни біртекті емес халықтардың күрделі конглемератына айналды. Осман қоғамында екі негізгі топтың ішінде бір-бірінен өмір сүру дәстүрімен, дінімен, жұмысымен, тіпті өмір сүру дәрежесімен ерекшеленіп тұратын әртүрлі категориялар пайда болды. Салық төлейтін тұрғындар мұсылмандар мен мұсылман еместерге, қалалықтар мен ауылдықтарға, көшпелілер мен отырықшыларға бөлінді.
Империя шегарасындағы мұсылман еместердің көптігі және олардың түрік-мұсылман билеушілерімен қатынастарының нашарлауынан XV ғасырдың ІІ жартысында грек-провославиялық, армиян-григориян және иудеялық діни қауымдастықтың қалыптасуына жағдай жасады.
Әскери тап та өз ішінде бірнеше жеке топтар мен қабаттарға бөлінді. Олар жалпы қылыш адамдары мен қалам адамдары (людей пера) деп бөлінді. Қылыш адамдарының негізгі қызметі әскери қызмет болса, екіншілерінің қызметі мемлекеттік аппаратта қызмет жасау болды. Қалам адамдары (людей пера) негізінен шығу жағынан мұсылмандар болып, құқықтары мен міндеттерін ата-аналарынан мұраға алып қалды. Бұлар жергілікті жерлерде тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды роль атқаратын, астаналық билеуші топ қатарына қосылуы кемде-кем болды.
Мемлекеттік құрылысы. Империя ішіндегі берік экономикалық және әлеуметтік байланыстардың жоқтығы Осман державасын негізінен ең алдымен әскери күшпен әкімшілік аппараттың белсенді қызметінің негізінде өмір сүріп отырған саяси қауымдастық ретінде қарауға болады.
Мұсылман заңдары бойынша сұлтан “Құдайдың жердегі көлеңкесі” деп есептелді де барлық бағыныштылардың өмірі мен мүлкіне иелік етіп шексіз билікке ие болды. Сұлтан қасиетті және неприкосновенный. Империядағы сұлтаннан кейінгі бірінші тұлға ұлы уәзір болды. Ол бүкіл саяси-әкімшілік және әскери істердің барлығын шешті және оған қалған барлық уәзірлер, мемлекеттік қайраткерлер, провинцияның губернаторлары бағынды.
І Сүлеймен тұсында астаналық муфтидың рухани беделі күшейді. Осман билеушілері исламды орталық билікті нығайту үшін қолданды. Сұлтан үкіметі маңызды іс-шараларды шешкенде муфтиден осы іске байланысты шариаттың көзқарасын біліп отырды.
2. Осман империясының сыртқы саясаты. Осман империясының сыртқы саясатын бірнеше бағыттарға бөліп алуға болады:
-
Европадағы соғыс қимылдары: 1524-1533 ж.ж. Туркия Габсбургтермен күрес жүргізіп, Венгрияны басып алумен аяқталды. 1547 жылғы келісім бойынша Венгрияны Туркия мен Австрия бөліп алды.
-
Кавказдағы соғыс қимылдары: 1533-1538 ж.ж., 1547-1555 ж.ж., 1578-1588 ж.ж. Кавказ жерлері үшін соғыс жүргізді. 1555 жылғы Амасье бейбіт келісімі бойынша: Батыс Армения, Батыс Грузия, Батыс Азербайжан Туркияға берілді. Кавказ халықтары үшін 1578-1588 ж.ж. иран-түрік соғыстары өте ауыр тиді. 1590 жылғы иран-түрік келісімі бойынша бүкіл Кавказ Туркияға берілді.
-
Европалық елдермен қатынасы: Испания мен Австрияны билеп отырған Габсбургтермен жүргізген күресі Туркияны Франциямен жақындастырды. Туркия мен Франция Габсбургтерді солтүстік Италиядан қуып шығу үшін күресті. Франция Жерорта теңізіне шығу үшін, Туркия Венеция мен Генуяны әлсірету үшін әрекет жасады. 1535 жылғы франко-түрік келісімінде француз көпестеріне жеңілдіктер беру туралы мәселе қаралды. 1569 жылғы келісімде бұл мәселе толық шешімін тауып, келісім “капитуляция” деген ат аталды. 1580 жылы Англия Туркияда өзінің Левант сауда компаниясын ұйымдастыруға рұхсат алды.
-
Ресей-Туркия қатынастары. Алғашқы орыс-түрік қатынастары XV ғасыр аяғында Туркияның қалауы бойынша жүргізілді. 1497 жылы Туркияға М.Плещеев бастаған елшілік келіп, түрік үкіметі алдына Азов пен Каффа қалалары арқылы Қара теңізде сауда жасау туралы мәселе қойды. 1569 жылы І орыс-түрік соғысы болып, түріктердің жеңілісімен аяқталды.
3. Осман империясындағы халық қозғалыстары. XVІ ғасыр басындағы антифеодалдық қозғалыстардың бірі 1510-1511 жылдардағы Шах-құлы басқарған қызылбастар қозғалысы болды. Ол жергілікті феодалдар арасында Шайтан-құлы деген атпен белгілі болды. Көтерілісшілердің саны 10 мыңға жетті. Көтерілісшілердің басты ұраны ауыр салықтардан құтылу және жергілікті феодалдардың езгісінен құтылу болды. Көтеріліске шаруалардан бөлек жерінен айырылып қалған сипахтар мен сұлтан саясатына наразы феодалдар қатысты. Шешушә шайқас Сиваста болды және үкіметтің күшті әскеріне төтеп бере алмаған көтерілісшілер жеңіліп, Иранға қашты.
1520 жылы Сивас пен Иозгат аудандарының аралығында жаңа көтеріліс басталып, оны Джелял шейхтың баласы Шах Вели басқарды. Ол өзін Махди деп жариялап, 20 мыңға жуық әскер жинады. Бұл көтеріліс жеңіліске ұшырағанымен, осман билеушілерін қатты ойландырды.
1596-1605 жылдардағы Кіші Азияны, Солтүстік Ирак пен Сирияны қамтыған ірі көтеріліс ағайынды Абдухалимдер Қара Языджи мен Дели Хасан басқарған көтеріліс болды. 1592-1608 жылдары Календер-оглу көтерілісі Осман билеушілеріне күшті қауіп туғызды. 1607 жылы оның іскерлері Бурсаны бағындырғанда әскері 30 мыңға жетті. Календер-оглу жақтастары Анкарадан Эгей теңізі мен Мрамор теңізіне дейінгі үлкен территорияны бақылауға алды. Тек 1608 жылы тәжірибелі әскербасы Мурад – паша көтерілісшілерге үлкен соққы берді. Календер-оглу азғантай әскерімен Иранға кетуге мәжбүр болды.
Лекция 16
Тақырыбы: Қытайдағы феодалдық қатынастардың ыдырай бастауы.
1.XV-XVII ғ.ғ. Ќытайдыњ єлеуметтік-экономикалыќ дамуы
2. XVІ-XVII ғ.ғ. Ќытайдыњ сыртқы саясаты, Европалықтардың келуі.
3. 1639-1646 жылдардағы шаруалар соғысы. Қытайда манчжурлардың Цинь империясының құрылуы.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. История Китая с древнейших времен до наших дней. М.,1974.
10.Бокшанин А.А. Китай и страны южных морей в XIV-XVI в.в. М.,1968.
11.Китай: между прошлым и будещем. М.1999.
1.XV-XVII ғ.ғ. Ќытайдыњ єлеуметтік-экономикалыќ дамуы. ХVІ-ХVІІ ғ.ғ Қытай тарихы ел экономикасына ықпал еткен фодалдық қоғамның дағдарысының басталуымен, тап күресінің шиеленісуімен , саяси күрестермен, европалықтардың келуімен ерекшеленеді.
ХVІ-ХVІІ ғ.ғ Қытайдың әртүрлі аудандарында экономикалық дамуы жағынан біркелке болған жоқ. Оңтүстік шығыс провинциялар, Янцзы жағалаулары Ұлы Жібек жолының тоқтауымен осы жол бойындағы Кайфын, Лоян, Чэнду, Сиань қалалары әлсіреді. Ал су жағалауларындағы жаңа қалалар: Тяньцзинь, Цзинин, Ханькоу, Сунцзян, Шанхай қалалары көтерілді. ХVІІ ғасырда ауылдар мен қоныстанудың қалаға айналу процесі жүрді. Бұл кезде Пекинде, Нанкинде бір миллионға жуық халық тұрды. Жібек мата өндіруші қалалар маңында шаруалар тұт ағашын егіп, жібек пілләсін өндірді.
ХVІІ ғасырда қалалардың жеке өндіріске мамандандала бастағаны байқалады: Гуандун провинциясы темір бұйымдарымен аты шықса, Цзянси провинциясы бүкіл Қытаймен, көрші елдерге форфор мен керамика шығарды, Шанхай мен Сунцзянда керемет мақта-маталар шығарса, Уху қаласында бояулар, Тайвань аралдарында қант пен кафора ( иісті зат медицинада қолданады) шығарды. Жібек өндіру Нанкин, Сучжоу және Ханчжоу қалаларында өндірілді жіне жібек тоқу ісі жақсы дамыды. Бір матада жиырмаға жуық түсті бояулар қолданылды. Мақта егу, мақта мата өндіру алғашқв Мин әулеті кезінде мәжбүрлі саясат болған.
2. XVІ-XVII ғ.ғ. Ќытайдыњ сыртқы саясаты, Европалықтардың келуі.
ХVІ -ХVІІ ғасырда ғасырда Мин империясының соғыстары негізінен қорғаныс сипатына ие болды. 1488 жылы Қытай үкіметі Монғолиямен сауда міндеткерліктері бекітілген келісім жасалды. Бірақ 1500 жылы монғолдар Қытайдың солтүстік және солтүстік- батыс аудандарына шабуыл жасады. Олардың атты әскері Қытайдың астанасы Пекинге қауіп төндірді. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін, Мин билешілері 1570 жылы Монғолиядан сауда жасауға міндеттелген бейбітшілік келісім жасады. Бағалы тауарлардың орнына қытайлықтар арзан бағалы мал мен мал өнімдерін сатып алды. Қытай Жапониямен сауда байланысын жасады. Жапон тауарларының ішінде семсерлер мен веерлер ерекше бағаланды. Мин үкіметінің Жапониямен сауданы шектеуге тырысуы соғыстың басталуына әкелді. 1523 жыл Жапон қарақшыларының кемесі ірі Қытай порты Нинбоны тонап, жағып жіберді. Бұл жағдай қытай үкіметінің сыртқы теңіз портын жабуына себеп болды.
ХVІІ ғасырдың соңында Корея, Қытай, Жапония арасында соғыс басталды. Корея Жапониямен Қытайға басып кіруден бас тартты, ал сенгун Таетоми Хидэеси 1592 жылы Пусонға (Корея) 200 мың әскер түсірді. Корей әскері жеңіліп, елдің көп бөлігін жапондықтар жаулап алды. Хидэси Коряны жаулап алып, Қытайға шабуыл жасайтынын білген Мин үкіметі корей королінің өтінішімен өз әскерін Коряға көмекке жіберді. 1593 жылы қытай-корей әскері Пхеньянды алды. Партизан соғысы басталып, корей-қытай әскерлері жапондықтарға суда да, құрғақта да үлкен соққы берді.
ХVІ ғасырдың аяғында чжурчен тайпалары үлкен, күшті тайпалық одаққа біріге бастады. Олардың көсемі Нурхаци бүкіл Орталық және Шығыс Манчжурияны біріктіріп, 1616 жылы Цзинь мемлекетінің ханы болып жарияланды. Нурхаци Қытайға салық төлеуден бас тартып, 1618 жылдан Мин империясына қарсы күрес жүргізді. Манчжурлар қытайдың әскери өнерін тез игеріп, Қытай қалаларын тез басып ала бастады. Қытай Ляодун аралынан және бүкіл оңтүстік Манчжуриядан айырылды. Манчжур шапқыншылығын қытай әскері Шаньхайгуань бекенісінде үлкен күшпен тоқтатты. 1520 жылғы Бирмаға жорық сәтсіз болды.
ХVІ ғасырдың басында Қытайдың Ресеймен алғашқы қарым-қатынасы басталды. Үнді мұхитына алғашқы португалдықтар келді. 1510 жылы португалдықтар Үндістанда Гоаға, 1511 жылы ең ірі сауда орталығының бірі Малаккаға, ал 1516 жылы португал кемесі Рафаэл Перестрелло басшыларымен Қытай жағалауына келді. ХVІ ғасырдың 40-жылдарынан португалдықтар Қытайға солтүстіктен Гуандун провинцияларына ене бастады. ХVІ ғасырдың ІІ жартысында Қиыр шығысқа испандықтар келді. Олар Филипинді бағындырып, Қытаймен қатынас орнатуға тырысты. Мұнда қарсылықтарға тап болған испан канкистадорлары Лусон аралында 1603 жылы қанды қырғын жасап 25 мыңдай қытайлықтарды қырып жіберді.
ХVІІ ғасырдың 20 жылдарында Қытай жағалауына Голлан кемелері келді. Олар Пенхуледао аралына келіп тұрғындарын тонап, Ява аралына құл етіп сатты. 1624 жылы голландықтар Тайвань аралын жаулап алды. Голландықтармен бірқатарда Гуончжоуға ағылшындар келді. Европалықтардың Шығыс елдерге келуі Қытайдың сыртқы саудасының дамуына кедергі келтірді. Қытайға қарудың күшімен ене отырып европалықтар миссионерлерді көмекке шақырды.
3. 1639-1646 жылдардағы шаруалар соғысы. Қытайда манчжурлардың Цинь империясының құрылуы. ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдарында Қытайа үлкен шаруалар соғысы басталды. Бұл шаруалар қозғалысың басталуына 1628 жылы ашаршылық себеп болды. Ашаршылық Шаньси және Шэньси провинцияларында өте күшті болды. Қозғалыс осы провинцияларда басталып, 1632 жылы Орталық Қытайдың көршілес аудандарына тарады. Көтеріліс түгел Хуанхэ мен Янцзы өзен аралығын қамтыды. Көтерілістің өте күшті орталықтары Хэнань, Хубей, Анхой, Шаньдун, Сычуань провинциялары болды. Бірақ біртұтас болған жоқ, сондықтан ешқайсысы нәтижеге жете алмады. 30 жылдардың ІІ жартысында көтеріліс біраз тынышталады. 1641 жылдан бастап шаруалар қозғалысының жаңа кезеңі басталады. Бұл кезде үкімет әскері солтүстікте манчжурлермен соғыста болатын. Шаруалар көтерілісін Ли Цзы басқарды. 1640 1648 жылдар аралығында көтерілістер бірнеше қалаларды бағындырды және Монғолиядан Приморияға дейін, Хуанхэден Янцызыға дейінгі өте үлкен территорияға бақылау жасап тұрды. Көтерілістің астанасы Сиань қаласы болды. Ли Цзы – Чэн өзін император деп жариялады. 1644 жылы ол солтүстікке жорық ұйымдастырып Пекинді алды. Мин әулетінің соңғы императоры өзін өлтірді. Бұрынғы императордың әулетінің фодалдарын қатал жазалады. Феодалдарды өлім жазасына кесіп, дүниесін кофискіледі .Жаңа үкімет шаруалардан салық алмады, ал үкіметті, әскерді ұстау үшін қаржыны қала байларынан, феодалдарынан салық арқылы алды. Мин әулетінің ашық қолдаушысы қытай феодалдары шаруалар көтерілісін, революциялық үкіметтің жүргізіп жатқан шараларынан қорқып сыртқы жаумен яғни манчжурлармен көтерілісшілерге қарсы тұру үшін көмек сұрап келісімге келеді. Бұл келісімді бұрынғы Мин генералы У Сань – Гуй жүргізді. Принц Дурган басқарған манчжурлардың үлкен әскері Қытайға кіреді. У Сань Гуй әскерімен бірігіп Пекинді алады. 1645 жылы Ли Цзы Чэн өлтірілді.
1644 жылдан Қытайда жаңа шетелдік әулет билікке келеді. Ол Цин әулеті деп аталды (1911 жылғы дейін өмір сүрді). Маньчжур әулеті Қытайда бірден нығайа қойған жоқ. 1645 жылы Маньчжурлар кескілескен шайқастан соң Янчжоу мен Нанкинді алады және оңтүстік провинцияларға бағыт алды. Осы кезде елде антиманьчжурлық көтеріліс басталды. Хунань, Сычуань және Гуанси, Чжэцзянь, Фунзянь, Шэньси және Ганьсу провинцияларында антиманчжурлық көтеріліс етек алып, ХVІІ ғасырдың 40-жылдардың аяғына дейін жалғасты. Шығыс провинцияларда да көтеріліс ұзаққа созылды. Шығыс провинциялардағы антиманьчжурлық көтеріліс түбегейлі тек 1662 жылы басылып тасталды.
Лекция 17
Тақырыбы: Кейінгі орта ғасырлардағы Иран.
1. ХV ғасырдағы Иран. Сефевидтер мемлекетінің құрылуы.
2. Сефевидтер мемлекетінің ішкі-сыртқы саясаты. Аббас шах т‰сындаѓы г‰лденуі
3. І Аббас өлімінен кейінгі Сефевидтер мемлекеті. Европалықтардың келуі.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. История Ирана с древнейших времен до XVII века. М.,1968
10. История Иранского государство и культуры. М.,1971.
11.Луконин В.Г. Древний и средневековый Иран. М.,1987
1. ХV ғасырдағы Иран. Сефевидтер мемлекетінің құрылуы. ХV ғасыр басында Иранда жеке бір мемлекет болған жоқ, тек Әмір Темір мемлекет державасының бір бөлігі болды. Темір өлімінен кейін оның мұрагерлері арасында Иран мен Орта Азия үшін өзара күрес (1405-1409 ж.ж.) басталды. Феодалдық бытыраңқылық, өзара күрестер күшейіп, халық көтерілістері басталды. Осындай жағдайда Темірдің бұрынғы сотүстік батыс иеліктерінде қара-қойлы көшпелі түркімен тайпалары ақсүйектерінің ықпалы күшейіп, 1410 жылы Қара-қойлы мемлекеті құрылды. Алғашқыда Қара-қойлы мемлекеті Темір әулетіне тек номинальды түрде ғана бағынышты болды. ХV ғасырдың ортасында Қара-қойлы билеушілерінің бірі Темір ұрпақтарынан Батыс Иранды тартып алды.
1468 жылы Қара-қойлы мемлекетін келісі бір түркімен көшпелі тайпасы Ақ-қойлылар бірлестігі жеңіп шығады. Ақ-қойлы мемлекетінің (1468-1502 ж.ж.) құрамсына: Арменияның бір бөлігі, Күрдістан, Азербайжан, Батыс Иран, Исфахан, Фарс және Керман кірді. Феодалдық бытыраңқылық және өзара соғыс кезінде Иран экономикалық дағдарысты бастан кешірді. Егіншілік пен ирригация жүйесі құлдырады. Феодалдық міндеткерліктер өсті. Қолөнер мен сауда оңтүстікке, сыртқы саудамен байланысы бар Иезд, Шираз, Хормуз қалаларына ауысты. Афанасий Никитин Ормуз қаласын Парсы шығанағындағы ең ірі сауда орталығы деп атады.
Иран территориясында ХV ғасырда пайда болған барлық мемлекеттік ұйымдар көшпелі, әскери-феодалдық ақсүйектер билік құрған тұрақсыз және экономикалық байланыссыз ұйымдар болды.
ХV ғасырдың ІІ ширегінде оңтүстік Азербайжанда Ардебил қаласында бай жер иеліктері бар рухани феодалдардың Сефевидтердің ықпалы күшейді. Олардың “қасиетті тектен” бастау алуы шах тағын талап етуіне және езілген халықтарды бағынышта ұстауға себеп болды. Сефевидтерді жергілікті халықтың бір бөлігі, Кіші Азиядағы, Армения мен Сириядағы шиизмді ұстайтын түркі көшпелі тайпалары қолдады. Бұл тайпалар 12 қызыл сызығы бар шалма орағаны үшін қызылбастар деп аталды. 1499 жылы қызылбастар өздерінің билеушісі етіп Исмайл Сефевидті жариялады. Солтүстік Азербайжанды, Ширванды, 1502 жылы Тебризді бағындырып, ол өзін Иранның шахиншахы деп жариялады. Осылайша қызылбастардың Сефевидтер мемлекеті құрылды (1502-1736 ж.ж.).
2. Сефевидтер мемлекетінің ішкі-сыртқы саясаты. Аббас шах т‰сындаѓы г‰лденуі.
ХVІ ғасырдың басында сефевид билеушілері бүкіл Иран жерлерін біріктіру үшін, жаңа территорияларды басып алу үшін соғыстар жүргізді. Исмайл шах тұсында (1502-1524 ж.ж.) бүкіл батыс Иран бағындырылды. Қызылбас әскерлері Бағдатпен қоса Иракты бағындырып, жергілікті шейттердің қасиетті орындарына (Кербела мен Неджеф) бақылау орнатты. Шығысында өзбектермен соғыс жүргізіп, 1510 жылы қызылбастар Мерв түбінде Шайбани ханның әсерін талқандап, Хорасанда бекіді.
Сефевидтер батысында Осман түріктерімен бай жерлерді иелену, әскери пайданы қазынаға және әскери-феодалдық ақсүйектерге түсіп отыруын қамтамасыз ету үшін ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Соғыс негізінен Кавказ бен Бағдад арқылы өтетін сауда жолы үшін таластан туындады. 1514-1555 жылдары жүргізілген әскери қимылдар Амасье бейбіт келісімімен аяқталды. Келісім бойынша: Сефевидтер Месопатамиядағы, Батыс Грузиядағы, Армениядағы иеліктерінен айырылды.
1587 жылы 17 жасар Аббас қызылбас хандарының қолдауымен таққа отырды. Аббас шах жас болса да қызылбастардың қолшоқпары болудан бас тартты. Ол күшті мемлекеттік билікті қолдаған азаматтық бюрократияға, шейіт дін басыларына, отырықшы иран ақсүйектеріне және ұсақ феодалдарға арқа сүйеді. Бұлардың барлығы көшпелі қызылбас феодалдарының билігінен зардап шегіп жүрген болатын.
1576-1587 ж.ж. Сефевид мемлекетіндегі дағдарысты пайдаланған түріктер Азербайжан мен Иракты жаулап алған болатын. Ал шығысында өзбектер бүкіл Хорасанды, Мешхед пен Гератты қоса басып алған еді. 1590 жылы І Аббас түріктермен келісім жасады. Келісім бойынша: Иран Шығыс Грузияның, Шығыс Арменияның, Күрдістанның, бүкіл Азербайжанның Туркияға қосылғанын мойындады. І Аббас ел ішіндегі наразылықтарды жеңіп, 1597 жылы өзбек хандарын талқандап Нишапур, Мешхед, Герат пен Мервті қосып алды.
Ішкі және сыртқы саясаттағы алғашқы жеңістерден соң шах билікті орталықтандыру ісіне кірісіп кетті. Мемлекетті нығайту үшін бірқатар реформалар жүргізді. Реформалар негізінен мына салаларды қамтыды:
-
әскери қайта құрулар;
-
әкімшілік реформалар;
-
ақша реформасы;
-
жер-салық реформасы;
1598 жылы І Аббас астананы Казвиннен Исфаханға көшірді. І Аббас өте қатал ішкі саясат жүргізді. Көтерілістерді аяусыз басып отырды. Қызылбастардың текелі руын түгелдей қырып жіберді. Пайдасыз әскербасыларды, тіпті бір баласын өлтіруге, екі баласын соқыр етуге дейін бұйрық берген. Өз немересін, тақ мұрагерін апиынмен улап өсірді. І Аббас Иран тарихындағы өте ірі саяси қайраткерлерінің бірі болып есептеледі.
3. І Аббас өлімінен кейінгі Сефевидтер мемлекеті. Европалықтардың келуі. Абасстан кейін таққа немересі Сефи І (1629-1642 ж.ж.) отырды. Оның тұсында билік оның кеңесшілерінің қолына өтті. Ол таққа отырысымен І Аббастың жарлықтарының барлығын жоққа шығарды. Елде репрессиялар жүргізе бастады. Бұны пайдаланған осман-түріктері тез арада жаңа соғыс бастады. Нәтижесінде Сефевидтер бағдаттан, Ирактан түгелдей қол үзді. 1639 жылы келісім жасады. Иран мен осман империясының территориясы қазіргі күндегісіндей болып бекітілді. Ал шығысында Ұлы Моғолдар империясымен Ауғаныстан үшін соғыс жүргізді.
ІІ Аббас шах ішкі, тек сарай қызықшылығымен уақыт өткізді. Оның тұсында орталық билік әбден әлсіреді. Суғару жүйелері жұмысын тоқтатып, қазнаға түсетін кіріс тоқтады. Ал Сүлеймен тұсында (1667-1684 ж.ж.) шах ешқандай мемлекеттік қызмет атқарған жоқ. Елде көтеріліс көбейіп кетті. ХVІІ ғасырдың 20-жылдарында Иранға Ауғанстан әскері шабуыл жасады.
Парсы шығанағына ашық жаулап алуға келген алғашқы отаршылдар португалдықтар борлды. 1507 жылы олар Ормуз аралын басып алды. ХVІ ғасырдың 60-жылдарында ағылшын теңіз компаниясының сауда агенттігі үлкен еңбекпен Ширван территориясында еркін сауда жасауға құқық алды және Шемахада сауда факторияларын ашты. ХVІІ ғасырда Иранға ағылшын Ост-Инд компаниясы келе бастады. 1616 жылы шах ағылшын көпестерімен жақсы қарым-қатынас жасап тұруға жарлық шығарады. Келесі жылдан Исфахан мен Ширазда ағылшын сауда факторияларын ашуға рұхсат берді. Ағылшындарға елде қару ұстап жүруге, діни дәстүрлерін атқаруға рұхсат берді. Иран жібегін сату ағылшындарға көп пайда келтірді. Ағылшындар иран жібегіне монополия орнатуға тырысты.
Лекция 18
Тақырыбы: ‡ндістан ¦лы Моѓолдар империясы т±сынды
1. Солтүстік Үндістанға Бабырдың басып кіруі. Ұлы моғолдар империясының құрылуы.
2.Акбар тұсындағы Ұлы Моғолдар империясы.
3. Ұлы Моғолдар империясының әлсіреуі және европалықтардың келуі.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. История Индии в средние века М.,1967.
10. Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.
11. Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.
12.Касты в Индии М.,1965.
13. Бабур З.М. Бабур-нама. А.1996.
14.Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М.,1990.
1. Солтүстік Үндістанға Бабырдың басып кіруі. Ұлы моғолдар империясының құрылуы. 1526 жылы Ауғанстаннвың таулы өткелдері арқылы Үндістанға Темірдің шөбересі әмір Бабыр басып кірді. Алдан Бабыр Самарқанның билеушісі болды, бірақ ол жерден жергілікті феодалдар қуады. Мауерераннахрдан қуылғаннан кейін Бабыр Ауғаныстанды және Шығыс Иранды (Хорасан) жаулап алды. Кабул мен Газна қалалары Бабырға қарады. Бабыр осы жерден Солтүстік Үндістанға жорық жасады. 20 мыңдық әскері негізінен түріктерден, хорасандықтар мен ауғандардан құралды. Үндістан үшін шешуші шайқас 1526 жылы 21 сәуірде болды Бұнда Делидің соңғы сұлтаны Ибрагим өлтірілді. Бабыр Делиді бағындырып Үндістанның императоры деп жариялады. 1527 жылы Солтүстік Үндістанның мұсылман және үндіс княздары бірігіп, Рана Санга басшылығында 100 мыңдық әскер құрып, Бабырға қарсы шығады. Бірақ Канваге шайқасында одақтастар жеңіліс табады. Келесі жылда Бабыр Бихан мен Бенгалияны бағындырды. Солтүстік Үндістан, Ауғаныстандағы оның иеліктерінде Ұлы Моғолдар империясы деп аталған жаңа мемлекет құрылды. Бабыр мүрагерлері кезеңінде Ұлы Моғолдар империясы билігі оңтүстік және орталық Үндістанға да тарады. Ұлы Моғолдар империясы XV-XVII ғасырларда ірі державаға айналды. Діни жағынан Ұлы Моғолдар империясының тұрғындары екіге бөлінді. Бірі мұсылман, екіншісі индуизм болды. Ұлы Моғолдар империясындағы аграрлық қатынастар алдыңғы күйінде қалды. Моғолдар жоғарғы егесі болды. 1530 жылы таққа Бабырдың баласы Хумаюн отырған соң орталық үкімет біраз әлсіреді. Өз інілеріне енші иеліктер бөліп беруі моғолдық билеуші топ арасындағы қырқыстарға әкеп соқты. 1537 жылы Хумаюнға қарсы көтерілісіті Бихарлық ұсақ феодал Фарид басқарды. Хумаюн Фаридтен жеңіліп, Иранға қашты. Таққа Шер шах деген атпен Фарид отырды (1539-1545ж.ж.). Фарид қоғам талабына сай өзгерістер енгізді. Бұкіл ел кішігірім әкімшілік парганадарға бөлінді. Ол орталықтың бақылауын күшейтті. 1545 жылы Шершах өліп, Хумаюн сол жылы Кабулды, Кандагарды басып алады. 1554 жылы Үндістанға басып кіріп, қайтадан таққа отырды. Хумаюн 1556 жылы өөзінің астрономиялық обсерваториясында текпешектен құлап өлді. Шах деп оның 13 жасар баласы Акбар жарияланды.
2.Акбар тұсындағы Ұлы Моғолдар империясы. Акбар тұсында (1556-1605ж.ж.) Ұлы Моғолдар империясының шегарасы кеңейді. Оның құрамына шығыс пен оңтүстікте Бенгалия, Орисса, Гуджарат, Кашмир провинциялары, Хандеши сұлтандығы мен Ахмеднагар енді. Солтүстікте Ираннан тартып алынған маңызды сауда орталығы Кандагар қаласын қосып алды. Акбардың алдыңғы билеушілерден ерекшелігі өзіне қызметке индус феодалдарын тартуы еді. Бұнымен қатар ол ндіс саудагерлеріне де жаұсы қатынаста болды. Оның түсында индуизмге табынғанды қудалау тоқтатылды, үндіс тұрғындары өте ауыр джизья жан басы салығынан босатылды. 1593 жылы дін сенімдегі еркіндікке байланысты жарлық шығарды. Алдын зорлап мұсылман дініне өткізілген индустардың барлығына дін еркіндігі берілді. Акбар тұсында да салық жүйесі реттелді. Акбардың жарлығы бойынша бүкіл Үндістанда жерді өлшеудің бірдей түрі енгізілді. Өте үлкен Ұлы Моғолдар империясы Акбар тұсында 15 провинцияға бөлінді. Провинцияларды шахтың наместниктері басқарды. Акбар үндістанның ирригациялық жүйесін кеңейтті. Акбардың барлық саясат мемлекетті орталықтандыруға, падишах билігін нығайтуға бағытталды. Бірақ ол феодалдық ортаның салт-дәстүрін, ру-тайпалық қатынастың, Үндістанның әлеуметтік құрылысын ескермей кете алмады. Сондықтан оның құрған басқару жүйесі өзінен алдынғы мұсылман билеушілернен мүлде басқа боды деу қиын. Орталық үкімет 3 ведмостваға: әскери, қаржы және сот бөлінді. Ведмоствалар түгелдей падишахтың және оның қасындағы кеңесшілерінің бақылауында болды. Акбар тұсында көптеген құрылыстар салынып, астанасы Дели сол кездегі қалалардың ішіндегі ең үлкен, ең гүлденген қалалардың біріне айналды.
3. Ұлы Моғолдар империясының әлсіреуі және европалықтардың келуі. Акбардан кейін таққа 1605-1628 ж.ж. Джахангир отырады. Ол өте қатал адам болған. Бірақ уақыт өте келе шарап пен нашақорлыққа беріліп кетеді. Ол түнде қанды бұйрықтар бергенін азанда білмей таң қалатын болды. Мемлекеттік істерді оның сүйікті әйелі Нур-Жахан қолына алады. Солтүстік Үндістанда Мевар ражпут княздығы мен Бенгал заминдарлары бағындырылса, ал Ассам княздығын бағындыру монғол әскерінің жеңілісі мен аяқталды. Деканда Жахангир Ахмеднагар мен соғыс жүргізіп, жеңілістен соң Голконда мен Биджапурден айырылды. Иран шахы І Аббас Кандагарды жаулап алды. Тақ мұрагері Шах-Джахан тақтың өзінен тимей қалуынан қорқып ікесіне қарсы көтеріліске шықты. Шах – Джахан өз провинциясы Гуджараттан әскер жинап шабуылға шығып, бірақ жеңіліс тауып, Деканға қашып кетті. Кездейсоқ әкесі қайтыс болды да Шах-Джахан таққа отырды. Таққа талас болмау үшін барлық аға-інілерін, туысқандарын өлтіруге бұйрық берді. Шах-Джахан тұсында (1628-1658 ж.ж.) Ұлы Моғолдар империясы күшейіп, Ахмеднагар мен Биджапурды басып алды. Галконда салық төлеп тұрды. Соғыста жеңуіне Декан мен Гуджараттағы ашаршылық, феодалдық алауыздықтар себеп болды.
1658 жылы қарт Шах-Джахан ауырады да, оның балаларының арасында 3 жылға созылған таққа талас басталды. Осы соғыста ағаларын өлтіріп, Аурангзеп (1658-1707 ж.ж.) жеңіске жетеді. Ұлы Моғолдар империясының құлауы басталды.
Аурангзеп өлімнен кейін Ұлы Моғолдар империясы ыдырап кетті. Үндістанда феодалдық бытыраңқылық орын алды. Мұны Европа отаршылдары пайдалана білді. Үндіс раджалар мен княздардың өзара қырқысуына араласа отырып, олар Үндістандағы иеліктерін кеңейте түсті. XV-XVI ғасырлардағы Үндістандағы негізгі отаршылдар Үндістанның оңтүстік-батыс жағалауындағы Малабарда нығайып алған португалдықтар еді.
№1 тақырып
Шығыс пен батыс елдеріндегі ортағасырлардағы феодалдық қатынастардың ерекшеліктері.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Орта ғасырлар тарихы пәні /медевистика/, мақсаттары мен міндеттері.
2. Феодализмнің қалыптасуы мен дамуы.
3. Шығыс феодализмінің ерекшеліктері.
4.Орта ғасырлар дәуірінің түпдеректері
5. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихының тарихнамасы
№2 тақырып
Ирандағы Сасанидтер мемлекеті
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Сасанидтер мемлекетінің құрылуы
2. Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуы
3.Манилер мен Маздакидтер қозғалысы
4. Хасров І Анашорван реформалары, сыртқы саясаты
5. Арабтардың басып кіруі, Сасанидтер мемлекетінің құлауы
№3 тақырып
Арабияның бірігуі.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. III-VI ғ.ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, діні, саяси тарихы
2. Мұхаммед және оның ілімі, Мұсылман дінінің бүкіл Аравияға таралуы.
3. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия. VII ғасырдағы азамат соғысы. Ислам діні бағыттарының қалыптасуы
4. Омеядтар мемлекетінің құрылуы әлеуметтік-экономикалық дамуы
5. Аббасидтер халифаты, ішкі, сыртқы саясаты. Халифаттың құлауы.
№4 тақырып
Жапонияда феодалдық қатынастардың қалыптасуы
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. ІІІ-VI ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
2.Сого әулетінің билікке келуі және ерте феодалдық жапон мемлекетінің құрылуы
3.Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы
4.Үлестік жүйенің қалыптасуы, Жапонияның сыртқы саясаты
№5 тақырып
III-XI ғасырлардағы Қытай
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1.Үш патшалық кезіндегі Қытайдың саяси тарихы
2. ІІІ-VI ғ.ғ. Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық құрылысы.
3.Суй империясы кезіндегі Қытай
4. Тан империясы кезіндегі Қытай
5.Қытай мәдениеті
№6 тақырып
III-X ғасырлардағы Корея
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1.Үш мемлекет кезіндегі Корея
2. Әлеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық құрылысы
3.Біртұтас Силла мемлекетінің құрылуы.
4.Үндіқытай түбегінде буддизмнің таралуы.
№7 тақырып
Ерте орта ғасырлардағы Үндістан
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1.Гуптар дәуіріндегі Үндістан
2.VI-XI ғ.ғ. Декан және ондағы феодалдық мемлекеттер.
3. Солтүстік Үндістандағы феодалдық мемлекеттер
4.Үнді княздіктеріндегі аграрлық қатынастар
5. Касталық жүйе және әлеуметтік құрылысы
№8 тақырып
X-XV ғ.ғ. Жапония.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1.X-XII ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы
2.Сегундық жүйенің қалыптасуы. Минамото сегунатының құрылуы.
3.Ходзе реформалары. Жапонияға Құбылайдың шапқыншылықтары.
4.Асикага сегунатының құрылуы және саяси тарихы
5. Ірі феодалдық иеліктердің қалыптасуы. Әлеуметтік-экономикалық дамуы.
№9 тақырып
X-XV ғ.ғ. Жапония.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. XII ғ. екінші жартысы мен XIII ғ. басындағы Монғолия. біртүтас монғол мемлекетінің құрылуы
2. Шыңғысханның жаулап алу жорықтары. Ұлыстардың құрылуы.
3. Монғолдардың Қытайды түгелдей бағындыруы және Батысқа жорығы.
4..Корей, Вьетнам, Бирма және Индонезия халықтарының монғол шапқыншылығына қарсы күресі.
5.Монғол шапқыншылығының орта ғасырлық Азия мен Европа елдерінің тарихындағы алатын орны.
№10 тақырып
X-XV ғ.ғ. Қытай.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Сун империясы кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық, саяси тарихы.
2. Ляо және Чжурчен-Цзинь империялары.
3. Қытайды монғолдардың басып алуы және Юань империясының құрылуы.
4.Юань әулетінің ішкі, сыртқы саясаты.
4. Монғолдарды елден қуу және Мин империясының құрылуы
5.Мәдениеті.
№11 тақырып
Х-XV ғ.ғ. Иран.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1.Саманидтер мемлекеті
2.Ғазнавидтер мемлекеті
3.Селжұқ жаулап алу жорықтар мен Селжұқ мемлекеті.
4. Иранға монғолдардың басып кіруі, Хулагидтер мемлекетінің құрылуы мен гүлденуі. Газанхан реформалары.
5.Иранға Әмір Темір шапқыншылығы
XV ғ.Иран.
№12 тақырып
X-XV ғ.ғ. Үндістан.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. XI-XII Үндістандағы саяси жағдай
2.Үндістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
3.Дели сұлтандығының құрылуы және оның саяси-мемлекеттік құрылысы.
4. Аграрлық қатынастар. Алау-ад-Дин Құлжа, М. Тоғалақ түсындағы Дели сұлтандығы.
5. Әмір Темірдің Үндістанға шапқыншылығы. Виджаянгар және Бахмани мемлекеті.
№13 тақырып
XI-XV ғ.ғ. Туркия
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Осман бейлігінің құрылуы
2.Осман-түріктердің Балқан түбегін
жаулап алуы./І Мұрад, Баязид сұлтандар/
3.Осман мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық құрылысы
4. ІІ Мехмед тұсындағы Осман империясы. Константинопольдың құлауы
5.Осман-түрік мәдениеті
№14 тақырып
Кейінгі орта ғасырлардағы Жапония
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Соғысушы провинциялар кезіндегі Жапония.
2.Жапонияны біріктіру жолындағы күрес. Токугава сегунатының құрылуы.
3.Капиталистік қатынастардың қалыптаса бастауы. Әлеуметтік-экономикалыќ дамуы, қоғамдық құрылысы.
4.Токугава сегундарыныњ ішкі, сыртќы саясаты
№15 тақырып
XVI-XVII ғ.ғ. Осман империясы
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Осман империясының қоғамдық құрылысы.
2. І С‰леймен с±лтан т±сындаѓы Осман империясы, реформалары.
3. Антифеодалдық қозғалыстар мен көтерілістер.
4.Осман империясының сыртќы саясаты. Түрік-Ресей қатынастары.
5.Осман империясының XVII ғ. І-жартысындағы сыртқы саясаты.
№16 тақырып
Қытайдағы феодалдық қатынастардың ыдырай бастауы.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1.XV-XVII ғ.ғ. Ќытайдыњ єлеуметтік-экономикалыќ дамуы
2. 1639-1646 жылдардағы шаруалар соғысы
3. Қытайда манчжурлардың Цинь империясының құрылуы.
4. Ќытайѓа европалыќтардыњ келуі.
5. XV-XVII ғ.ғ. Қытай мәдениеті.
№17 тақырып
Кейінгі орта ғасырлардағы Иран.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Сефевидтер мемлекетінің құрылуы. Мемлекетті құрылысы.
2. XV-XVII ғ.ғ. Иранныњ єлеуметтік-экономикалыќ дамуы
3. Сефевидтер мемлекетінің Аббас шах т‰сындаѓы г‰лденуі
4.Сефевидтердіњ сыртқы саясаты.
5. XVI-XVII ғ.ғ. Иран мәдениеті.
№18 тақырып
‡ндістан ¦лы Моѓолдар империясы т±сынды
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Оңтүстік Үндістанға Европалықтардың келуі.
2. Солтүстік Үндістанға Бабырдың басып кіруі. Ұлы моғолдар империясының құрылуы.
3.Әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қоғамдық құрылысы.
4.Акбар тұсындағы Ұлы Моғолдар империясы.
5.Антифеодалдық қозғалыстар. ¦лы Моѓолдар империясыныњ ыдырауы
Семинар сабақтарына қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
-
История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
-
Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
-
Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
-
Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
-
История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
-
История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М.,РАН-1998.
-
Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М.,1980.
-
История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
-
С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
-
Феномен восточного деспотизма. Структура управления и власти. М.,1993.
-
История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
-
Васильев Л.С. История религии Востока. М.,1988.
-
Дьяков И.М. Пути истории. М,1994.
Қосымша:
-
История Индии в средние века М.,1967.
-
Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.
-
Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.
-
Касты в Индии М.,1965.
-
Бабур З.М. Бабур-нама. А.1996.
-
Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М.,1990.
-
М.Большаков История Халифата 3-томах. М.,2001.
-
Негря А.В. Общественный строй Северной и Центральной Аравий в V-VII в.в. М.,1981.
-
Жуков Е.И. История Японии. М.,1969.
-
История Японии (с древнейших времен до наших дней) М.,1988.
-
История Японии. 2-х томах.Т-І М.,1998.
-
Воробьев М.В. Япония в ІІІ-VII в.в.: Этнос, общество, культура и окружающий мир. М.,1980.
-
Волков С.В. Ранняя история буддизма в Корее. М.,1985.
-
Ванин Ю.В. Аграрный строй феодальной Кореи. М., 1981.
-
История Кореи(с древнейших времен до наших дней). Т.1.М.,1974.
-
Османская империя: государственная власть и социально-политическая структура (XIII-XVIII ғ.ғ.) 1990 г.
-
Миллер А.Ф. История Турции. М.,1969.
-
Новичев А.Д.История Турции. Т.1-3 Л.,1963.
-
Курпаладис Г.М. Государство Великих Селджуков. М.,1992.
-
Еремеев Д.Е., Майер М.С. История Турции в средние века и новое время. М.,1992.
-
История Ирана с древнейших времен до XVII века. М.,1968
-
История Иранского государство и культуры. М.,1971.
-
Луконин В.Г. Древний и средневековый Иран. М.,1987
-
Колесников А.И. Завоевание Ирана арабами. М.,1982.
-
Березин Э.О. Юго-Восточнная Азия в XIII-XVI в.в. М.,1982.
-
История Кампучии: краткий очерк. М., 1981.
-
Сафранова А.Л. История Шри-Ланки в древности и средние века. М., 1987.
-
Буддизм, государство и общество в странах Центральной и Восточной Азии в средние века. М.,1982.
-
Березин Э.О. История Тайланда. М., 1974.
-
Можейко Ю.В., Узянов А.Н. История Бирмы (краткий очерк). М.,1973.
-
Э.Хара-Даван. Чингис-хан как полководец и его наследие. А.1992.
-
Э.Д’Оссон. От Чингисхана до Темерлана. А.1997.
-
История Монгольской Нородной республики. 2изд.М.,1967.
-
Х.Даван. Монғолдың құпия шежіресі. А.,2000.
-
История Китая с древнейших времен до наших дней. М.,1974.
-
Бокшанин А.А. Китай и страны южных морей в XIV-XVI в.в. М.,1968.
-
Китай: между прошлым и будещем. М.1999.
-
Заборов М.А. Крестоносцы на Востоке. М.,1980.
-
Семенов Л.А. Из истории средневековой Сирии. М.,1990.
-
Семенов Л.А. Из истории фатимидского Египта. М.,1984.
Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары
(СӨЖ)
Ð/ñ
|
Òàºûðûïòàðû
| әдебиеттер |
1
|
Шығыс елдеріндегі феодалдық қатынастардың ерекшеліктері
| -
История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
-
Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
-
Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
-
Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
|
2
|
Орта ғасырлардағы Ислам өркениетінің қалыптасуы.
| -
М.Большаков История Халифата 3-томах. М.,2001.
-
Негря А.В. Общественный строй Северной и Центральной Аравий в V-VII в.в. М.,1981.
-
Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М.,1980.
4. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
|
3
|
Үндістандағы діни ағымдар және касталық құрылыс.
| -
История Индии в средние века М.,1967.
-
Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.
-
Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.
-
Касты в Индии М.,1965.
|
4
|
Орта ғасырлық Азия мен Европа елдері үшін монғол шапқыншылығының тигізген саяси әсері.
| -
Э.Хара-Даван. Чингис-хан как полководец и его наследие. А.1992.
-
Э.Д’Оссон. От Чингисхана до Темерлана. А.1997.
-
История Монгольской Нородной республики. 2изд.М.,1967.
-
Х.Даван. Монғолдың құпия шежіресі. А.,2000.
|
5
|
Қытайды монғолдардың жаулап алуы және Мин империясы.
| -
История Китая с древнейших времен до наших дней. М.,1974.
-
Бокшанин А.А. Китай и страны южных морей в XIV-XVI в.в. М.,1968.
-
Китай: между прошлым и будещем. М.1999.
|
6
|
Египеттегі мамлюктер мемлекеті.
| -
Семенов Л.А. Из истории фатимидского Египта. М.,1984.
-
Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
-
История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
-
История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М.,РАН-1998.
|
7
|
Кіші Азиядағы селжұқтар мемлекеті.
| -
Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
-
История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
-
История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М.,РАН-1998.
-
Курпаладис Г.М. Государство Великих Селджуков. М.,1992.
-
Еремеев Д.Е., Майер М.С. История Турции в средние века и новое время. М.,1992.
|
8
|
Ирандағы Ақ қойлы және Қара қойлы мемлекеті
| -
История Ирана с древнейших времен до XVII века. М.,1968
-
История Иранского государство и культуры. М.,1971.
-
Луконин В.Г. Древний и средневековый Иран. М.,1987
-
Колесников А.И. Завоевание Ирана арабами. М.,1982.
|
9
|
Әмір Темір шапқыншылығы және оның тарихи маңызы
| -
История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
-
Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
-
Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
-
Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
|
10
|
XV-XVII ғ.ғ. Моңғолия. Тәуелсіз Жоңғар /Дүрбін-Ойрат/ мемлекеті.
| -
История Монгольской Нородной республики. 2изд.М.,1967.
-
История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
-
Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
-
Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
|
11
|
Үндістандағы Ұлы Моғолдар империясы. Акбар тұсындағы оның күшейуі.
| -
История Индии в средние века М.,1967.
-
Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.
-
Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.
-
Касты в Индии М.,1965.
|
12
|
Кейінгі орта ғасырлардағы Осман империясы. Сүлеймен І реформалары.
| -
Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
-
История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
-
История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М.,РАН-1998.
-
Еремеев Д.Е., Майер М.С. История Турции в средние века и новое время. М.,1992.
|
13
|
Ирандағы Сефевидтер мемлекеті. Аббас шах түсындағы оның гүлденуі.
| -
История Ирана с древнейших времен до XVII века. М.,1968
-
История Иранского государство и культуры. М.,1971.
-
Луконин В.Г. Древний и средневековый Иран. М.,1987
-
Колесников А.И. Завоевание Ирана арабами. М.,1982.
|
14
|
Кейінгі орта ғасырлардағы Оңтүстік-Шығыс азия елдері
| -
Березин Э.О. Юго-Восточнная Азия в XIII-XVI в.в. М.,1982.
-
История Кампучии: краткий очерк. М., 1981.
-
Сафранова А.Л. История Шри-Ланки в древности и средние века. М., 1987.
-
Буддизм, государство и общество в странах Центральной и Восточной Азии в средние века. М.,1982.
-
Березин Э.О. История Тайланда. М., 1974.
-
Можейко Ю.В., Узянов А.Н. История Бирмы (краткий очерк). М.,1973.
|
Достарыңызбен бөлісу: |