№
|
Тақырыбы және қысқаша мазмұны
|
Аудит. сағат саны
|
Қолданылатын әдебиет
|
1
|
Еркін бірлестік, мойындау императивтері.
-
Еркін бірлестік императивы.
-
Мойындау императивы.
|
1
|
1.2.3.4.5.
|
2
|
Мүмкіншілік, түрлілік императивтері.
-
Мүмкіншілік императивы.
-
Түрлілік императивы.
|
1
|
.12.3.4.5
|
3
|
Нақты сектор, тұрақтылық, гуманизм, екіесе жауапкершілік императивтері.
-
Нақты сектор императивы.
-
Тұрақтылық императивы.
-
Гуманизм императивы.
-
Екіесе жауапкершілік императивы
|
1
|
1.2.3.4.5.6.
|
4
|
Ауыр жауапкершілік, жақындау, қоршаған орта, қысқарту императивтері.
-
Ауыр жауапкершілік.
-
Жақындау императивы.
-
Қоршаған орта императивы.
-
Қысқарту императивы.
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.
|
5
|
Қоғамдық игіліктер мен қызметтер.
-
Мемлекеттің басты шаруасы.
-
Қоғамдық игіліктер мен қызметтерге жалпы сипаттама.
|
1
|
1.2.3.4.5.8.9.
|
6
|
Х. Ламперт бойынша қоғамдық игіліктердің тұрлері.
-
Әлеуметтік.
-
Тиесілі.
|
1
|
1.2.4.5.8.7.9.6.
|
7
|
Фрирайдерство мәселесі..
-
«Қояндар» мәселесі.
-
Америка Құрама Штаттарының билік органдары қоғамдық игіліктердің берілуін қамтамасыз етуі..
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.8
|
8
|
Меншік түрлері.
-
Жеке меншік.
-
Мемлекеттік меншік.
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.8
|
9
|
Мемлекеттік меншік.
-
Мемлекеттік меншіктің сипаттамасы.
-
Мемлекеттік меншік түрлері.
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.8
|
10
|
Жаһандану процессі.
-
Жаһандану мағынасы.
-
Жаһандану процессінің кемшіліктері.і
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.8
|
11
|
Қазақстандағы кәсіпкерлік.
-
Кәсіпкерліктің жалпы мағынасы.
-
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында іс-шаралар.
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.8
|
12
|
Мемлекеттік кәсіпкерлік.
-
Мемлекеттік кәсіпкерлікке жалпы сипаттама.
-
Кәсіпорын түрлері.
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.8
|
13
|
Мемлекет илегіндегі кәсіпорындар.
-
Мемлекеттік кәсіпорындардың қажетілігі.
-
Мемлекет құқығы.
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.8
|
14
|
Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы.
-
Қазақстанда шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауна қатысты шаралар.
-
Қазақстанда шағын кәсіпорындар одағы.
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.8
|
15
|
Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибе.
-
Шағын және орта бизнестің рөлі.
-
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар салалардағы басым рөлі.
|
1
|
1.2.3.4.5.6.7.8
|
Лекция №1. Еркін бірлестік, мойындау императивтері.
Жоспар:
-
Еркін бірлестік императивы.
-
Мойындау императивы.
Экономикалық нарықтың жаңартылған болжамдарын жасау үшін 13 императивін ұсынып көрейік.
Императив – талап, заң, бұйрық деген мағынаны білдіреді.
Еркін бірлестік императивы. Әр бір экономикалық жұйе сәтсіздіктерден сақтандырылмаған, оларды біз кутілмеген іс-әрекеттер арқылы болған сәтсізоқиғалар деп айтамыз. Олардың барлығы апатты ықтималдық зиянмен өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан бұндай жағдайларды болдырмауда еркін бірлесу ұқғымы керек болады. Саясий шешімдер қаржы нарықтарын еркін бірлесуін құруға, сүйенуге бағытталуы тиіс. Онда барлық мемлекеттер өзінің жекешелігін ғана сақтап қалмай қоршаған ортаға икемделуі керек.
Бұл императивтің қызмет ету процессінің мысалы - БҰҰ (ООН), 24 қазан айының 1945 жылда 51 мемлекеттен құрылған, әлемде тыныштық сақтау үшін халықаралық қызметтестік арқылы және ұжымдық қауіпсіздікті қамтаасыз ету мақсатында. Қазіргі кунде БҰҰ мушелері болып 185 мемлекет саналады.
БҰҰ мүшесі болғанда мемлекет БҰҰ жарғысында қойылған міндеттерді қабылдайды. Ол міндеттер халықаралық келісімшарт болып, онда халықаралық қатынастардың негізгі принциптері карастырылған. Жарғыға сәйкес БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты қуалайды:
-
Халықаралық тыныштық пен қауіпсіздікті қолдау;
-
Ұлттар арасында достық қатынастарды дамыту;
-
Адам құқығын құрметтеуінмадақтауда, халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық қызметтестікті іске асыру.
-
Мақсаттарды орындауда ұлттар іс-әрекетін уйлестіруде орталық болу.
Бұл императив мемлекеттердің ұйымдардың, партиялардың бірлесуін қарастырып, ондағы негізгі принцип – еркін негізінде бірлесу.
Мойындау императивы. Саясий қайраткерлер көбінесе адасудың 2 тұрінен азаптанады: 1 – бағыттарды, сигналдарды, моделдерді жоқ жерде көру; 2 – бар жерде оларды көруден бас тарту. Осы екі қателікті мойындау: көрсеңде – жаман, көрмесеңде – жаман , біз мойындау императивы деп атаймыз.
Лекция № 2. Мүмкіншілік, түрлілік императивтері.
Жоспар:
-
Мүмкіншілік императивы.
-
Түрлілік императивы.
Мүмкіншілік императивы. Әр бір саясат қоршаған ортаның бағыттарын қабылдағанда немесе қоршаған ортаға қарулануды көздесе 2 қатеге жол ұстайды:
-
бағыттар және моделдер өз табиғатында жасырынқы болады;
-
ондай позиция саясаттың негізгі мақсаттарының бірі қоршаған ортаға үйренуді мойындамайды.
Бейімделу моделі нарықта өз алдына қызметтердің керксіздігін қорсетуіне қолайлы. Халықаралық сахнада жағдайларды құрұда жеке мемлекеттердің саясий араласуына сабырлы сенім арқылы жетуін көздейміз. Бұл императив – мүмкіншілік императивы.
Мүмкіншілік императивы мемлекеттердің макроэкономикалық саясатшылары әлем экономикасына шамалы әсері болмасада, бірлескен күштер арқылы олар маңызды болуы мумкін мемлекеттерде орнын табады.
Қөп мемлекеттерде, әсірісе экономикасы төмен дамыған елдерде, бірлесу басқа кұшті мемлекетке қарсы туруда пайдалы. Мысалы, ислам мемлекеттер одағы Иран жетекшілігі арқасында Батысқа, әсіресе АҚШ-қа қарсы туру үшін бірлескен.
Тағыда бір аспектті айтып кетейік, бұл экономиканы глобализация мәселесі. Әлемдік мөлшерде экономика ұлттық нарықтарды қамтуға, бір глобал нарыққа біріктіруге тырысады.
Бұл императивті пайдаланудың басқа аймағы – стандарттарды үйлестіру мақсатында бейімделу шығындарын азайту, әлем нарығына кіруде кедергілерді жойып тастау.
Түрлілік императивы Барлығымызға белгілі, оңайлатылған, жеңілдетілген модельдерге өткен жұйе өте жанды, сезімтал болады. Қаржы жұйесінің толық құлдырау тәуекелін азайтуда ең жақсы стратегия – үлкен бірлескен фондтарды қамтамасыз етуде таңдау үшін нарық формалаларының түрлілігін қамту кепілі.
Түрлілік императивы нарық тұрлерінің түрлілігін теориялық ақтауда жоғары бағаға талаптанып отыр.
Нарық формасының екі карама-қайшылы тұрі белгілі – эміршілік-әкімшілік және нарық экономикасы.Тағыда бір тұрі - аралас экономика. Біз соны білуіміз керек, жоғарыда аталған формалардың ешқайсысы таза тұрде болдмайды.
Лекция № 3. Нақты сектор, тұрақтылық, гуманизм, екіесе жауапкершілік императивтері.
Жоспар:
-
Нақты сектор императивы.
-
Тұрақтылық императивы.
-
Гуманизм императивы.
-
Екіесе жауапкершілік императивы
Нақты сектор императивы. Бұл императивтің мақсаты – қауіптерді анықтау.
Тұрақтылық императивы. Спекуляция – құнды қағаз нарығында ойындың атауы. Тұрақтылық императивы – спекуляцияны тоқтату.
Гуманизм императивы. Жаңа әлемдік тәртіптің анық болашағы, экономикалық интеграцияның көтерінкі толқыны, әлеуметтік әділет, адамзат байлығы гуманизм императивіне тиісті. Бүндай саясий императивтің нәтижесі өзіні байыту мақсатында қоршаған ортаны пайдаланып әлемде кедейшіліқті тұгызған мемлекеттердеәлеуметтік жауапкершілікті құруда.
Екіесе жауапкершілік императивы. Жауапкершілік – екі соңы бар таяқ десек қателеспейміз. Кейбір мемлекеттерге тұрақты саясий шешім қабылдау керек: бұл принципті біз екіесе жауапкершілік императивы деп атаймыз.
Лекция № 4. Ауыр жауапкершілік, жақындау, қоршаған орта, қысқарту императивтері.
Жоспар:
-
Ауыр жауапкершілік.
-
Жақындау императивы.
-
Қоршаған орта императивы.
-
Қысқарту императивы.
Ауыр жауапкершілік императивы. Әлемдік қатынастарда саясий өзгерістер кездесойқ болуы мұмкін емес. Брлық жерде әділет пен теңдік қайшылықта тұрған. Мысалы, БҰҰ бюджетінің жарты бөлігінен көбін АҚШ құраса, сонымен бірге оның құқығы басқа кедей, кіші мемлекеттерімен бірдей.
Жақындау императивы. Жақындау императивінде географиялық жақындауды ғана түсінбей, кең мағынада әрі мәдений, институционалды, саясий өлшемдерді жақындатуды түсіну керек.
Қоршаған орта императивы. Капитализм салдары үлкен көлемдегі индустриализациямен байланысты болып, қошаған ортаны бұзылуына акеліп соқты. “Егерде экономикалық күштер зиян алыпкелуге құқылы болса, онда олар өңдеуге де құқы бар шығар?”- деген сұрақ пайда болады.
Бұл императивтің маңыздылығы жылдан жыға өсуде. Ол әлемдік көлемде экономикалық, саясий, әлеуметтік интеграцияны және әртұрлі кеден, салық, валюталық, басқада кедергілерді жоюға түсіндіреді.
Қысқарту императивы. Бұл императивтің мағынасы – нарық тиімділігін арттыру. Халықаралық экономика және қаржы мәселелерінде саясий қайраткерлер қолдануында екі перспектива болуы мұмкін. Біріншісі – тапшылық перспективасы, еркіндік перспективасы.
Лекция №5. Қоғамдық игіліктер мен қызметтер.
Жоспар:
-
Мемлекеттің басты шаруасы.
-
Қоғамдық игіліктер мен қызметтерге жалпы сипаттама.
1997жылы «Д‰ние ж‰зілік даму туралы есеп беруде” кез-келген мемлекеттіњ басты шаруасы, бес іргелі міндетті орындауѓа негізделгендігі туралы айтылып, бүгінгі күнге тән басты мәселе - кедейлікті ќысќарту. Онсыз т±раќты даму м‰лкін еместігі барлығымызға құпия емес. Олар:
-
Зањдылыќ негіздерді бекіту ;
-
Б±лжымас, тепе-тењ саяси жаѓдайдыњ болуын ќамтамасыз ету, сондай-аќ б±ѓан микроэкономикалыќ т±раќтылыќты ќамтамасыз етуді ќосуѓа болады;
-
Базалыќ єлеуметтік ќызметтер мен инфраќ±рылымды ќаржыландыру;
-
Халыќтыњ ќорѓансыз тобына ќолдау кµрсету;
-
Ќоршаѓан ортаны ќорѓау.
Ќалыпты жєне т±раќты дамуды ќамтамасыз ету ‰шін, мемлекет ќоѓамдыќ ќатынастарды єрќашан да баќылап отыруы тиіс. Зањсыздыќ кµп жаѓдайда маргиналдану ќ±былысымен байланысты болып келеді: µмір жолыныњ шетіне шыѓып ќалѓан адамдарѓа зањды б±зу олар ‰шін кµпшіліктіњ назарын аударудыњ жалѓыз амалы ретінде кµрінеді. Мемлекеттік саясат экономикалыќ µсімніњ жемісін єділетті т‰рде бµлуді ќамтамасыз етуге, кедейлік пен тењсіздіктіњ азаюына тек ‰кіметтіњ µз ќызметінде єлеуметтік негіздерді ќамтамасыз етуді µзініњ басты баѓыты ретінде белгілеп алѓанында ѓана ќол жеткізуіне болады.
Мемлекеттік саясат пен баѓдарлама жай ѓана экономикалыќ µсімге ѓана емес, сондай-аќ нарыќтыќ дамудыњ жемістерін єділетті т‰рде бµлуге де баѓытталуы тиіс. Олар єсіресе, инвестиция жолымен бастауыш білім мен денсаулыќ саќтауѓа бµлініп, жєне халыќтыњ м‰ліктік жєне жеке ќауіпсіздік ќандай да бір зияннан саќтандыруы тиіс.
Ќалай болѓанымен де м±ныњ бєрі ќоѓамдыќ игіліктер мен ќызметтерге жатады. Оларды µндіріп, бµлу мемлекеттіњ тікелей міндеті болып табылады. Ќоѓамдыќ игіліктер дегеніміз не? Б±л атаудыњ µзі кµрсетіп т±рѓандай, б±л игіліктер ќоѓамныњ µзіне тиесілі игіліктер.
Лекция № 6. Х. Ламперт бойынша қоғамдық игіліктердің тұрлері.
Жоспар:
-
Әлеуметтік.
-
Тиесілі.
Ламперт µзініњ “Єлеуметтік нарыќтыќ экономика: германдыќ жол” деген ењбегінде, м±ндай игіліктерді екі топќа бµледі. Олар: “єлеуметтік” немесе “ќоѓамдыќ” деп аталатын игіліктер жєне “тиесілі” деп аталатын игіліктер.
Жеке т±лѓамен байланысты (мысалы, киім-кешек), немесе белгілі бір топпен байланысты (мысалы, автомобиль, пєтер) болатын жеке пайдаланудаѓы заттарѓа ќараѓанда, ќоѓам игіліктері болып табылатын заттар тµмендегідей екі сипаттарымен ерекшеленеді:
-
Оларды пайдаланушыларѓа зиян тигізбестен бір т±лѓадан немесе бір топтан кµбірек адамдар пайдалануы м‰мкін;
-
Белгілі бір соманы төлеу туралы талапты ќою арќылы ешкімге затты пайдалауына тыйым салуѓа болмайды, себебі, затты пайдалануда шек болмауы м‰мкін.
Сондыќтан да, м±ндай игіліктер жеке т±лѓалар тарапынан ±сынылмайды. Ќоѓамдыќ игіліктер ретінде – полиция тарапынан болатын ќорѓауды, сотты, сыртќы ќауіпсіздікті немесе ќорѓаныс домбаларын атауѓа болады.
¦тымды игіліктердіњ екінші тобы – “тиесілі” игіліктерді жеке т±лѓалар да ±сына алуы м‰мкін. Алайда, б±л жаѓдайда саяси басшылыќтыњ жаѓдайды жеткілікті т‰рде баѓалай алмауына байланысты кµрсетілер ќызметтіњ кµлемі жеткіліксіз болып немесе оларды пайдалану шаѓын ѓана табысы бар топтарѓа ауыр соѓуы ыќтимал. Сондыќтан м±ндай игіліктерді тек мемлекет ќана ±сына алады немесе оларды сан жєне сапа жаѓынан тањдау мемлекеттіњ ыќпалында болады. М±ндай игіліктердіњ мысалы ретінде, білім жєне денсаулыќ саласындағы кеңселер, “єлеуметтік т±рѓын уй құрылысы” деп аталатын саланы атауѓа болады.
Нарыќтыќ ж‰йеніњ негізінде µндіріліп, жеке адам т±тынатын тауарлардыњ ќасиетін ќарастырып кµрейік. Жеке тауарлар бµлінеді, яѓни, олар жекелеген сатып алушылардыњ ќолына барып жету ‰шін, µте аз мµлшерде шыѓарылады. Сондай-аќ жеке т±тынудаѓы тауарларѓа мынадай ќаѓида ќолданылады: соѓан сай ќ±н тµлеуге м‰мкіндігі бар жєне тµлегісі келетін адамдар µнімді ала алады, ал тµлеуге м‰мкіндігі жоќ немесе тµлегісі келмейтін адамдар, тиімді т‰рде ќамтамасыз етілетін сол µнімдерді алушылардыњ ќатарынан шыѓарылады.
Тауарлар мен ќызметтердіњ белгілі бір т‰рлері мемлекеттік немесе ќоѓамдыќ игіліктер деп аталады. Нарыќтыќ ж‰йе оларды µндіруге ќ±қыќсыз, себебі, олардыњ ерекшіліктері жеке т±тыну тауарларыныњ ерекшеліктеріне ќарама-ќайшы болып келеді. Ќоѓамдыќ игіліктер бµлінбейді, олар ірі бірліктерден т±рѓандыќтан жекелкенген т±тынушыларѓа сатылмайды. Оларѓа артыќшылыќ ќаѓидасы ќолданылмайды, яѓни индивидтерді ќоѓамдыќ игіліктердіњ артыќшылыќтарын пайдаланудан шеттететін б±л жерде ешбір амал болмайды. Жеке т±тыну тауарларынан табыс алу оларды сатып алуѓа негізделеді, ол ќоѓамдыќ игіліктерден келер табыс ќоѓам ‰шін осындай µнімдерді µндіру нєтижесінде келеді.
М±нда, кемелерді ќауіпті жаѓалаудан саќтандырып т±ратын маякты жиі т‰рде мысалыѓа келтіруге болады. Маяктыњ ќ±рылысы, табыс мµлшері µндірістік шыѓындардан асып т‰скенде ѓана экономикалыќ жаѓынан негізделген болуы м‰мкін. Алайда, маякты пайдаланушылардыњ єрбіріне тиесілі табыс, осындай ірі, єрі бµлінбейтін µнімді сатып алуѓа кеткен шыѓынныњ орнын толтыра алмас еді. Маякты пайдалануѓа енгізгеннен кейін, оныњ белгі беруші жарыѓы, барлыќ кемелер ‰шін баѓыт сілтеуші болып табылады. Б±л жерде кейбір кемелерді маяктыњ жарыѓын пайдаланудан шыѓарып тастаудыњ ешќандай да тєсілі жоќ. Сондыќтан ќандай да бір кеменіњ капитанына кµмекке аќша тµлеудіњ ќажеті ќанша? Маяктыњ жарыѓы бєріне кµрінеді, егер де ол ‰шін тµленбесе кеме капитанына маяктыњ жарыќ белгісін пайдалануѓа тиым салуѓа болмайды. Адамдар белгілі бір µнімніњ пайдасын, сол µнімніњ µндірілуіне шыѓын шыѓармай-аќ пайдалана алады. Б±л жаѓдайда артыќшылыќ ќаѓидасы ќолданылмауы себепті, жеке кєсіпорын ‰шін нарыќќа маяктарды ±сынудыњ ешбір т‰сінігі болмайды. Маяктардыњ ќызметі баѓамен есептелмегендіктен, жекеменшік фирмалар ‰шін олардыњ ќ±рылысына ќаржы ж±мсаудыњ ешбір пайдасы жоќ.
¦лттыќ ќорѓаныс, ‰кіметтіњ рµлі басќамен алмастырылмайтын мысалдардыњ бірі болып табылады. Себебі, ±лттыќ ќорѓаныс, компьютерлерден, т±рѓын ‰йлерден жер мен кµктей айырмашылыѓы бар тауарды білдіреді. Адамдар оѓан жекелей тµлемейді, оны ±жымдасып, т±тастай ±лт ‰шін сатып алады. Ұлттыќ ќорѓаныс бойыеша, ќызметтер, елдегі оѓан м±ќтаж емес адамдарѓа да кµрсетіледі. Себебі оны басќаша кµрсетудіњ тиімді амалы жоќ. Соѓыс ±шаќтары мен зымырандарды, кµрші т±ратын бір топ адамдар немесе жекелеген адамдар емес, б‰кіл ел, мемлекет шыѓара алады.
Міне, осындай жєне осыѓан ±ќсас игіліктер ќоѓамдыќ игіліктер деп аталады. Себебі, ешбір жеке меншік фирманыњ ±лттыќ ќауіпсіздікті азаматтарѓа сатуѓа ќабілеті жоќ. Ќорѓаныс ќызметін оѓан м±ќтаж адамдарѓа сатудыњ жєне ќорѓаныс ‰шін аќы тµлеуден бас тартќандарѓа осы ќызметті кµрсетпей ќоюдыњ ешбір негізі жоќ. Б±л ќ±былыс, µзгелер есебінен жол ж‰руге ќ±марлар мєселесі секілді жєне де ±лттыќ ќауіпсіздік, мемлекет тарапынан ќамтамасыз етілетін, салыќ салу арќылы тµленуі тиіс негізгі себепті ќ±райды.
Лекция №7. Фрирайдерство мәселесі..
Жоспар:
-
«Қояндар» мәселесі.
-
Америка Құрама Штаттарының билік органдары қоғамдық игіліктердің берілуін қамтамасыз етуі.
Бірлесіп пайдаланылатын, шынайы қоғамдық игіліктер онша көп емес, міне сондықтан да нарықтық экономикадағы тауарлар мен қызметтердің көпшілігін жеке меншік нарықтарда сатады. Қоғамдық игіліктердің тағы да бір мысалы, су тасқындары мен жәндіктерді, тіптен әуе толқындары арқылы берілетін радио және телевизиялық белгілерді бақылайтын бағдарламалар. Бұл өнімдердің әрқайсысы келісілген түрде тұтынылуы мүмкін, сонымен бірге бұлардың бәрі белгілі бір мөлшерде “қояндар” (біреулердің есебінен жол жүретін жолаушылар осылай аталады) мәселесімен бетпе-бет келіп отырады. Алайда радио және телевизия хабарларына келер болсақ, олар жеке түрде шығарыла береді де, жарнаманы тарату үшін уақытты сату арқылы табыс әкеледі немесе қазіргі кезде кей жағдайларда берілетін белгілер арнайы электронды тәсіл арқылы цифрленеді де, жекеменшік фирмалар белгілі бір хабарды көргісі келген адамдарға кодты ашатын құрылғыларды жалға беру арқылы пайда табуына мүмкіндік алды.
Осы талқылаудың нәтижесінде, мемлекет тек қоғамдық игіліктерді ғана өндіріп, содан өзге игіліктерді өндірмеуі тиіс деген қорытынды қалыптасуы мүмкін. Бұл қорытынды мүлдем дұрыс емес. Мемлекет қоғамдық игіліктерді өндірмеуі тиіс – ол тек әрбір игіліктің қанша өндірілетінін белгілеп беруі тиіс. Шынайы өндірісті қамтамасыз ету үшін, ол жекеменшік мердігерлерге арқа сүйейді. Мысалы, ол әскери жабдықтарды өндіруде осылай істейді. Шындығында, коммерциялық негізде әскерді жабдықтау үшін жекеменшік мердігерлерге арқа сүйеу бұл ел үшін үйреншікті құбылыс.
Бір жағынан мемлекттік құрылымдардың жеке игіліктерді өндіруге болмайтын жалпылама экономикалық себептері жоқ. Көптеген елдерде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында да мемлекет меншігіндегі фирмалар жұмыс істейді. АҚШ-тағы өндірілген электр қуатының 20 пайызы мемлекеттік фирмалар мен өзге де коммерциялық емес кәсіпорындардың үлесінде: бұл сандық көрсеткіш көпшілік елдерде 100 пайызға дейін барады. Көптеген елдердегі телефон байланысы мемлекет тарапынан немесе мемлекет меншігіндегі фирмалар тарапынан қамтамасыз етіледі.
Әрине, мемлекеттік кәсіпорындардың коммерциялық тұрғыдан алып қарағанда елеулі түрде тиімді, әрі табысты болатындығының мысалдарын келтіруге болады. Бірақ мұндай мысалдар тым аз. Бұл жерде мемлекет жекеменшік секторымен салыстырғанда тиімді өндіріске қабілетсіздеу болуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындар шығынға батып қалған жағдайда, қаржылай көмекті көбірек алады. Егер де жекеменшік кәсіпорындарда дәл осындай жағдай қалыптасқанда олар өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатар еді. Одан өзге мемлекеттік кәсіпорындардан жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін, жұмыскерлерді көбірек жалдауды талап етеді, әйтсе де мұндай талаптар олардың тиімді жұмысына қарама-қайшы келері анық. Осындай және өзге де себептер мемлекеттік саланың тиімділігіне белгілі дәрежеде кері әсерін тигізеді.
Мемлекет, қоғамдық игіліктерге қанша шығын жұмсау керектігін қалай анықтайды? Адамдардың қоғамдық игіліктердің белгілі бір деңгейі үшін қанша шығын шығара алатыны туралы сұрауға болмас па еді? Бұл жерде мәселе мынада: егер осы игіліктерді өндіру үшін төленетін салықтар, жарияланған сұранысқа сай етіп енгізілетін болса, онда адамдарды алдауға негіз пайда болады. Егерде барлық азаматтар ұлттық қорғаныс үшін, мәселен, жылына 1000 теңге төлеуге дайын болып, жалғыз адам 20 теңге төлейтінін мәлімдесе, біздің қорғаныс қабілетіміз одан елеулі түрле зиян шекпейді, есесіне ол “билетсіз қоянға” айналады (a freeder) ол мұндай пайданы пайдалана отырып, ешбір шығын шығармайды.
Ал, қоғамдық игіліктерге деген сұранысты, олар үшін болатын міндетті төлемдерден бөліп алса қалай болады? Егер адамдардың төлеуге тиіс сомасы, олардың иеленгісі келген қоғамдық игіліктердің көлеміне ықпал етпесе, онда олар нөлдік баға жағдайына сәйкес болатын көлемді айтуы мүмкін. Егер де қала басшысы кез-келген тұрғыннан, көшеде қауіпсіздіктің болғанын қалайтыны немесе қаламайтыны туралы сұрағанда, ол әрине “иә” деп жауап берер еді. Қанша қауіпсіз болған сайын сонша жақсы.
Практика жүзінде, берілетін қоғамдақ игіліктердің көлемі жайлы шешім саяси процестің көмегімен қабылданады.
Америка Құрама Штаттарының билік органдары мынадай қоғамдық игіліктердің берілуін қамтамасыз етеді. Олар денсаулық сақтау, ұлттық қорғаныс, конгрестің кітапханасы, федералдық тергеу бюросының және Орталық барлау басқармасының, ұлттық бақтардың қызметтері, мемлекеттік дүкендерде спиртті ішімдіктерді сату, мемлекеттік университеттерде білім беру және т.б. әрине, Қазақстанда да дәл осындай қоғамдық игіліктердің берілуін қамтамасыз етеді. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында олаодың көпшілігі негңзгі жеті мақсаттың ішінде айтылады. Олар: ұлттық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. алайда, өкінішке орай, осы мақсаттарға бөлініп жатқан қаржы АҚШ-пен салыстырғанда едәуір төмен болып отыр.
Төменде келтірілген кестеден Америка Құрама Штаттарының өзін қоғамдық игіліктермен жақсы қамтамасыз ететіні көрініп тұр, бірақ бұл жерде байқағанымыздай, олардың беріп отырған игіліктерінің бәрі дерлік қоғамдық игілік болып табылмайды екен. Мемлекеттік шығындардың бүкіл жиынтығының 20 пайызын құрайтын ұлттық қорғаныс пен полиция шынайы түрдегі қоғамдық игіліктер болып табылады. Ұлттық саябақтар аралаас жағдайды білдіреді, себебі осы саябақтардың әсемдігінен ләззат алу қоғамдық игілік болып табылады. Ал қоғамдық тамақтандыру мен кемпингтер торабын пайдалану мұндай жағдайда кірмейді. Спирттік ішімдіктерді (олар “қалғандары” категориясына кіреді) қоғадық игілік бола алмайды, себебі олар көптеген штаттарда жекеменшік дүкендерде де сатылады. Кестенің ортасында кейбір категориялар келтірілген : мәселен, олар: білім саласы мен денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындар (мемлекеттік шығынның бүкіл жиынтығының 17 пайызы). Бұлар жеке игіліктерден де және қоғамдық игіліктерден қандай да бір нәрсе алады.
Мемлекеттік шығындардың бүкіл жиынтығындағы АҚШ-тың мемлекетік шығындарының құрылымы.(%)
Шығындардың
статьялары
|
Федералдық
үкімет
|
Штаттардың үкіметтері
|
Жергілікті билік органдары
|
Барлығы.
|
Барлығы
|
58,2
|
17,3
|
24,6
|
1100,0
|
Ұлттық қорғаныс пен халықаралық қатынастар
|
16,9
|
|
|
116,9
|
Білім беру.
|
0,9
|
3,3
|
8,8
|
113,1
|
Көлік құралдарымен жедел трассалар
|
0,4
|
1,6
|
1,4
|
33,4
|
Полиция
|
0,2
|
0,2
|
1,1
|
11,5
|
әлеуметтік қамсыздандыру В-Элфер т.б.
|
20,3
|
6,4
|
1,4
|
228,2
|
Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыздық өсімдер.
|
8,0
|
0,8
|
1,0
|
99,8
|
Қалғандары.
|
10,6
|
3,5
|
9,2
|
222,9
|
Жеке кәсіпкерлерден индивтдтердің жеке өздерінің шешім негізінде сатып алатын жеке пайдаланудағы тауарларға қарағанда, қоғамдық игіліктер, топтық шешім негізінде үкімет арқылы алынады, қоғамдық игіліктер, топтық шешім негізінде үкімет арқылы алынады. қоғамдық иігіліктерді тұтынудың көлемі мемлекеттік саясат мәселелерін білдіреді.
Жұмыспен толық қамтылған экономикада, мемлекет алдында жеке тұтыну тауарларын өндіруде қолданылатын қорларды, қоғадық игіліктерді өдіру үшін босату міндет тұрады. Жекеменшік секторынан қорларды босатудың өзіндік айқын тәсілінің мәні – оларға деген жеке сұранысты қысқарту. Бұл кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына салық салу арқылы жүзеге асады. Осылайшы “кіріс-шығыс” ағымынан олардың сатып алу қабілетінің бір бөлігі төмендетіледі. Азырақ табыс ала отырып, кәсіпорындар мен үй шаруашылықтары өздерінің инвестициялық және тұтыну шығындарын қысқартуға мәжбүр болады. Қысқаша айтқанда, салықтар жеке пайдаланатын тауарлар мен қызменттерге деген сұранысты төмендетеді, ал бұл өз кезегінде қорларға деген жеке сұранысты төмендетеді. Жекеменшік экономикалық агенттерінің сатып алу қабілетін үкіметке бере отырып, салықтар қорларды оларды қолданудың жекеменшік саласынан босатады. Осыдан кейін, үкімет салық түсімдерін жұмсай отырып, осы қорларды қоғамдық игіліктер мен қызметерді өндіруге бағыттайды. Мәселен, корпорациялардың табысы мен жеке табыстарға салынған. Салықтар қорларды инвестициялық және тұтыну тауарлары өндірісінен босатады. Үкімет осы қорларды зымырандар, әскери ұшақтар шығаруға, мектеп, жол салуға жұмсауы мүмкін. Үкімет елдің ұлттық өнімінің құрылымында маңызды өзгерістерді жүзеге асыру мақсатымен қорларды саналы түрде бөледі. Тұтынушылар қоғамдық тауар үшін нарықта өз еркімен ақша төлемейді. Бұдан мынадай байламға келеміз – қоғамдық тауарға деген сұраныс болмайды немесе ол өте төмендетілген.
Лекция № 8. Меншік түрлері.
Жоспар:
-
Жеке меншік.
-
Мемлекеттік меншік.
Меншік экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған заманында қалыптаса бастаған. Меншік – материалдық және рухани иғіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе, игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдіс болып табылады.
Экономикалық қатынастардың кемелденген жүйесінде, меншік ең өзекті өзара байланыстарды, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық болмыстың мәнін көрсетеді.
Алғашқы қаумдық меншік орнына келген жеке меншікті К. Маркс прогрессивті құбылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты обьективті табиғи-тарихи процесс еді. Жеке меншік тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып кеңінен дамуына жол ашқан бірден-бір түрі. Олай болса, жеке меншік, онымен байланысты экономикалық оқшаулануц тауарлы, рыноктык шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты.
Сонымен, жеке меншік адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен алғашқы қаумдық жабайылық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал жасады. Солай болсада, «Капилат» мен «Коммунистік партияның манифесті» жеке меншікке мүлдем қарсы.
Жеке меншіктің өзі әр қилы формаларда болады: жеке, өз басының еңбегіне негізделген жеке меншік; ұжымдық формадағы жеке меншік.
Сонымен, марксизм-ленинизм классиктері жеке меншікті бүкіл әлеуметтік зілдің, әділетсіздіктің зардабы депқарағаны белгілі.
Алайда, тауарлы шаруашылық жағдайында жеке меншік иесі рынокта өз тауарларын рыноктык байланыстарға сүйене отырып өткізеді, жеке меншік өндірушілерді біріктіреді, қоғамдық қажеттіліктерді үлкен тиімділікпен қанағаттандыру мүмкіншілігін туғызады. Әрине, жеке меншік жер бетінде тек молшылық, әділет әкеледі деп айту да күпіршілік шығар, алайда оның «нақты социализм практикасында» орын алмағанынан ұтылмасақ ұтпағанымыз да нағыз шындық. Жалпы жеке меншік адамзат баласының дамуында жеткен ірі жеңістерінің бірі деуге болады.
Мемлекеттік меншік мәселесі өз алдына талдауды қажет етеді. Кеңестік дәуірдегі саяси экономикада меншіктің бұл түрі жеке меншікке жатпағаны айдан анық. Шын мәнінде сол тұстағы оқұлық авторлары, мемлекеттік меншік «бюрократияның жеке меншігі» деген К.Маркс меншікті «қоғамдақ» немесе «бүкілхалықтық» деген балама түсінікке қарағанда ақиқатқа анағұрлым жақын екені де көрініп тұрған.
Қоғамдық меншік түсінігіне көңіл аударалық. Бұл категорияның өзі ойдан шығарылған, оны екі жақты практикалық және теориялық тұрғыдан дәлелдеу қиын емес сияқты. Практикалық тұрғыдан оның қисынсыз екені мынадан-ақ көрініп тұр: қоғамдық меншікті мойындаған, ұран етіп ұстаған, барлық елдерде 20 ғасыр бойы экономика өзінің тиімсіздігін әбден танытты. Ал әлеуметтік-саяси тұрғыдан қоғамдық меншік тоталитарлық құрылыспен майдалап, жұмсартып айтқанда әкімшілдік-әміршілдік жүйемен тығыз байланысты. Теориялық тұрғыдан қоғамдық меншік логикалық ақыл-ойға сыймайтын түсінік.
Лекция № 9. Мемлекеттік меншік.
Жоспар:
-
Мемлекеттік меншіктің сипаттамасы.
-
Мемлекеттік меншік түрлері.
Мемлекеттік меншік дегенде қоғам меншігінің синонимы деп түсіну керек.Өйткені, мемлекет жалпы қоғам болмай оның бір бөлігі.
Меншік қатынастарында болып жатқан өзгерістер экономикалық реформалардың негізгі өзегі болды. Теориялық жоспарда меншік трансформациясы мәселелерді шешуді талап етеді: мемлекеттік меншік қай деңгейге дейін төмендеуге тиіс, ол қандай қарқында, қалай және кімге өтуге тиіс.
Ресейде және басқада ТМД елдерінде мемлекеттік меншік жеке, мемлекеттік, аралас түрдегі меншік жүйенсіне өтуде.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 192 тармағында мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді деп айтылған. Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және
Заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттік меншіктің обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес қоммуналдық заңды түлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекеттік меншік өзінің маңыздылығын сақтап шаруашылықта таяныш түйіні қызметін атқарады.
Мемлекеттің саяси өмірінде мемлекеттік меншік – негізгі құрал болып танылып келесі түрлерге бөлінеді:
-
Мемлекет меншігі;
-
Мемлекеттік акционерлік меншігі;
-
Аралас жеке-мемлекеттік меншік.
Мемлекеттік меншіктің қалыптасуы 3 жолымен болған:
-
Мемлекет обьектілерін өз иелігіне алу;
-
Мемлекет бюджет арқылы жаңа обьектлерді құру;
-
Жеке капиталдан обьектілерді сатып алу.
Лекция №10. Жаһандану процессі.
Жоспар:
-
Жаһандану мағынасы.
-
Жаһандану процессінің кемшіліктері.
Қазіргі кезең – ұлттық капиталдың қызметін, кеңейту позициясы және диверсификация кезеңі: отандық компанияларды құру, олар мемлекеттің экономикалық құатын анықтап жалпы ұлттық мағынаны білдіреді. Инновациялық-инвестициялық динамикасын жеделдетуде, экономикалық өсу және экономикалық басқару процессінде ірі компаниялар ұйымдастыру негізі болып табылады.
Қазақстанда ұлттық компанияларда акцияның бақылау пакеті бар қуатты және ірі корпоративтік ұйымдарды қалыптавстыру – ең негізгі стратегиялық міндет.
Жаһандану жағдайында мемлекеттің негізгі басымы – ұлттық компанияның дамуына тәуекелді азайтып ұлттық институттарды қорғаун қамтамасыз етіп жардем жасау.
Шекарасыз сауда-саттық жағдайында әлемдік сауданың, басқада халықаралық айырбастаудың көлемдерін көбейтуін, біртұтас қаржы және ақпарат нарығын жаһандану процессі деп айтамыз.
Жаһандану мағынасы – мемлекеттер және адамдар арасында өзара байланысты және өзаратәуелдікті кеңейтуде.
Жаһандану деп келесібағыттарды түсінуге болады:
-
қаржылық жаһандану;
-
трансұлттық жаһандану корпорациялардың пайда болуы;
-
әлемдік сауданың интенсификациясы;
-
экономиканы аймақтандыруы;
-
конвергенция беталысы.
Жаһандану процессі мемлекеттерге пайда және мүмкіншіліктер беруімен қатар белгілі қауіптер де пайда болады:
-
мемлекеттердің өзара байланысы экономиканы сезімталдығына акеліп соғады;
-
геоэкономикалық соғыс қауіпі;
-
ТҰК қызметімен байланысты соғыстар;
-
Бәсеке қабілеттігі жоқ салалардың деградация қаупі.
Жаңа мыңжылдық әлемде ұлкен өзгерістермен танымды, соның нәтижесінде екі беталыс қарастырсақ болады:
-
Кей бір елдер интеграция, либерализация және қызметтестік жолымен, сыртқы экономикалық қатынастарды белсенді дамытуда, жаһандану мүмкіншіліктерін барынша пайдалануда.
-
Басқа елдер сыртқы әлемден оқшауланып, өзін-өзін қамтамасыз етіп, жаһанданудың жағымсыз әсерінен қоршаулануға тырысады.
Екінші вариант – оптималды таңдауға жатпайды, экономика деградацияға ушырайды. Барлық озық, соның ішінде Қазақстан, әлем бірінші жолды таңдап біртұтас интеграция жүйесіне өтіуне талаптанады.
Лекция № 11. Қазақстандағы кәсіпкерлік.
Жоспар:
-
Кәсіпкерліктің жалпы мағынасы.
-
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында іс-шаралар.
Кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыпиасу және даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономияда «кәсіпкерлік» түсінігі 18 ғасырда пайда болды да, «меншік иесі» деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өтқізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипатталады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкерлікдің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
-
мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
-
мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
-
жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
-
кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;
-
кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;
-
тексеруші органдар санын қысқарту;
-
заңдардың орындалыунқамтамасызету.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іскеасру жөніндегі қосымша шаралартуралы» Жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекетте мемлекеттік кепілдіктері қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көздеген.
Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Кәэіргіөтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралған кәсіпорындары банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құрұ құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.
Лекция № 12. Мемлекеттік кәсіпкерлік.
Жоспар:
-
Мемлекеттік кәсіпкерлікке жалпы сипаттама.
-
Кәсіпорын түрлері.
Мемлекеттік кәсіпкерлік – кәсіпорындарды басқаруда мемлекеттің әсер етуі деп түсінсек болады. Россия экономикасының мемлекеттік секторында келесілер қатысты:
-
мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар;
-
100 пайыз мемлекет капиталы арқылы құрылған Акционерлік Қоғамдар; мемлекет иелігінде бақылау акция пакеті немесе алтын акциясы бар АҚ-дар; бақылаушы емес мемлекет пакет акциясы бар АҚ-дар.
Унитарлық кәсіпорын деп өзінде бекітілген мүлкіне құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Оның мүлкі бөлінбейді, салымдар бойынша және кәсіпорын жұмысшылары арасында таратылмайды.
Қазыналық унитарлық кәсіпорындар –қазыналық фабрикалар, заводтар, шаруашылықтар, қазыналық завод атқарушы үкімет органының қол астында өндіріс, баға саясатында, қаржы бойынша барлық сұрақтарды тікелей басқарады. Заводта артықша пайдаланбай жатқан, немесе белгілі бір мақсатқа пайдаланбай жатқан мүлікті тартып алуы мүмкін. Осы орган қазыналық заводтың жарғысын бекітіп, лауазымға бастық тағайындап, оны өзі босатады.
Уәкілетті орган қазыналық заводты толық бақылау жасап отырады.
Қазыналық заводтың қаржылық қызметі өндірілген өнімнің пайдасы арқылы жургізіледі, ал қаржы жетпеген жағдайда бюджеттен беріледі. Бір жыл ішінде пайдаланбаған қаржылар бюджетке қайтып тапсырылады.
Сонымен, бұндай заводтар – мемлекет ұйымдары ретінде қарастырылып, толық мемлекет бақылаунда болады. Жоғары тиімді деп есептелмей, бюджеттің салмақты бөлігі сол заводтарды асырауға бөлінген шығындар болып есептелінеді.
Сондықтан келесі қорытынды жайлы:
-
бундай заводтардың санын азайту кереку;
-
Бұндай категориядағы кәсіпорындарға арнайы басқару жүйесі жасалуы тиіс.
Лекция № 13. Мемлекет илегіндегі кәсіпорындар.
Жоспар:
-
Мемлекеттік кәсіпорындардың қажетілігі.
-
Мемлекет құқығы.
Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің саясат өткізу құралы. Әртүрлі кәсіпорындар құрып ол нарыққа келесі бағыттар бойынша реттеуші әсерін тигізеді: халық арасында жұмыссыздықтың мәселелерін шешеді, жоғары дәрежедегі тәукелді проекттерді орындайды, инфляцияға қарсы шаралар, инфляция өсу кезінде бағаларды төмендетіп пайдадан бас тарту, жергілікті товар өндірушілерге комек беру.
«Петробраз» - Бразилияның мемлекет иелігіндегі ірі кәсіпорын мұнай газ компаниясы 1954 жылы пайда болған. Ол мемлекетке мұнай және мұнай өнімдерімен байланысты операциялардың барлығын бақылап отыр. «Кувейт петролеум корпорейшн» - Кувейт мемлекет илегіндегі ірі мұнай газ компаниясы, 1951 жылы «Кувейт ойл К» деп жеке кәсіпорын болып ашылды. 1972 жылы мемлекет25 пайыз акциясын сатып алып 1974 жылға дейін 60 пайызға жеткізді, ал1975 жылы толық мемлекет иелігіне өтді.
Мемлекеттік реттеудің әлсіреу көлемі, мемлекет кәсіпорындарды жеке басқаруға өткізу, мемлекетке экономиканы басқару моделімен байланысты. АҚш-та мысалы, қаржы, транспорт, байланыс, энергетика салаларында бақылау әлсіреген,
Мемлекет меншігін макродеңгейде басқару мінезі бойынша келесі модельдері белгілі:
-
япондық;
-
американдық;
-
батыс-европалық.
Мемлекетте бұндай жағдайларда келесі құқы бар:
-
кәсіпорынды сату құқы;
-
ужымға мемлекет тапсырмаларын беру;
-
кәсіпорынның белгілі бір пайда үлесін қайта бөлу;
-
инвестиция негізгі бөліктерін бағыттарын анықтау.
Лекция № 14. Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы.
Жоспар:
-
Қазақстанда шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауна қатысты шаралар.
-
Қазақстанда шағын кәсіпорындар одағы.
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттерінің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамыу мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітілген:
-шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады.
-өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін;
-ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында: жұмыскерлер саны 100 адамға дейін;
-өндірістік сферасының басқа салаларында: жұмыс істейтіндер саны 25 адамға дейін;
-бөлшек саудада: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін.
Шағын кәсіпорындарды азаматтар, мемлекеттік, ұжымдар, біріккен кәсіпорындар, шаруашылық ассоциациялары, мемлекеттік органдарқұрады. Шағын кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға статусына ие болады. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жургізуде, шығарған өнімге, міндетті төлемдерді төленгеннен кеінгі қалған реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік проблема, ол халықтың өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы «тұтынушыға қызмет ету» режиміне аустыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл инициатива, толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық коньюктурасын бақылау мен кажеттілікті іздеу, бәсекелік курес тактикасымен инвестициялау мәселелерін талдау.
Республикамыздағы шағын бизнестің экономикалық мәнін тереңен түсінуге «Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің даму» туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кәпілдіктерді анықтап берді.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар Одағы құрылды. Бұл орган шағын кәсіпкерлікті қорғау, қолдау қызметін аткарады, олардың қызметін жүйелейді.
Ол мынадай бағыттар бойынша жургізіледі:
-
Қазақстанда шағын кәсіпорындарды қолдау қорын құру;
-
жеңілдік жағдаймен несиелеу;
-
шағын кәсіпкерлікті қаржыландыратын инвесторларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдану;
-
шағын кәсіпорындарды несиелеу және сақтандыру бойынша кепілдіктер беру;
-
шағын кәсіпорындар мемлекеттік тұрақты бағалар мен тарифтерді қолданған кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;
-
шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызмет пен айналасу көмек көрсету.
Шағын бизнесті дамыту мемлекеттік маңызы бар, күрделі іс болып саналады. Бұл арада халықпен тығыз байланыс жасамай, оның қолдануына сүйенбей ілгері басу мүмкін емес. Жеке және шағын бизнестің дамуына заңдық база жасау және оған мемлекеттік қолдау көрсету шағын бизнеске үлкен серпін береді.
Лекция № 15. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибе.
Жоспар:
-
Шағын және орта бизнестің рөлі.
-
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар салалардағы басым рөлі.
Кейінгі онжылдықта экономикасы дамыған батыс елдерінде бәсекенің дамуы әсерін шағын және орта бизнес ролі арта түсті. Мұның басты себебі – экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Тұрақты экономикалық жұйеде шағын кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алды, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл арқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әрталаптандырылып жатыр.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Нормативті құқықтық актілер:
-
1995 жылдың тамыздың 30 күні шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясы.
-
2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиясы.
-
Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекет қызмет туралы (1999 ж. шілденің 23 шыққан).
-
Қазақстан Республикасының Заңы: закон РК от 2 июля 1998 г. «О борьбе с коррупцией».
-
Қазақстан Республикасының Клнституциясы, президенті, Парламентіжәне оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, Республикалық референдум, сайлау туралы Қазақстан Республикасының Заңдары Конституция РК, Конституционныезаконы РК о Президенте, Парламенте и статусе его депутатов, Правительстве, республиканском референдуме, выборах. Алматы, Жеті жарғы, 1999 г.
-
Закон о защите и поддержке частного препринимательства от 4 июня.
Оқулықтар мен оқу құралдары:
-
Абельдинов А.К. Административное право: 33 вопроса и ответа. Алматы, жеті жарғы.
-
Абенов. Е.М. и др. Казахстан: эволюция государства и общества. Алматы, ИРК, 1996 г.
-
Альгин А.П. и др. Инициатива и риск против бюрократизма. Москва. Знание, 1993 г.
-
Аткинсон Э. Б. и др. Лекции по экономической теории государственного сектора, Москва 1995 г.
-
Ашитов З. О. Право суверенного Казахстана. Алматы 1995 г.
-
Габитов Т.Х. и лр. Этика бизнеса: Курс лекций для студентов,1996 г.
-
Гайдар Е. Государство и эволюция. Москва 1995 г.
-
Гуревичев М.М. Государственнон регулирование переходной экономики, 1997 г
-
Макаренко В. П. Бюрократия и государство. Ростов на Дону, 1987 г.
-
Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. 4 тома 2002 г.
-
Сансызбаева Г. Н. Государственное регулирование экономики в зарубежных странах. Алматы, 1996 г.
-
Худокоморв А. Г. Экономические корни бюрократизма, Москва, 1988 г.
Мерзімді басылымдар:
-
Абалкин Л. Роль государства в становлении и регулировании рыночной экономики. Вопросы экономики № 6, 1997 г.
-
Бизнес, государство и общество. Материалы международной конференции. Университет Боккони, Милан, Италия7 1996 г7
-
Джаксыбаев С. И др. Пути развития Казахстана. Евразийское сообщество, 2000 г., №2, с.59-66.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” університеті
“ Педагогика жєне экономика” факультеті
“Экономика” кафедрасы
“Мемлекет және бизнес ” пәні бойынша
050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050510 “Мемлекеттік және жергілікті басқару”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін
Достарыңызбен бөлісу: |