6. Әдебиеттер:
Негізгі:
-
Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004 ж.
-
Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 жыл, 489-493 бет.
-
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с..
-
Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с.
-
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 1998 г., с. 582585.
Қосымша:
-
Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Основы частной биохимии», Алматы, 2004 г., с. 103-112.
-
Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 58-59.
-
Аблаев Н.Р. «Биохимия в рисунках и схемах», Алматы, 2005 г, с. 277-310
7. Бақылау: Білім құзырлылығын бағалау: блиц-сұрақтарға, жазбаша бақылаудың сұрақтарына берген жауаптарына байланысты, шағын топта белсенділігі және жұмыстың сапасы бойынша жүргізіледі.
Тест:
1. Метаболиттік ацидоздың пайда болу себебі қанда қышқыл өнімдерініңжиналуы келесі процесс нәтитжесінде болады:
-
тыныс алу орталықтың параличікезінде
-
қан айналым жылдамдығы төмендегенде
-
ағзағада заттар алмасуы бұзылғанда
-
оттек жетіспегенде
-
іш өту кезінде ағза сілтілік ас-қорыту сөлдерінен айырлғанда
2. Метаболиттік алкалоздың пайда болу себебі, қанда сілтілі өнімдерінің жиналуы:
-
организмге сілтілі эквиваленттер көп түскенде (сода, сілтілі минералды су)
-
қан ағу жылдамдығының баяулауы нәтижесінде
-
қышқылдық қосылыстардың құсықпен жоғалуы нәтижесінде
-
азайған НСI -ды толықтыру кезінде
-
ағзадан ас қорыту сөлдерінің сілтілі өнімдерінің жоғалуы нәтижесінде
2 дұрыс жауапты табыңыз
3. Респираторлық алкалоздың пайда болу себебі:
-
гипервентиляция
-
гипокапния
-
организмге сілтілі эквиваленттер көп түскенде
-
құсық
-
ГКС секрециясы артқанда немесе оны енгізгенде
2 дұрыс жауапты табыңыз
-
Метаболиттік ацидоздың даму механизмінде рөл атқарады:
-
СО2 жоғарлауы
-
О2 артуы
-
СО2 төмендеуі
-
[ОH-] артуы
-
[H+] артуы
5. Алкалоздың даму механизмінде рөл атқарады:
-
СО2 жоғарлауы
-
О2 артуы
-
СО2 төмендеуі
-
[ОH-] артуы
-
[H+] артуы
6. Ацидоз кезінде қышқыл-сілтілі күйді теңестіруге кіреді:
-
[H+] төменденуі
-
[ОH-] артуы
-
гипервентиляция
-
бүйректе протондардың секрециясының және гидрокарбонаттардың реабсорбциясының артуы
-
негіздерді бейтараптануы және [H+] артуы
4 дұрыс жауапты табыңыз
7. Алкалоз кезінде қышқыл-сілтілі күйді теңестіруге кіреді:
-
қанда [H+] төмендеуі
-
қанда [ОH-] артуы
-
гиповентиляция
-
бүйректе протондардың секрециясының және гидрокарбонаттардың реабсорбциясының төмендеуі
-
негіздерді нейтрализациялау және [H+] артуы
3 дұрыс жауапты табыңыз
8. Қан плазмасының бейорганикалық заттарына жатады:
-
кетон денелері, қалдық азот, кальций тұздары
-
ПЖҚ, лактат, аСl, фосфаттар
-
Бикарбонаттық буфер
-
АТФ, АДФ, АМФ, фосфор қышқылы
-
Кальций, натрий, калий, магний катиондары, Сl, фосфор
9. Қанның бейорганикалық заттары келесі функцияларды атқарады:
-
осмостыққысымды қамтамасыз етеді
-
онкотикалыққысымды қамтамасыз етеді
-
глобулиндердің еруін қамтамасыз етеді
-
асқазан сөлінде тұз қышқылының түзілуіне
-
сұйек тінінің минерализациялану процесіне
10. Қандағы кальций катионының рөлі:
-
гормондардыңәсер ету механизміне қатысу
-
қанның онкотикалық қысымын реттеу
-
бұлшық еттің жиырылуына қатысады
-
қанныңұюына
-
нерв импульсының берілуін қамтамасыз етеді
№14 (29) Сабақ
1. Тақырыбы: Қалыпты және патологиялық зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері. Қалыпты зәрдің химиялық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері. Патологиялық жағдайда зәрдің қасиеттері мен құрамының өзгеруі.
2.Мақсаты:
-
Студенттерде бүйректің атқаратын қызметтері және ондағы метаболизм ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
-
Студенттерде қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамы туралы білім қалыптастыру.
-
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу барысында студенттердің дағдылары мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.
-
Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.
3.Оқыту міндеттері:
1. Бүйректің осмостық және артериялық қысымды реттеудегі роліне, ондағы заттар алмасуының ерекшеліктеріне студенттердің назарын аудару.
2. Қалыпты жағдайдағы зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамын және олардың патология кезіндегі өзгеруін қарастыру.
3. Диурез, полиурия, олигоурия, никтурия, анурия, энурез, уремия, изостенурия, гиперстенурия, гипостенурия, гиперхромурия, гипохромурия, урохром, уроэритрин, эритропоэтин, пиурия, протеинурия, глюкозурия, гематурия, билирубинурия, хилурия, кетонурия, зәр диастазасы, креатинурия, ламинин, энтактин терминдеріне анықтама беру.
4. Зәр құрамын талдау, ондағы өзгерістердің пайда болу себептерін көрсету.
5. Студентті кәсіби әдебиетті оқып білуге және ғаламтордан ақпарат табуға ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің мөлшері.
-
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің меншікті салмағы.
-
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің рН-ы.
-
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің иісі, түсі, мөлдірлігі.
-
Дені сау адам зәрінің химиялық құрамы.
-
Индикан және басқа да эфиркүкірт, эфирглюкурон қышқылдары, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі осы заттардың мөлшерінің арту себептері.
-
Креатинурия, креатиннің құрылысы және оның түзілуі, креатиннің бүйрек шегі туралы түсінік, креатинурияның себептері.
-
Несеп қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту себептері.
-
Гиппур қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту және төмендеу себептері.
-
Глюкозурия, түрлері және себептері.
-
Протеинурия, түрлері және себептері.
-
Кетон денелері – өкілдері, химиялық табиғаты және түзілуі, кетонурия – себептері.
-
Тікелей емес және тікелей билирубин, химиялық табиғаты және түзілуі, билирубинурия – себептері.
-
Гематурия – себептері. Эритроцитурия және гемоглобинурия туралы түсініктер. Осы күйлерді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
-
Зәр диастазасы, түсінік, себептері.
5. Оқыту әдістері мен құралдары:
Әдіс – аралас (біріккен):
-
Блиц-сұрақ
-
Дискуссия немесе шағын топта жұмыс жасау
-
Жазбаша бақылау
Оқыту құралдары: тесттік тапсырмалар, жаттығулар, жағдайлық есептер, «Биологиялық химиядан практикум» (2004ж.), Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары» (Алматы, 2004ж.), Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3 Бөлім- «Биологиялық сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы» (2009).
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі - оқытушы студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу. Кейін сабақтың жоспары, мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, үйге тапсырма беріледі: Аралық бақылау: «Гормондар. Қан және зәр биохимиясы» Төменде берілген сұрақтар бойынша бақылау жұмысына дайындалу және №№ 90, 91, 136, 125, 126 (2), 128 (1), 129 (4) зертханалық жұмыстарды конспектілеу.
Студенттердің келесі сабаққа өз бетінше дайындалуына арналған сұрақтар:
-
Қандағы кальций мен фосфаттардың мөлшерін реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
-
Негізгі алмасуды реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
-
Су-минерал (су, натрий мен калий деңгейін) алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
-
Гипогликемиялық әсер көрсететін гормон. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
-
Контринсулярлы гормондар. Түзілетін орны. Олардың гипергликемиялық әсерінің механизмдері.
-
Қантты диабет дамуының биохимиялық механизмдері.
-
Гипертиреоз дамуының биохимиялық механизмдері.
-
Гипотиреоз дамуының биохимиялық механизмдері. Ересектер мен балалардағы гипотиреоз. Эндемиялық зоб.
-
Катехоламиндер. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
-
Анаболикалық эффект көрсететін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
-
Әйел адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
-
Ер адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
-
Эйкозаноидтар. Олардың түзілетін орны. Эйкозаноидтардың негізгі өкілдерінің физиологиялық әсері.
-
Гипофиз гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері..
-
Қан сарысуының белоктары мен белок фракциялары. Қалыпты жағдайдағы пайыздық мөлшері. Қағаздағы электрофорез әдісінің принципі.
-
Белок электрофореграммасының түрлері, олардың диагностикалық маңызы.
-
Қан плазмасының ферменттері, түрлері, диагностикалық маңызы.
-
Гиперлипидемиялар, олардың диагностикалық маңызы.
-
Мочевина және несеп қышқылы. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Оларды қанда және зәрде анықтаудың диагностикалық маңызы.
-
Билирубиннің түрлері. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Қандағы және зәрдегі билирубинді анықтаудың диагностикалық маңызы
-
Креатин және креатинин. Олардың түзілетін орны. Маңызы. Қандағы креатининнің қалыпты мөлшері. Қандағы креатинин мөлшерінің артуы нені көрсетеді? Креатинурия қандай жағдайда байқалады?
-
Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары. Олардың қалыпты жағдайдағы мөлшері. Оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.
-
Натрий және калий. Осы элементтердің қан плазмасы мен эритроциттердегі қалыпты мөлшері және организмдегі маңызы. Қандағы натрий мен калий деңгейін қандай гормон реттейді?
-
Қалыпты зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы. Зәр құрамындағы заттардың тәуліктік қалыпты мөлшері.
-
Зәрдің патологиялық компоненттері. Олардың зәрде пайда болуының негізгі себептері.
-
Атеросклероз дамуының биохимиялық механизмдері.
-
Қантты диабет кезіндегі қан және зәр құрамындағы биохимиялық өзгерістер.
-
Орташа молекулалы пептидтер. Олардың диагностикалық маңызы.
2. Блиц-сұрақ тест бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шығарады, ол тесті ішінен оқып, дұрыс жауабын бірден айтуы тиіс, немесе оқытушы қай тесті оқу керектігін нұсқайды, студент жауап береді. Студенттің жауабы Білім құзырлылығын бағалауда ескеріледі.
3)Дискуссия немесе шағын топта жұмыс жасау – келесі проблемалық сұрақтар бойынша жүргізіледі:
Шағын топтарда жұмыс істеу кезінде топ 3 шағын топшаға бөлінеді (3 адамнан тұратын) және әрбір топшаға жеке кесте беріледі. Кестені толтыруға және оны шағын топтыңішінде талқылауға уақыт беріледі. Кейін шағын топтың өкілдерінің біреуі кесте толтыру бойынша нәтижелерді айтады.
№1 кесте. Зәрдің физикалық қасиеттері және олардың патология кезінде өзгеруі
Физикалық қасиеті
|
Норма
|
Қалыпты жағдайда өзгеруі
|
Патология кезінде өзгеруі
|
Мөлшері
|
|
|
|
Меншікті салмағы (салыстырмалы тығыздығы)
|
|
|
|
рН
|
|
|
|
Түсі
|
|
|
|
Мөлдірлігі
|
|
|
|
Иісі
|
|
|
|
№2кесте. Зәрдің химиялық құрамы
Компонент
|
Сапалық сипаттама
|
Мүмкін болатын өзгеру себептері
|
Мочевина
|
|
|
Креатинин
|
|
|
Аммоний тұздары
|
|
|
Амин қышқылдары
|
|
|
Несеп қышқылы мен пуриндер
|
|
|
Гиппур қышқылы
|
|
|
Күкірт және глюкурон қышқыларының эфирлері (соның ішінде индикан)
|
|
|
Органикалық қышқылдар (цитрат, оксолат, сукцинат, пропионат,т.б.)
|
|
|
Стероидты гормондар, көбінесе 17-ОКС
|
|
|
Хлоридтер
|
|
|
Фосфаттар
|
|
|
Сульфаттар (құрамында күкірті бар органикалыққосылыстардан-цистеин, цистин, метионин, күкірт қышқылының эфирлері)
|
|
|
№3 кесте.Зәрдің патологиялық құрамдас бөліктері
Зәрдің патологиялық құрамдас бөлігі
|
Негізгі сапалық реакциялар
|
Анықтаудың клиникалық маңызы
|
Белок (протеинурия)
|
|
|
Зәр «диастазасы» - α – амилаза және ұйқы безі липазасы.
|
|
|
Қан-а) гематурия (зәрде эритроциттердің болуы),
б)гемоглобинурия (зәрде гемоглобиннің болуы)
|
|
|
Глюкоза (глюкозурия)
|
|
|
Кетон денелері (кетонурия)
|
|
|
Тікелей биллирубин, уробилин(стеркобилинмен шатастырмау қажет,ол қалыпты зәрдің құрамында бар).
|
|
|
-
Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер берілген).
-
Қорытынды жасау – кестелер және билет сұрақтары бойынша берілген жауаптар тексеріледі, бағалар қойылады.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:
-
Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004 ж.
-
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С. 608-625
-
Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С. 380-399
-
Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.
Қосымша:
-
Тапбергенов С.О., Тапбергенова Т.С. Медицинская и клиническая биохимия – Павлодар, 2004
-
Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека – 2003 г
-
Кольман Я., Рем К-Г Наглядная биохимия – М, Мир, 2004
-
Биохимия тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.корр. РАН, проф. Е.С. Северина Е.С. – М, 2005
-
Биохимия в вопросах и ответах под редчл.корр. НАН РК, д.х.н проф. Адекенова С.М., Астана, 2003
-
Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках, Алматы, 2005
Орыс тілінде:
-
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С. 591-596; 645-661
-
Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С. 432-452; 489-502; 518-531
-
Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С. 643, 674-708
-
Тапбергенов С.О., Тапбергенова Т.С. Медицинская и клиническая биохимия – Павлодар, 2004
-
Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека – 2003 г
-
Кольман Я., Рем К-Г Наглядная биохимия – М, Мир, 2004
-
Биохимия тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.корр. РАН, проф. Е.С. Северина Е.С. – М, 2005
-
Биохимия в вопросах и ответах под редчл.корр. НАН РК, д.х.н проф. Адекенова С.М., Астана, 2003
-
Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках, Алматы, 2005
7. Бақылау
Берілген сабақтағы құзырлылыны бағалау әдістеріне кіреді:
Білім құзырлылығын бағалау: ауызша сұрау; блиц-сұрақ, жазбаша сұрау кезіндегі студенттің берген жауаптары бойынша, шағын топта белсенділігі және жұмыстың сапасы бойынша жүргізіледі.
Тесттік тапсырмалар
1.Дені сау адам зәріне тән физикалық-химиялық қасиеттер:
1. белгілі мөлшері
2. түсі, иісі
3. меншікті салмағы
4. рН, мөлдірлігі
5. лайлылығы
4 дұрыс жауабын табыңыз
2. Келесі түсінік пен оның анықтамасы арасындағы сәйкестікті табыңыз:
1. олигурия а – диурездің артуы
2. никтурия б – диурездің төмендеуі
3. полиурия в – зәрдің бөлінбеуі
4. анурия г – түнгі диурездің күндізгіден артық болуы
3. Біріншілік зәр – бұл:
1. жаңа туылған нәресте зәрі
2. алғаш бөлінген 100мл зәр
3.бүйрек шумақтарында түзілген зәр
4. бүйректен шығарылатын зәр
5. қуықтағы зәр
4. Дені сау адам зәрінің рНы:
1.5,3-6,5
2. 1,0-2,5
3. 6,0-8,0
4. 6,8-7,2
5. 4,5-5,5
5. Изостенурия- бұл:
1. зәрдің меншікті салмағының қан рН-на сәйкес болуы
2. зәрдің меншікті салмағының диурезге тура пропорционалды тәуелділікте болуы
3. зәрдің меншікті салмағының диурезге кері пропорционалды тәуелділікте болуы
4. зәрдің меншікті салмағының диурезге және ішкен сұйықтық мөлшеріне тәуелсіз болуы
5. зәрдің меншікті салмағының жоғарылауы
6. Дені сау адам зәрінің түсі төмендегі пигменттердің болуына байланысты:
1. стеркобилин
2. урохро
3. уроэритрин
4. уробилин
5. урозеин
4 дұрыс жауабын табыңыз
7. Дені сау адам зәрі лайлы болады, егер:
1. ол жаңадан шығарылса
2. ірің болғанда
3. тұрған соң суиды
4. қан болғанда
5. тұрған соң ол сілтілі болады
2 дұрыс жауабын табыңыз
8. Дені сау адам зәрінің құрамына кіреді:
1. белоктар алмасуының соңғы өнімдері
2. глюкоза
3. липидтер
4. пептидтер
5. билирубин
9. Дені сау адам зәрінде кездесетін органикалық заттар:
1.мочевина
2. несеп қышқылы
3. креатин
4. гиппур қышқылы
5. индикан
4 дұрыс жауабын табыңыз
10. Зәрдің патологиялық заттарына жатады:
1. глюкоза
2. билирубин
3. амин қышқылдары
4. кетон денелері
5. белок
4 дұрыс жауабын табыңыз
№ 15 (30) Сабақ
1.Тақырыбы: Аралық бақылау №2: Гормондар. Қан және зәр биохимиясы.
2.Мақсаты:
-
«Гормондар. Қан және зәр биохимиясы» тақырыптарын оқу барысындағы студенттердің алған білімдерін бағалау.
-
Жағдайлық есептерді шешу арқылы студенттердің тәжірибелік дағдыларын бағалау.
-
Аралық бақылау билеттерінің жағдайлық есептері бойынша студенттермен әңгімелесу кезінде олардың коммуникативті дағдыларын бағалау.
3.Оқыту міндеттері:
1) Студенттерді өтілген материалды талдай алуға және кең көлемді теориялық білімнен клиникалық пәндерді оқуда септігі тиетін білімді бөліп алуға үйрету.
2) Студенттерді жағдайлық есептерді шешу барысында олардың алған теориялық білімдерін қан мен зәрдің биохимиялық анализінің нәтижелерін түсіндіру үшін қолдануға үйрету.
3) Студенттерді гормондар бойынша жағдайлық есептерді шешу барысында организмдегі гормондардың жеткіліксіз немесе артық мөлшерде бөлінуінің сол гормонның әсер етуінің биохимиялық механизмімен байланысын көрсете білуге үйрету.
4) Студенттерді аралық бақылау билетінің сұрақтары бойынша оқытушымен диалог жасай білуге баулу.
5)Студенттерді кәсіби әдебиетті оқып-білуге және Ғаламтордан ақпарат іздеуге ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |