2.7. Дәрістердің тақырыптық жоспары
Рет №
|
Дәріс тақырыптары
|
Өткізу түрі
|
Сағат саны
| -
|
Биохимияға кіріспе. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жіктелуі. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.
| Шолу |
1
| -
|
Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің медицинадағы маңызы.
|
Шолу
|
1
| -
|
Энергия алмасуы. Энергия алмасуына қатысатын ферменттер. Көмірсулар, липидтер және белоктардың арнайы ыдырау жолдары. ҮКЦ. Биологиялық тотығу. Тотығудан фосфорлану.
|
Шолу
|
1
| -
|
Көмірсулар алмасуы, аралық алмасу. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Глюкозаның тотығу түрлері туралы түсінік.
|
Шолу
|
1
| -
|
Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері. Липидтердің тасымалдану формалары.
|
Шолу
|
1
| -
|
Күрделі белоктар алмасуы. Гемоглобин алмасуы. Сарғыштану түрлері.
|
Шолу
|
1
|
|
Барлығы
|
|
6
|
Күзгі семестрдегі (Ш) тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
Рет№
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және тәжірибелік сабақтарда қолданылатын зертханалық жұмыстардың тізімі
|
Өткізу түрі
|
Сағат саны
|
1.
|
Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Белоктар. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттері: элементтік құрамының біркелкілігі, жоғары молекулалық масса, көлемінің үлкен және белгілі пішінде болуы. Ыдырау өнімдерінің жалпы табиғаты. Белок молекуласындағы амин қышқылдарының арасындағы байланыстүрлері, амфотерлік қасиеті. Белоктарға арналған түсті реакциялар. Белок зарядының орта рН-ы мен амин қышқылдық құрамына тәуелділігі.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
2.
|
Белоктар
Белоктардың жалпы қасиеттері. Коллоидты қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белок молекуласының құрылымдары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі). Жай глобулярлы белоктар: өкілдері, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, атқаратын рөлдері
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
3.
|
Күрделі белоктар.
Гликопротеиндер, хромопротеиндер: өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
4.
|
Белоктар
Белоктардың маңызы, жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері;құрылысы, рөлдері.
Нуклеин қышқылдары. ДНҚ мен РНҚ-ның құрылымдары, маңызы. Белоктарға түсті реакциялар мен тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.
|
Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау
|
1
|
5.
|
Ферменттер.
Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету механизмі, ферментативті катализдің ерекшеліктері. Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
6.
|
Ферменттер.
Лиазалар, трансферазалар. Өкілдері, құрылысы, ролі.
Трансферазалар мен лиазалардың құрамындағы витаминдер
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
7.
|
Ферменттер. Оксидоредуктазалар;дегидрогеназалар, цитохромдар, каталазалар, пероксидазалар, оксигеназалар. Оксидоредуктазалардың құрамындағы витаминдер
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
8.
|
Энергия алмасуы.
Катаболизмнің арнайы жолдары,үш карбон қышқылдарының циклі, маңызы, ретпен жүретін реакциялары, ҮКЦ-ң атқаратын қызметтері. Электрондарды тасымалдау тізбегі. Тотығудан фосфорлану. Тотығудың негізгі түрлері.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
9.
|
Ферменттер.
Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің белсенділіктерінің реттелуі. Ферменттердің жіктелуі. Жеке өкілдері, құрылысы,каталитикалық әсері.
Энергия алмасуы.
Энергия алмасуының сатылары. Тотығудың негізгі сатылары(оксидазды, пероксидазды, пероксидтік, оксигеназдық). α-амилаза, пероксидазалар және каталазалар әсерінің нәтижелерін көрсету және түсіндіру. Энзимодиагностика, энзимотерапия
|
Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау
|
1
|
10.
|
Витаминдер
Витаминдер, түсінік, алиментарлық және екіншілік авитаминоздар мен гиповитаминоздар, жіктелуі.
Суда еритін витаминдердің биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
11.
|
Витаминдер
Майда еритін витаминдердің биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.
Суда және майда еритін витаминдер. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер. Демонстрация и интерпретация Суда еритін витаминдердің сапалық реакцияларының нәтижелерін көрсету және түсіндіру.
|
Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау
|
1
|
12.
|
Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары.
Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары.
Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез.Глюкозаның тіндердегі өзгерістері.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
13
|
Көмірсулар алмасуы. Глюкозаның тотығу жолдары: Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез.Аэробты гликолиз. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолмен тотығуының сызбанұсқасы. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
14.
|
Көмірсулар алмасуы.
Көмірсулар алмасуының сатылары. Қан плазмасындағы глюкозаның мөлшерін (глюкозоксидазды әдіспен және глюкометрмен анықтау әдістері) анықтауды және қаңқа бұлшық етіндегі анаэробты гликолизді зерттеуді демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1
|
15.
|
Аралық бақылау: Ферменттер. Витаминдер
|
Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау
|
1
|
|
Барлығы
|
|
15 сағат
|
Көктемгі семестрдегі (ІV) тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
Рет №
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және тәжірибелік сабақтарда қолданылатын зертханалық жұмыстардың тізімі
|
Өткізу түрі
|
Сағат саны
| -
|
Липидтер алмасуы.
Липидтердің қорытылуы, сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы әр түрлі мүшелердің ролі. Организмде хиломикрондар мен липопротеиндердің түзілуі және ролі.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Липидтер алмасуы.
Аралық алмасу. Организмдегі глицерин мен май қышқылдарының өзгерістері: анаболикалық (ТАГ, ФЛ синтезі, глицериннің глюконеогенезге қатысуы) және катаболикалық процестерге (БМҚ және глицериннің тотығуы, КҚМҚ пероксидті тотығуы) қатысуы.
|
Ауызша сұрау, кесте толтыру, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Липидтер алмасуы.
Ацетил-КоА-ның пайдаланылу жолдары. БМҚ, кетон денелерінің, холестериннің синтезі. Кетон денелерінің пайдаланылуы. Холестерин алмасуы. Липидтер алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі. Липидтер алмасуының бұзылыстары.
|
Ауызша сұрау, зертханалық жұмыстарды жасау
|
1 сағ.
| -
|
Липидтер алмасуы. Липидтер алмасуының сатылары. ЛПТ және организмнің антиоксиданттық қорғаныш жүйесі. Липидтер алмасуының бұзылыстары.
Майлардың қорытылуына ұйқы безі сөлі липазасының әсерін зерттеуді демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Белоктар алмасуы.
Белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі. Асқазан сөлі: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. Ішекте белоктардың шіруі, ағзада белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру.
Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлерін анықтауды және асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктеріне сапалық реакцияларды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
|
Ауызша сұрау, сызбанұсқа құрастыру, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Белоктар алмасуы.
Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Хромопротеиндер алмасуы.
Гемоглобин синтезі мен ыдырауы. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасудың бұзылуы (сарғыштану).
Нуклеопротеиндер алмасуы туралы түсінік.
Несеп қышқылының түзілуі. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
|
Ауызша сұрау, сызбанұсқа құрастыру, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Жай және күрделі белоктар алмасуы. Асқазан сөлінің биохимиясы.
Заттар алмасуының өзара байланысы. Бауыр биохимиясы.
Қан сарысуындағы белоктар алмасуының соңғы өнімдерінің: мочевина, креатинин, билирубин мөлшерін анықтауды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау. Осы талдамалардың медицинадағы маңызы.
|
Ауызша сұрау, кесте толтыру, зертханалық жұмыстарды жасау
|
1 сағ.
| -
|
Гормондар.
Гормондардың құрылысы, құрылысы бойынша жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Қалқанша безінің гипер- және гипофункциясының биохимиялық негіздері.
|
Ауызша сұрау, тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Гормондар.
Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар: инсулин, глюкокортикостероидтар, глюкагон, адреналин, норадреналин, соматотропты гормон, соматомединдер. Қант диабеті кезіндегі биохимиялық процестердің бұзылыстары.
|
Ауызша сұрау, кесте толтыру, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Заттар алмасуының гормондар арқылы реттелуі.
Гормондар, жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері. Эпифиз, гипоталамус, гипофиз, қалқанша, қалқанша маңы, ұйқы безі, бүйрекүсті және жыныс бездерінің гормондары. Эйкозаноидтар.
|
Ауызша сұрау, кестелерді толтыру, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері: белоктар, қалдық азоттың заттары, азотсыз заттары. Қалыпты көрсеткіштері, қалыпты жағдайдан ауытқу себептері.
|
Ауызша сұрау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Қан биохимиясы. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктері, олардың ролі. Қанның буферлік жүйелері. Ацидоздар және алкалоздар, олардың түрлері. Макро- және микроэлементтер, олардың ролі. Су мен минералды заттар алмасуы және оның реттелуі.
|
Ауызша сұрау, сыз-банұсқа құрастыру, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Қалыпты және патологиялық зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері.
Қалыпты зәрдің химиялық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері. Патологиялық жағдайда зәрдің қасиеттері мен құрамының өзгеруі.
|
Ауызша сұрау, кестелерді толтыру, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
| -
|
Аралық бақылау: Гормондар. Қан және зәр биохимиясы.
|
Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу
|
1 сағ.
|
|
Барлығы
|
|
15 сағат
|
2.8. Биохимиядан студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарының тақырыптық жоспары
Рет №
|
Тақырыптың аты
|
Мазмұны
|
Өткізілу түрі
|
Сағат саны
|
Күзгі семестр
|
|
1.
|
Белоктар химиясы
|
Құрылымдық белоктар (коллагендер, эластиндер, кератиндер) және күрделі белоктар (фосфо-, липо-, металлопротеиндер)
|
Сөзжұмбақ құрастыру
|
5
|
2.
|
Энзимодиагностика. Энзимотерапия
|
Ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы. Медицинадағы ферменттер.
|
Презентация
|
4
|
3.
|
Витаминдер
|
Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер.
|
Кесте құрастыру
|
5
|
4.
|
Адам тінінің көмірсулары.
|
Адам тінінің негізгі көмірсулары, олардың құрылысы мен биологиялық ролі. Негізгі тағам көмірсулары. Жасушаның құрылымдық-функционалдық компоненттерінің көмірсулары. Гликопротеиндер мен протеогликандардың көмірсу бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметтері.
|
Реферат
|
4
|
Көктемгі семестр
|
5.
|
Адам тінінің липидтері.
|
Адам тініндегі маңызды липидтер. Қорға жиналатын және құрылымдық липидтер. Адам тінінің негізгі фосфолипидтері мен гликолипидтері: фосфоглицеридтер, сфинголипидтер,гликолипидтер,гликосфингофосфолипид-тер. Фосфолипидтер мен гликолипидтердің атқаратын қызметтері. Омега-3 және омега-6 қышқылдары – өкілдері, маңызы,метаболизм жолдары, Липидтер алмасуының бұзылыстары
|
Конспект жазу немесе оқу мәтінін кванттау (негізгі тұстарын айқындау) арқылы әр түрлі тест формаларын дайындау
|
4
|
6.
|
Микроэлемент тер – алмасуы және ролі.
|
Жеке микроэлементтердің: темір, йод, фтор, марганец, селен, мырыш, мыс, кобальт алмасуы және ролі.
|
Кесте құрастыру
|
4
|
7.
|
Қанның, сілекейдің, зәрдің- ағзаның сұйықтықтарының биохимиялық ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттама.
|
Қанның, сілекейдің, зәрдің – ағзаның сұйықтықтарының биохимиялық ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттама
|
Презентация
|
5
|
8.
|
Дәнекер тінінің биохимиясы. Дәнекер тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Сүйек тінінің биохимиясы. Сүйек тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Тіс тінінің биохимиясы, құрамының ерекшеліктері.
|
Дәнекер тінінің биохимиясы. Дәнекер тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Сүйек тінінің биохимиясы. Сүйек тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Тіс тінінің биохимиясы, құрамының ерекшеліктері. Тіс тінінің қалыптасуындағы витаминдер мен гормондардың ролі.
|
Оқу мәтінін кванттау (негізгі тұстарын айқындау) арқылы тест құрастыру, презентация
|
5
|
Барлығы:
|
36 сағат
|
Достарыңызбен бөлісу: |