Лекция №9 апта Энтропия Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата17.09.2024
өлшемі0.98 Mb.
#503727
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
865 ЛекцияДОТ-ОИС 2

  
  
Бақылау сұрақтары
1. Дискреттеу тәсілдерді жіктеу.
2. Уақыт бойынша дискреттеу.
3. Котельниковтың теоремасы бойынша санау дәлділігін таңдау.
4. Деңгейлік бойынша кванттау.
  
Лекция №14  
  
Сақтау құрылымы, құралдары және қол жетімділік әдістері  
  
Лекция жоспары
1. Деректерді ӛңдеу жүйелері (ДӚЖ). Деректерді ӛңдеудің файлдық жүйелері және 
олардың даму тенденциялары. ФДӚЖ үшін деректер құрылымы және қол жетімділік 
әдістері. Қатты диск ақпаратты сақтау құралы ретінде. Қатты дисктің логикалық 
құрылымы
Лекция мазмұны
Деректерді өңдеу жүйесі (система обработки данных; data processing system) — 
деректерді автоматты түрде ӛңдеуді орындайтын және деректерді ӛңдеудің аппараттық 
құрылғыларын, олардың тәсілдері мен процедураларын, жүйелі және қолданбалы 
программалық жасақтамаларын қамтитын жүйе; кейбір топтағы мәселелерді шешуге 
арналған деректерді автоматтандырылған ӛңдеудің программалық жасақтамасымен 
үйлесетін есептеуіш машиналар мен құрылғылардың жалпы жиынтығы. 
Деректер қоры ақпараттық технологияда үлкен роль атқарады және үлкен кӛлемді 
ақпараттарды автоматты түрде ӛңдеудің маңызды құралы болып табылады. Деректер 
қоры деректермен жұмыс істейтін қарапайым және ыңғайлы құрал және ӛндірістің әр 
түрлі салаларында қолданылады. Деректер қорының мүмкіндіктері деректер қорының 


реляциялық жүйесі теориялық тұрғыдан жасалынып және жүзеге асырылғаннан кейін 
едәуір артты.
Объектілі-бағытталған деректер қоры мен білім қорының жүйесі кең кӛлемде 
таралымға ие болып отыр. Объектілі-бағытталған деректер қоры реляциялық деректер 
қорын басқару жүйелері шеше алмайтын қиын есептерді шеше алады. Білім 
қорларындағы деректер қорының реляциялық жүйелерінде деректерден аса жоғарғы 
деңгейдегі ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін предикаттарды есептеу логикасы 
қолданылады.
Есептеу желілерінің дамуы үлестірілген деректер қорының ролін арттырып отыр. 
Клиент/сервер технологиясы деректерге орталықтандырылған қол жеткізу және 
басқарумен үлестірілген деректерді ӛңдеуді білдіреді.
Деректер қорының жалпы теориясы, негізгі анықтамалар, деректер қорының 
файлдық құрылымды деректерден айырмашылығы мен артықшылықтары деректер 
қорларын практика жүзінде қолдану кезінде қалыптасқан деректер қорының әралуан 
модельдері, деректер қорларын концептуальды жобалаудың принциптері мен бейнелеу 
деңгейлері беріледі. Теориялық негізін реляциялық алгебра, реляциялық есептеу 
құрайтын, қазіргі уақытта ең кӛп тараған реляциялық модель жеке қарастырылады.
Деректер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер. Оларды жергілікті 
ақпараттық жүйелер және бірнеше компьютерге таралған жүйелер деп айырады. Қолдану 
салалары бойынша ақпараттық жүйелерді ӛндірісте, білім беру саласында, денсаулық 
сақтау саласында, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік салада, саудада және де басқа 
салаларда пайдалынатын жүйелерге бӛлуге болады. Ақпараттық жүйелерді мақсаттық 
функция бойынша басқарушы, ақпараттық-анықтамалық, шешім қабылдауды қолдау 
сияқты негізгі категорияларға шартты түрде бӛлуге болады. Файл/сервер және 
клиент/сервер сәулеті (архитектурасы) ақпараттық жүйелердің ең кӛп тараған сәулеттері 
болып табылады. Деректерге қашықтан қол жеткізу моделі (Remote Data Access – 
RDA)бар ақпараттық жүйелерде ақпаратты ұсыну функциясы мен қолданбалы ӛңдеу 
логикасын жүзеге асыратын бағдарламалар біріктірілген және компьютер-клиентте 
орындалады. Деректерді басқару қызметіне жүгіну SQL тілініңоператорларының 
кӛмегімен немесе API арнайы кітапханасының функцияларын шақырып жеткізу ортасы 
арқылы орындалады. Деректер қорының серверінің(DataBase Server – DBS) алдыңғы 
модельден айырмашылығы компьютер-клиент функциясы ақпаратты бейнелеу 
функциясымен ғана шектеледі де, ал қолданбалы функциялар компьютер-сервердегі 
қосымшалармен қамтамасыз етіледі. Бұл модель RDA-модельге қарағанда барынша 
технологиялық болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет