Лекция №9 апта Энтропия Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата17.09.2024
өлшемі0.98 Mb.
#503727
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
865 ЛекцияДОТ-ОИС 2

Бақылау сұрақтары: 
1. Деректер қоры ненің нәтижесінде пайда болды?
2. Файлдық құрылым деректерінен деректер қорының негізгі айырмашылығы 
қандай?
3. Алғашқы (түйінді) кілт дегеніміз не?
4. Басқа жазбадан сілтеме жасайтын жазба қалай аталады?
5. Сыртқы кілт дегеніміз не?
6. Басқа жазбаға сілтеме жасайтын жазба қалай аталады?
7. Құрылымы бар, сақталатын ӛзара байланысқан деректер жиынтығы қалай 
аталады?
8. Иерархиялық және желілік деректер қорының тұтастығы нені білдіреді?
9. Деректер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?
10. Деректер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?
 
Лекция №15  
  
Ақпараттық жүйелердің заманауи бағыттары  
  
Лекция жоспары
  
1. Синергетика жаратылыстану бӛлімінің жаңа парадигмасы ретінде: динамикалық 
сызықтық емес жүйелердің ерекшеліктері; қызық аттракторлар; бифуркация теоремасы; 
фракталды құрылымдар, динамикалық хаос; ӛз бетімен ұйымдасу
Лекция мазмұны
Синергетика – әр түрлі салалардағы кӛпнұсқалы (сызықтық емес) күрделі 
жүйелердегі ӛзіндік ұйымдасу заңдылықтарын қарастыратын жаңа пәнаралық ғылыми 
бағыт. Ол жүйенің жеке ерекшеліктерін ескерместен, жалпы үлгілер негізінде оның 
дамуының ортақ механизмдерін ашып кӛрсетеді. Қазіргі кезде синергетика әу баста пайда 
болған жаратылыстану саласында ғана емес, әлеуметтану, философия, психология сияқты 
гуманитарлық салаларда да жиі қолданылады. Синергетикалық кӛзқарас кӛп нұсқалы, 
ықтималдығы мол, ӛздігінен ұйымдасатын дүниені бейнелейтін, жаңаша ойлау стилінің 
қалыптасуының негізі болып танылады.
Синергетика жоғары білім беру жүйесінде ғана емес, жалпы орта білім беру және 
біліктілік арттыру жүйесінде де үлкен маңызға ие болып отыр.


Жалпы орта білім беру жүйесінде ол адам мәдениетінің ажырамас екі бӛлігі – 
жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың біріктіру арқылы оқушылардың 
дүниеге біртұтас кӛзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Екінші жағынан 
жаратылыстану 
пәндерін 
аналитика-синтетикалық 
амалдан 
гӛрі 
эволюциялықсинергетикалық амал арқылы оқытуға мүмкіндік береді.
Ал біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика ең алдымен әр түрлі шектеулі 
ақпараттардан бүтін жүйе құрастыруға тырысудан ақпараттарды контекстік қабылдау 
арқылы дүниеге біртұтас кӛзқарас қалыптастыруға кӛшу керектігін түсінуден басталады.
Келесі қадам білім сатысы оқуларын үш құрамдас бӛліктен тұратын технология 
арқылы ұйымдастыру болып табылады: а)теориялық мазмұндағы дәрістер; 
ә)лабораториялық немесе практикалық жұмыстар; б)кіріспе және жалпылаушы 
семинарлар.
Біліктілік арттыру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет андрогогика 
ұстанымдарын, соның ішінде біліктілік арттыруға әрекеттік тұрғыдан келуді басшылыққа 
ала отырып, әдіскерлер мен дәріскерлердің басты қызметін фасилитаторлыққа айналдыра 
отырып, білім сатысы оқуларын синергетикалық тұрғыдан ұйымдастыру болып 
табылады.
Қазіргі ғылыми зерттеулердің жаңа бағыты синергетика – оны құраушылардың 
табиғи қасиеттеріне қарамастан, кез келген күрделі жүйелердің ӛзін-ӛзі ұйымдастыруы 
мен эволюциялық дамуын қарастырады.
Синергетиканың пәнаралық, салааралық маңызы зор. Синергетиканың салааралық 
маңызы оның белгілі бір пәндер ауқымынан шығып, мета-деңгейде жүзеге асуымен 
сипатталса, пәнаралық маңызы бір пәннің ғылыми зерттеу әдістерінің екінші бір салада 
қолданылуымен түсіндіріледі. Бірінші мәселеге қазіргі кезде жиі айтылып жатқан
мұғалім мен оқушының құзырлылығын арттыруды жатқызуға болады.
Синергетиканың негізгі функцияларының бірі – оның синтетикалық 
(жинақтаушылық) мәні. Оның бастысы – ғылымның гуманитарлық және
жаратылыстанушылық бағыттарын қосуға бастайтындығы.
Бірақ ол табиғат және адами мәдениет арасын байланыстырумен шектелмейді, 
оның жаңа жинақтаушылық (синтездеуші) қырлары мынадай:

дүниетанымның батыстық (талдаушылық) және шығыстық (синтездік) түрлерін 
біріктіру.

Ғылымның қатаң негіздері мен оның қолданбалы бағыттарын кіріктіру.

Ғылымның нормативтік және дискриптивтік қырларын, яғни ақпараттың бүтіндігі 
мен оның адам белсенділігі үшін құндылығын біріктіру.

Күрделілік пен хаос туралы ғылым мен мәдениет пен ӛнер туралы кӛзқарастарды 
қосу.
Синергетиканың негізгі функцияларының тағы бірі – оның әдіснамалық және 
эвристикалық қызметі, яғни зерттеу стратегиясы ретінде қарастырылуы. Синергетика 
жаңа ғылыми проблемаларды шешуге бағытталғандықтан, зерттеу-ізденіс қызметінің 
негізгі әдісіне айналады. Егер күрделі жүйелердің жалпы заңдылықтары айқындалса, 
оның құрылымдалуы мен дамуы туралы болжамдар жасауға болады. Демек 
математикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігі жоқ жерде синергетиканы сапалық негіз 
ретінде қолдануға болады.
Білім беру мен біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика үш жақты 
қарастырылады: 1)синергетика білім беру саласы үшін; 2)білім берудегі синергетика; 
3)білім беру синергетикасы.


Синергетиканың білім беру саласыны ықпалы арнайы және бейімдеу курстарында, 
қайта даярлау негізінде екінші мамандық алудағы біртұтас дүниетанымға бағытталған 
интегративтік оқытуда байқалады. Білім берудегі синергетика әр түрлі білім салаларында 
жаңаның пайда болуы, қалыптасуы және дамуы зерттелгенде ғылым мен мәдениеттің 
ұштасуы түрінде кӛрінеді. Білім беру синергетикасы тұлға мен оның білімінің қалыптасуы 
мен дамуы барысында білім беру үрдісінде анық байқалады.
Ӛзгермелі қоғамда ӛмір сүретін азаматтарды ӛмірге дайындауға тікелей міндетті 
оқытушылар қауымы анықталмағандық жағдайында жұмыс жасап, ӛзінің негізгі 
проблемаларын ӛзі айқындап, ӛзі шеше алуы үшін білім сатысы оқуларын тек 
интерактивті оқыту әдістері арқылы тыңдаушылар белсенділігін арттыру негізінде 
ұйымдастыру жеткіліксіз болып табылады. Сонымен бірге олардың рефлексиялық 
мәдениетін қалыптастыруға ұмтылу керек. Ӛйткені, ӛзінің ой-пікірі мен іс-әрекетіне ӛзі 
талдау жасап, ӛзі баға бере алмаған педагог ешқашан кәсіби тұрғыдан ӛсуі мүмкін емес.
Білім сатысы оқуларының тиімділігімен бірге ӛнімділігін арттыру үшін оларды 
іскерлік ойындар арқылы, соның ішінде ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар арқылы 
ұйымдастыру ӛте қажет. Бұл біліктілік арттыру үрдісінің нәтижелілігін қамтамасыз етіп, 
тыңдаушыларда 
жобалау 
икемділіктерін 
қалыптастырады. 
Сонымен 
бірге 
тыңдаушыларды белгілі бір бифуркациялық құрылымды таңдату арқылы аттрактор 
жағдайына жеткізуге мүмкіндік береді. Пайда болған диссипативті жүйелер жаңа сапалық 
функцияларға ие болып, жаңа мүмкіндіктерді іске асыруға жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет