Көмiрқышқыл газы. Топырақтағы көмiрқышқыл газының мөлшерi жердiң және атмосфераның жылу балансына әсер ететiнiн айту керек. Бұл газдың қатысуымен фотосинтез процесi жүретiнiн бiлемiз. Көмiрқышқыл газы топырақтағы заттардың ерiтiлу қабiлетiн жоғарылатып, оның қоректiк жүргiсiн жақсартады. Сонымен қатар топырақ көмiртегiнiң өсiмдiк үшiн оның маңызды көзi болатынын айта кету керек.
Топырақ ауасы. Топырақ ауасының құрамына сол жоғарыда аталған газдар кiредi, бiрақ ондай тұрақтылық жоқ. Бұл жерде газдар мөлшерi ауысып, өзгерiп тұрады. Органикалық заттар неғұрлым көп, жылдам шiрiсе, солғұрлым топырақ құрамында көмiрқышқыл газы көбейедi. Топырақ құрамында бос азот пен оттегi аз болады, өйткенi оларды әр түрлi бактериялар пайдаланады. Топырақ құрамында жалпы азот мөлшерi 78-87%, оттегi 10-20%, ал көмiрқышқыл газы 1-2%, қарашiрiндiсi көп, батпақтанған топырақтарда 6% дейiн болады.
Газалмасу. Атмосфераның төменгi қабатымен топырақ арасында газалмасу үрдесi жүрiп тұрады. Осының нәтижесiнде топырақ құрамына азот (N2) және оттегi (О2) сiңiп, топырақтан көмiрқышқыл (СО2) газы бөлiнiп шығып отырады. Бұл табиғат үрдiсi өсiмдiктердiң өнiп-өсуiне өте қолайлы жағдайлар туғызады. Егер, әр бiр сағат сайын 30 см топырақ құрылысында толық газ алмасу болып отырса, өсiмдiк үшiн оңтайлы жағдайлар туылады. Ал газалмасу нашар болса, ондай жағдайда өсiмдiк әр түрлi ауруларға шалдығады (тамыр шiруi, оттегiнiң аздығынан өсiмдiктiң өспеуi т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |