Лекция. АгрометЕОрОлОгия туралы ЖалПы МаҒлҰМаттар


Агрометеорологияның негiзгi зерттеу әдiстерi



бет4/117
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452321
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Агрометеорология лек

3. Агрометеорологияның негiзгi зерттеу әдiстерi:

Агрометеорологияның зерттеу әдiстерi егiншiлiктiң мына заңдарымен негiзделген.



1. Өсiмдiк тiршiлiгiне керек факторлардың өзара тепе-теңдiгi және бiрiн-бiрiмен алмастыруға болмайтындығы заңы. Өсiмдiк тiршiлiгiне қажет факторларды ұзақ уақыт зерттеу нәтижесiнде оларды бiр-бiрiмен ауыстыру мүмкiн еместiгi айқындалды. Қорытындылай келгенде, егiншiлiктiң бiрiншi заңы-факторлардың тепе-теңдiгi туралы заң туды. Бұл заң былай айтылады: ²Өсiмдiк тiршiлiгiне қажеттi факторлар абсолюттi түрде өзара тепе-тең болып келедi және оларды бiр-бiрiмен алмастыруға болмайды². Бұл заңнан туындайтын қорытынды - өсiмдiктiң дұрыс өсiп-дамуы үшiн барлық факторлармен (космостық және топырақтан алынатын) қамтамасыз ету керектiгi. Факторлар өсiмдiкке көп немесе өте аз мөлшерде қажет болуына қарамастан, оның бiреуi жоқ болса өсiмдiк өнiмiнiң күрт төменлеуiне немесе болмауына әкелiп соғады. Заңның абсолюттiк сипаты осыған байланысты екенi байқалады.

Егiн шаруашылығында факторлардың тепе-теңдiгi салыстырмалы сипат алуы мүмкiн. Ол өсiмдiктi әртүрлi факторлармен қамтамасыз етудiң қиын-жеңiлдiгiне және мөлшерiне байланысты болып келедi. Мысалы, Қазақстанның жағдайында негiзiнен бiрiншi орында ылғал, одан кейiн қоректiк заттар болып келедi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет