Лекция. АгрометЕОрОлОгия туралы ЖалПы МаҒлҰМаттар



бет52/117
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452321
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117
Агрометеорология лек

Қарлы мелиорациялар. Күздiк дақылдарға қолайлы жағдай жасау және ылғал қорын жоғарылату үшiн, қаржамылғысының биiктiгiн реттеу, қарлы мелиорация арқылы жасалады. Далалық аймақтақар жамылғысы онша биiк емес, яғни қатты желдер қаржамылғысын танаптардан ұшырыпәкетедi. Сондықтан осындай аймақтар дақарлы мелиорацияның негiзгi түрi қартоқтату болып есептелiнедi.

Қартоқтату үшiн қолданылатын негiзгi тәсiлдер:

1. Егiстiк жердi қорғауағаштары – орманжолақтарын отырғызу, олар желдiң жылдамдығын төмендетедi де, танаптардағы қардың ұшыпкетуiне кедергi жасайды, ал көктемде беткi қабаттағы ерiген судың ағынын төмендетедi, егiстiктi ылғал мен қамтамасыздандырады;

2. Биiк сабақты өсiмдiктердi егу (күнбағыс, жүгерi), өнiм жинағаннансоң бiрнеше қатар сабақтарын қысқымерзiмге қалдырады. Бұл дақылдар жиiлеп (кулистап) себiледi. Аймақтың жағдайына байланысты кулистiң арақашықтығы 7-14 метрге дейiн бола бередi. Осы ұзын бойлы дақылдардан жасалынған кулистер аралықтарында қар жиналады.;

3. Қар тоқтататын қалқандар (шиттер) жел бағытына қарамақарсы орнатылады. Қалқандардың айналасында қар жиналады;

4. Қар тоқтату үшiн риджерлi жалжасағышпен, арнайы тракторлардың көмегiмен қараладытығыздап биiк жолдарға жинайды. Мұндай жолдар арақашықтығы 10-15 метрлiк жерлерде орналасып қардың танаптан ұшып кетуiне жол бермейдi;

5. Дәндi дақылдардың сабақтарын жербетiне қалдыру. Қысмерзiмiнiң алғашқы айларында қартоқтату үшiн қалдырады.

Мұндай тәсiлдер жел ұшырып кететiн қарларды тоқтату мақсатында пайдаланады және желдiң жылдамдығын баяулатады. Кулистердiң және орманжолақтарымен қаржалдарының тиiмдiлiгiн арттыру үшiн оларды желдiң бағытына көлденең орналастыру қажет. Орман жолақтарымен қоршалған Шортанды (Ақмолаоблысы) елдi мекенiнде танаптағы қар жамылғысының орташа биiктiгi 77-80 см болса, алашық танаптарда яғни орман жолақтары егiлмеген жағдай да танаптарға қардың орташа биiктiгi 20-25 смболған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет