Ауыл шаруашылығына келтiретiн желдiң зияндары::
1. Топырақ бетiнен ылғалдың булануын, ылғалдың ысырапсыз жоғалуын көбейтедi;
2. Жылдамдығы жоғары желдердiң әсерiнен өсiп тұрған өсiмдiктер жатып, бiр бiрiмен байланысып қалады, соның әсерiнен өнiмдi жинау қиындыққа әкелiп соғады.
3. Кейбiр агротехникалық шараларды авиация көмегiмен (егiн егу, минералды тыңайтқыштар шашу, дефляция жасау т.б.) жүргiзгенде қатты соғатын желдер жұмысты қиындатады.
4. Арамшөптер мен зиянкестердiң таралуына, көбейуiне желдiң әсерi үлкен. Кейiнгi уақытта шегiрткенiң ауыл шаруашылығына қаншалықты зиянды әсер етiп жатқаны белгiлi. Бұрын шегiрткелер Ауғанстаннан ²Авганец² деген желмен бiрге бiздiң елге келетiн, оны тоқтату үшiн шекарада мамандандырылған отрядтар ұйымдастыру керек болды.
5. Қатты соғатын желдер топырақты құрғатып оның құнарлы заттарын ұшырып кетедi- жел жрозиясына ұшыратады. Соқамен аударып жыртылған жерлерде жел эрозиясының салдарынан әр гектардан 10,6 тонна, ал аңыз қалдырып өңделген танаптардан 1,2 тонна құнарлы топырақ ұшып кетедi екен.
Достарыңызбен бөлісу: |