3. Булану
4. Жауын-шашын, қар жамылғысы
Су табиғатта қатты, сұйық және газ тәрiздес қалыпта болады. Су буы атмосфераға су бассейiндерiнiң, топырақтың, өсiмдiктердiң үстiңгi қабаттарының булануы есебiнен пайда болады. Көлденең бағытта, су буы адвекция жолымен ауа ағыстары арқылы таралады.
Жерге түскен күн радиациясының 23% мұхит, теңiз және жер бетiнен суды буландыруға шығын болады. Буға айналған судың бөлiгi белгiлi бiр жағдайларда конденсаттанып бұлт құрайды, жаңбыр түрiнде қайтып су бетiне немесе жер бетiне түседi. Осы буға айналған су ауаның ылғалдылығын жоғарылатады. Ауаның ылғалдылығы дегенiмiз атмосферадағы су буының мөлшерi.
Атмосферадағы су буы бiр шаршы метрде граммен және мм, мб өлшемдерiмен өлшенедi.
Ауаның ылғалдылығы мынадай көсеткiштермен сипатталады:
а) Абсолюттiк ылғалдылық (е), мм, мб;
ә) Салыстырмалы ылғалдылық (r), %;
б) Ылғалдылықтың жетiспеушiлiгi (d), мм, мб;
в) Шық нүктесi (t).
Достарыңызбен бөлісу: |