Ауа ылғалдылығының жетiспеушiлiгi (d) деп су буының ең жоғарғы (Е) мен ауаның абсолюттiк ылғалдылығының (е) тығыздығы айырмасын айтамыз, мб және мм сипатталады. Ол мынадай формуламен есептелiнiп шығарылады: d=Е-е,
Ауаның ылғалдылығы өзгермеген жағдайда температура жоғарылаған сайын, ауаның құрғақтығы және ылғалдың жетiспеушiлiгi артады. Ылғал жетiспеушiлiк салдарынан булану және өсiмдiктер транспирациясы күшейедi.
Шық нүктесi (t) дегенiмiз ауадағы су буы (атмосфералық қысым өзгермегенде) толық қаныққанда болатын (көрсететiн) температура. Шық нүктесi градуспен өлшенедi. Шық нүктесiн анықтау үшiн абсолюттiк ылғалдылықты (е) бiлу негiзiнде, су буының ең жоғарғы тығыздығы кестесi арқылы анықталады.
Егерде е=Е болса ауаның су буына толық қаныққанын көрсетедi. Шық нүктесi бойынша үсiктiң болуын алдын ала болжайды. Егер 21 сағатта t=20, немесе ≤20, онда таңертең үсiк болады. Өйткенi шық нүктесi ауада су буының аз болуын бiлдiредi, соның әсерiнен жер бетiнен тиiмдi сәулелену көбейедi. Шықтың мол түсуi үсiктiң болуының алдын алады, себебi су буының конденсаттанатын кезiнде жасырын жылылық бөлiнiп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |