Антропогендік ландшафтыларды жетілдіру жолдары
Қазақтан аумағында антропгендік ландшафтарды жетілдіур жұмыстары: топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, мелиорация, ландшафтылық дизайн жүргізілуде.
Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру салдарынан толығымен немесе белгілі бір бөлігі бүлінуге жақын аумақтардың ауданын көбейтті. Ондаған және жүздеген мың гектар құнарлы жерлер осының нәтижесінде ауылшаруашылық қолданыстан шығып қалады. Осы аудандарда ауылшаруашылығына қолайлы жағдай жасау жұмыстары рекульвитация (лат.re-қайта, cultivo-өңдеу) деп аталады. Рекульвитация бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны шаруашылық салаларына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Рекульвитациялық жұмыстарды, табиғи, мсәдени, санитарлық-гигиеналық, тағы да басқа қоғамның талаптарын ескеріп, ландшафтың барлық элементтерін қалпына келуін қарастыратын жалпы аумақтық жоспарлау аясында жүргізілу керек. Рекульвитация жұмысының табыстылығы белгілі бір дәрежеде қарашірік қабатының жатуына, грунтты ұңғылау барысындағы тау-кен өндіру ісінің дұрыс жүргізілуіне байланысты.
Рекульвитацияның төрт бағыты болады: ауылшаруашылық қолданысы; орман егу;суқоймалары; тұрғын үй құрылысы. Рекульвитацияланған жер шаруашылығы үшін, рекреациялық үйінділерін, карьерлердің жағалық шегін, санитарлық, эрозияға қарсы эстетикалық зоналар үшін пайдаланылады.
Мелиорация (лат. melioration - жақсарту, melior - ең жақсысы) - Жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Аумақтың су режимін жақсартуға бағытталған жұмыстар: гидромелиорация; биологиялық мелиорация; агромелиорация: құм, жыраларды көгалдандыру; егістікті қорғайтын орман жолақтарын құру және жерді үнемсіз жырту нәтижесінде эрозияға ұшыраған, шайылып кеткен топырақты шалғындандыру.
Ландшафтылық дизайн (ағылш. design - жобалау, құрастыру) - реконструкция және мелиорация кезеңдерінен кейінгі қорытынды кезең, яғни шаруашылық әрекеттен өзгертілген аумақты жақсарту ландшафтылық дизайн деп аталады. Дизайнерлер жер бедерінің теріс пішіндерін суқоймалары үшін, ал оң пішіндерді түрлі құрылыстар үшін өзгертіп, көгалдандыруға ыңғайлайды.
Ландшафтылық өнерді дамыту аумағы геопластика деп аталады. Жасанды жер нысандарын құруда келесідей міндеттер шешіледі:
1.Эстетикалық - қажетсіз нысандарды жабатын шолу алаңдары үшін төбелерді, скульптуралық жер бедерін, кіші скульптуралық пішіндерді құру.
2.Функционалдық - демалыс аймағын, спорт алаңдарын, басқа да шаралар өткізу алаңдарын ұйымдастыру.
3. Техникалық - желден қорғайтын дөң, дамбы және тұрғындардың жайлы демалысына қажет басқа да құрылымдар.
Жер бедері ландшафтың ең тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Ерекше орынды аумақтарға тау-кендерін өндіру, карьерлер, қоқыс үйінділері, ашылған жыныстар, террикондар және т.б. парктер жатады. Бұзылған аумақтарды көгалдандыру барысында бұрынғы өнідірістік қолданыстың сипаты ескеріледі. Бұзылған аумақтарды игеруде ерекше қиындық тудыратын жерлер - террикондар, шірімейтін қалдыққа толы қоқыс төгу орындары, химиялық өндірістен шыққан аумақтар.
Антропогендік ландшафтың әртүрлілігін агромәдени және мәдени ландшафтардан көруге болады. Жасанды ландшафтылардың мұндай түрлері уақытқа шыдам бермейді. Олар адамның санитарлық жетілдіру жұмыстарынсыз өз бетінші "динамикалық теңдікті" сақтап тұра алмайды, яғни өзін-өзі реттеу мүмкіндігінен айырылады
Достарыңызбен бөлісу: |