Лекция Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары



бет1/3
Дата28.01.2024
өлшемі25.15 Kb.
#490060
түріЛекция
  1   2   3
Арнайы пед 5,6 лекция


5,6 лекция
Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары
Арнайы педагогика ғылым ретінде эртүрлі кемістігі бар балалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, организм қызметінің бұзылуымен байланысты ақпарат кемшілігін, жеткіліксіздігінің орнын толтыруда қамтамасыз ететін компенсаторлы процестердің қалыптасуын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуының жас шамалас аспектісін зерттеу мақсатында бір неше салаларды өзіне біріктіреді. Олар:
1 .Сурдопедагогика 2.Тифлопедагогика
3 .Олигофренопедагогика 4.Логопедия
Сурдопедагогика (латынша - зигсшз-саңырау) - арнайы ның қүрамдас бір бөлігі. Ол есту бүзылыстарына үшыраған түлғалардың педагогика психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, білім берудің ғылыми үстанымдарының жүйесін қамтиды. Баланың жалпы дамуы үшін есту талдағыштарының (анализаторларының) қалыпты жүмыс істеуі үлкен маңызға ие. Есту қабілетінің деңгейі оның сөйлеу (тілдік) және психологиялық қалыптасуында шешуші ықпалдардың біріне жатады. Есту талдағыштарының бүзылымға үшыраған кезінде бірінші кезекте жэне барынша терең қиналатын сала - баланың тілдік, немесе сөйлеу мүмкіндігі, сол себепті танымдық іс-әрекеті толыққанды дамымай қалады. Талдағыштардың алғашқы кемістігі баланың жалпы дамуының қосымша ауытқушылығын туындатады, ал олар өз кезегінде басқа ауыртпашылықтарға экеліп соқтырады. Есту дерттерінің эр түрлі көріністерінің өзара эрекеттесуі үшінші, төртінші жэне т.б. деңгейдегі бүзылыстары естімейтін баланың танымдық іс-әрекеттерінің даму қүрылымын бүзып, түрпайыландырып жібереді.
Тифлопедагогика - грек сөзінен «ііріоз» - соқыр деген атау алып, бастапқыда тек соқырлардың психологиясымен ған айналысты. Қазіргі уақытта тифлопсихологиның объектісі тек соқырлар ғана емес, сондай-ақ көздері нашар көретіндер жэне де амбиопиясы немесе ақилығы бар балаларда оның объектісі боып табылады.Тифлопедагогика - көруі нашар түлғалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, көру анализаторының қызметінің бүзылуымен байланысты ақпарат кемшілігін, жеткіліксіздігінің орнын толтыруда қамтамасыз ететін компенсаторлы процестердің қалыптасуын, сондай-ақ көру қабілеті бүзылған балалардың дамуының жас шамалас аспектісін зерттейді.
Олигофренопедагогика (грек тілінен о1у§оз-кем, аз жэне рһгеп-ақыл, ми) - бұл ақыл есі кем балаларды психологиялық жағынан зерртейтін арнайы педагогиканың бір саласы. Бұл анықтама мамандардың интеллектісі бұзылған баланы өзінің дамуында қозғалмайтын жэне қатып қалған бір нэрсе деген көзқарастырын жеткілікті айқын бейнеледі. Басқаша айтқанда, бұл термин аномалды баланың интелектісінің сандық күйін қалыпты жетілген құрбы - құрдасымен салыстырғанда анықтады. Л.С. Выготскийдің ой-пікірін жэне оның психологиялық мектебінің эсерінен осы ұғымға кезекпен «ақыл - есі кем бала» немесе «кемақыл» деген термин келеді. Осы термин отандық дефектологтардың аномалды баланың интелектуалды дамуының табиғаты мен мэніне деген көзқарасына мейлінше толық жауап береді. Ақыл-ой көлемділігі - бұл аномалды баланың интеллектісне мінездеме, тек ол ғана емес, мұндай баланың интеллектісінің даму қарқынының қаншалықты сапалық, соншалықты сандық төмендеуін көрсетеді.
Олигофрения, немесе ақыл-ой кемістігі - бұл туа біткен және туылғаннан кейінгі бірінші жылдарда пайда болған кем ақылдық, жалпы алғанда писхикалық дамымаған элеуметтік бейімделудің қиындауынан интеллектуалды кемшіліктің басым болып көрінуі.
Сөйлеу тілі бұзылған балаларды логопедия ғылымы зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет