Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған биологиялық және
әлеуметтік редукционизмді (негіздеу) келтіруге болар еді.
Бірінші тұжырымда адам дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып, олар оның ішкі
мән-мағнасын анықтайды деген пікір қалыптасқан.
Оған нәсілшілдік, ломброзияндық,
әлеуметтік-дарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады.
Нәсілшілдікке келер болсақ, оның тарихи пайда болған ең біріншісі – ақ түсті адамдарды
асыра бағалап, қалғандардың бәрін – артта қалған, табиғи дарындары мен қабілеттері төмен,-
деп түсінеді.
Қара нәсілшілдік - отарланған Африка континенті халықтары өз бостандығын алғаннан кейін
олардың ұлттық сана-сезімі өсуімен байланысты “негритюд” сияқты ілімдерде кездеседі. Ол
қара адамдардың дүниені
ақыл-оймен емес, сезім, инстинкт арқылы терең игеруі, әуендегі
ритм мен спортқа деген басқалардан гөрі қабілеттерінің молдығы т.с.с. мақтан етеді.
Негізгі:
25.
Мырзалы С−Қ. А. Философия. Рауан баспасы. Алматы, 2010
26.
Алтай Ж. Философия тарихы. Алматы, 2000.
27.
Сәрсенова Ж. Философия. Алматы, 2010
28.
Артемьев А.И., Мырзалы С.Қ. Ғылым тарихы және философиясы. Алматы, 2013
Достарыңызбен бөлісу: