Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет2/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
darister 1-15

антропоморфизациялауадамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы
табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп 
түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсерді мифте Құдайлардың жыныс 
қатынасынан шығатыны жөніндегі қиали ойлары.
Үшіншіден – мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар 
көркем сөз арқылы бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік 
көзқарас та кездеседі. (antropоs – грек сөзі, -адам, centrum – латын сөзі, -орта, әр-түрлі 
қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі). Бұл мифтер Дүниеден бұрын алғашқы 
еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен Дүние жаратылады,- деген пікір 
айтады.
Көне заманда күн мен ай, аспан мен жұлдыздар жөніндегі аңыздар адамдардың өмірінде кең 
орын алған. Күннің сәулесінің жер бетіндегі тіршіліктің өміріне тигізетін шешуші рөлі сол 
заманда-ақ анықталып, Күн Құдайы негізгі табынатын құдайлардың біріне айналған. Сонау 
көне заманда пайда болған дөңгелек, күнге ұқсатылып жасалған. Мысалы, біздің ертедегі 
бабаларымыз аспанға табынып (тәңір, қытайша - тян) жер мен тіршілікті, адамды жаратқан сол 
аспан Құдайы деп есептеген.
Жағалай қоршаған ортадағы өзгерістер, қайталау үрдістері, жыл маусымдарының, күн мен 
түннің ауысып отыруы, жер сілкіну, дауыл, топан-су, т.с.с құбылыстар көне мифтерде 
жұлдыздар мен планеталардың орналасуымен, солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандағы 
жұлдыздардан тұратын фигуралар жердегі ақуалды, болашақта болатын оқиғаларды 
анықтайды, - деп есептеген. Бүгінгі астрологиялық болжамдар (astron – грек сөзі, -жұлдыз) сол 
көне замандағы пайда болған мифтерге сүйенеді.
Көп халықтардың мифтерінде ерекше орынды әйел Құдай алады (қазақтың Ұмайы, гректердің 
Деметрасы т.с.с). Әйел Құдайы - құнарлықтың, жер-бетіндегі тіршіліктің әміршісі. Ол 
аңшыларға сәттілік әкелетін, жер мен мал шаруашылығында – мол өнім тудыртатын Құдай.
Әлемдегі Құдайлар мен адамдардың қарым-қатынастарына арналған мифтердің де орны бөлек. 
Ертедегі халықтардың мифтерінде әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз Құдайлары болды. 
Мысалы, Үнді халқы өзінің мифологиясында 3000 аса Құдайлардың бейнесін жасады. 
Құдайлар грек мифологиясында да өте көп.
Біріншіден, Құдайлар – мәңгілік жандар, ал адам болса – уақытша Дүниеге келеді. Өйткен 
себебі - Құдайлар алғашқы мәңгілік табиғат заттарынан жаратылған, ал адам болса – ол бір 
мифтерде - Құдайлардың саздан жаратқан пендесі, екіншілерде - Құдайдың сөзінен пайда 
болған дейді. Бірақ, дегенмен қайсыбір миф адамға кішкентай-да болса мәңгілік өмір сүру 
мүмкіншілігін қалдырады, егер сол адам өзінің ізгі өмірімен, тазалығымен құдайлардың 
мейірімін туғызса.
Екіншіден, аспандағы Құдайлардың өмірі жердегі адамдардың өміріне өте ұқсас. Құдайлар да 
адамдар сияқты күледі, жылайды, қуанады, өкінеді, ғашық болады т.с.с. Оны біз мифтегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет