Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет70/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
darister 1-15

қабілеті. Оның тек өзіне ғана тән қасиеті - өз бағасынан да жоғары қосымша құн тудыруында 
жатыр. Мысалы, капиталист жұмысқа қабылдаған адамға 500 доллар жалақы төлейді. Ол 
оның жан-ұясын асырауға, өзінің күнбе-күнгі жұмысқа деген күш-қуаты мен қабілетін 
толықтырып отыруға жетеді. Бірақ, ол шынында 1000, я болмаса, 1500 долларға жуық 
материалдық игіліктерді жасауы мүмкін. Ол – капиталистің байлығын өсіретін қосымша құн
Оны халықтың жалпақ тілімен айтсақ - қанау дейміз. Әрине, К.Маркстің ашқан бұл 
теориясының уақытында қоғамның саяси саласы мен жұмысшы қозғалысына тигізген үлкен 
әсерін айтпай кетпесе болмайды. Өйткені, ол бұл құбылысты жеке меншікке негізделген 
шаруашылыққа ғана тән, - деген тұжырымға келеді.
Алайда, адамды адам қанау (эксплуатация) мемлекеттік (яғни, қоғамдық) меншікке 
негізделген қоғамда да болуы мүмкіндігін өткен Кеңес қоғамының тарихы айқын көрсетті. 
Бұл қоғамда, әсіресе, ауылдағы механизаторлар, сауыншылар, кен өндірісіндегі шахтерлар, 
металлургтар т.с.с. топтардың қаналғаны қазір баршаға мәлім.
Екінші жағынан алып қарағанда, бүгінгі дамыған капиталистік елдерде капиталдың өсуі, 
негізінен алғанда, жұмысшыларды қанаудан емесғылыми-техникалық революцияның 
жетістіктерін ұтымды пайдалану арқылы іске асып жатқанын айтып өту керек.
Негізінен алғанда, қанаудың негізгі анықтамасы – адамның мерзімсіз азып-тозуы, оның 
өмірінің қысқаруы болып табылады. Ал бүгінгі таңдағы дамыған елдерде адам өмірінің 
ұзақтығы өте биік дәрежеде болғандықтан “қосымша құн” теориясы өзекті мәселе деп айта 
алмаймыз.  


Ал К.Маркстің ашқан екінші – тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасына келер 
болсақ, қоғамтану саласында оған пара-пар тұжырымдама әлі жасалған жоқ, - деп айтуға 
болатын сияқты.
Сан-алуан қоғам өміріндегі байланыстар мен құбылыстардың ішінен К.Маркс материалдық 
қарым-қатынастарды басымдық түрінде бөліп алып, олардың іргетастығын көрсетеді. Оның 
себебі қарапайым да табиғи күнбе-күнгі адамдардың өмір сүру қажеттіктерін өтеу 
керектігінде жатыр. Расында да, адамдарға күнбе-күн тамақ ішу, киім кию, баспана, т.с.с. 
материалдық мұқтаждықтарын өтеу керек. Оларсыз өмір жоқ. Ол үшін материалдық 
игіліктерді өндіру қажет. Оны өндіру барысында адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз 
өндірістік қатынастар пайда болады. Соңғы - қоғамның іргетасын құрайтын шынайы базис 
болып есептеледі. Ол адамдардың санасы мен еріктеріне тәуелсіз қалыптасады да оның 
үстінде қондырма ретінде оған тәуелді мемлекет, саяси, құқтық, моральдық, эстетикалық, діни 
т.с.с. құбылыстар орналасады.
К.Маркстің ашқан бұл ұлы жаңалығын жете түсінудегі негізгі қиындық - өндірістік 
қатынастардың адамның сана-сезіміне тәуелсіз қалыптасуы. Адам - әрқашанда саналы пенде 
ретінде өмір сүреді. Адам өзінің жанұясында, күнбе-күнгі жүріс-тұрысында басқа адамдармен 
саналы қарым-қатынасқа түсіп, өндірістік қатынастарға келген кезде "санасын үйде қалдырып 
кететінін" көзге елестету тіпті мүмкін емес. Олай болса, К.Маркстің негізгі қағидасын 
қалайша түсінуге болады?
К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы бабалардан қалған қоғамның 
материалдық өмірімен кез болады. Ол өндіргіш күштерді (машиналар, неше-түрлі жабдықтар, 
байланыс жүйелері т.с.с.) жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып тастап, өмірді "таза беттен" әрі қарай 
жалғастыра алмайды. Ол сол материалдық игіліктерді игеруге және өз өмір шеңберінде оны 
әрі қарай дамытуға мәжбүр болады. Сол өндірістік қатынастарды игеруде жаңа ұрпақ өз сана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет