Яғни, статус оның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, ой-өрісі мен сөйлеген сөздеріне, іс-
әрекетіне т.с.с. өз әсерін тигізбей қоймайды.
Әлеуметтік статусы жағынан
тең тұлғалар
бір-бірімен горизонтальдық қоғамдық
қатынастарға түсіп, еңбек нәтижелерімен алмасып, өз мұқтаждықтарын өтейді.
Әлеуметтік
статусы
тең емес жағдайда
вертикальдық байланыстар пайда болады. Бұл жағынан алғанда,
қоғам құрылымының
иерархиялық (жоғарғы-төменгі дәрежеде), яғни теңсіздік түрде өмір
сүретінін байқауға болады. Жоғарғы, орта деңгейдегі және төмендегі әлеуметтік топтар деп
адамдардың ойнайтын рөлдері мен статусы бойынша қоғам құрылымын анықтауға болады.
Сонымен,
статус адамның
қай әлеуметтік топқа жататынын көрсететін категория.
Достарыңызбен бөлісу: