2. Телесабақтар, соның ішінде радиода аудио сабақтар арқылы
Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарының оқушылары мен тәрбиеленушілері , 1-11 сыныптар үшін қашықтықтан оқыту үш тәсілмен жүргізіледі :
ТД-телевизиялық сабақтар (аудиосабақтар) 1-11 сыныптардағы оқу пәндері бойынша оқыту (қазақ, орыс) тілдерінде өткізіледі.
а) телевизиялық-сабақтар республикалық теледидарларда жүзеге асырылатын болады: қазақ тілінде білім алушыларға арналған сабақтар - «balapan» телеарнасынан (аудиосабақтар «Қазақ радиосы» арқылы), орыс тілінде білім алушыларға арналған сабақтар – «EL ARNA» телеарнасынан (аудиосабақтар «Радио классик» арқылы) аптасына бес күн сайын әр сабақты 10 минуттан трансляция жүргізіледі
б) Телевизиялық сабақ оқытушының жаңа оқу материалын түсіндіруінен тұрады (бейне, титрде мұғалімнің аты-жөнімен жазылған) - 6 минут; бекітуге арналған сұрақтар (экранда үлкен шрифпен 2-3 сұрақ) - 1 минут; бекітуге арналған жаттығулар (экранда үлкен шрифтпен 2-3 тапсырма) - 1 минут; тақырып бойынша қосымша сандық ресурстар (1-2 ЦББР) - 1 минут; өз бетінше оқуға арналған қосымша ресурстарға сілтемелер - 1 минут).
в) Сабақты қарағаннан кейін мұғалім білім алушыларға өзіндік жұмыс, өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалар береді, СБР-на сілтеме жасайды, орындалуын тексереді және кері байланыс жасайды.
г) Кері байланыс kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz электрондық журналдары арқылы, электронды журналдар болмаған жағдайда, қол жетімді байланыс түрлері арқылы жүзеге асырылады.
Теледидарда трансляцияланатын пәндер тізіміне енбеген оқу пәндері (музыка, көркем еңбек, дене тәрбиесі, алғашқы әскери және технологиялық дайындық) мұғалімдермен дербес қашықтықтан оқыту ұсынылады.
3. Алдын ала дайындалған сабақ жоспары арқылы қағаз тасымалдағышта (пошта бөлімшелері арқылы немесе қолма-қол)
Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарының оқушылары мен тәрбиеленушілері , 1-11 сыныптар үшін қашықтықтан оқыту үш тәсілмен жүргізіледі :
Сабақ алдын ала дайындалған жоспар арқылы оқушының барлық түсініктемелерімен және тапсырмаларымен қағаз тасығышта электронды поштаға, Whatsapp арқылы немесе санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып қолма-қол жіберіледі.
Мұғалім өз бетінше әзірлейтін сабақтың ұсынылған құрылымында сынып атауы, пән атауы, сабақ тақырыбы көрсетіледі. Білім алушыларға арналған сабақтың қағаз жоспарында сабақ тақырыбы бойынша қысқаша конспект жазылады, оқулықтың қай бетінде (45-47 бет) тақырыпты оқу керектігі көрсетіледі, бекіту үшін сұрақтар тізімі ұсынылады (2-3 сұрақ), оқулықтан өз бетінше бекіту үшін оқу тапсырмалары (1, 2, 3-жаттығулар немесе 1, 2, 3-тапсырмалар), өз бетінше орындау үшін мұғалім таңдаған басқа тапсырмалар (2-3 тапсырма, тесттер және т. б.), тақырып бойынша қосымша материалдар, кері байланыс механизмі ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |