Лекция
Отызжылдық соғыс және Вестфаль бітімі
1. Отызжылдық соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай.
2. Отызжылдық соғыстың алғышарттары мен басталу себептері.
3. Отызжылдық соғысқа қатысқан жақтардың көздеген мақсаттары. Соғыстың аяқталуы.
4. Вестфаль бітімінің негізгі шарттары. Вестфаль бітімінің Европада халықаралық қатынастар жүйесін құрудағы маңыздылығы.
ХVІІ ғ. испан гегемониясы құлдырап, Франция ықпалының күшеюі салдарынан Еуропаның саяси картасында бірқатар өзгерістер болды. ХVІ ғ. аяғы - ХVІІ ғ. басында француздық абсолюттік монархия нық орнады. Мемлекет қазынасы шаруалардың көбеюінен, жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазияның үлесінен толықтырылып, бұл өз кезегінде монархтардың Еуропа континентінде ғана емес, өзге жерлерде де сыртқы саясатты жүзеге асырып, Францияның позициясын күшейтуге септігін тигізді.
Вестфаль бейбіт бітімі Ришелье саясатының жемісі еді, әрине бұл кезде кардинал өзі тірі болмаған. Оның саясатын жалғастырушы кардинал Мазарини болды. Ол Оснабрюк, Мюнстер шарттары жасалған кезде билікте еді. Кейін ол өзі Кромвель басқарған Англиямен одақтасып Испанияға қарсы соғыс жүргізді және 1659 ж. Испаниямен Пиреней бейбіт келісіміне қол қойды. Осы шарттың арқасында Франция Люксембургтың бір бөлігіне, Руссильон, Артуа мен Геннегауға ие болды. Вестфаль және Пиреней бейбіт келісім-шарттары Францияның Еуропада үстемдік етуіне жол ашты. Францияның ең басты қарсыласы – Империя іс жүзінде жойылды. Германияда «неміс еркіндігі», Италияда “саяси еркіндігіне” қол жеткізілді. «Бостандық» деген жел сөз болып қалып, осы екі еуропалық елдің саяси бытыранқылығы бекітілді және Франция енді оларға қатысты ойына келгенін жасап отырды. Ежелгі Галлия кезіндегі фактілерді алға тарта отырып, Мазарини өзге жерлерді иемдену мақсатында «табиғи шекара» жайлы сөз қозғауға қол жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |