Лекция
XVIII ғ. Халықаралық қатынастар
1.Европалық державалар арасындағы негізгі қайшылықтар тобы.
2.Англия мен Франция арасындағы отарлық мәселе.
3.Поляк мәселесі және нәтижесінде кезінде алпауыт мемлекет болған Речь Посполитаяның саяси картадан жойылуы.
4.Герман жерлерінде болып жатқан процес пен екі күш орталықтары арасындағы бәсеке.
5. Ресей мен Түркия арасындағы қайшылықтары.
Маңызды қақтығыстар. Поляк мұрасы үшін соғыс (1733) пен «поляк мәселесі». Австрия мен Ресейдің Түркияға қарсы соғысы (1735-1739). Австриялық мұрасы үшін соғыс (1741-1743). Жетіжылдық соғыс (1756-1763). Польшаның төрт бөлінісі. Орыс-түрік соғыстары: 1769-1774 Кючук-Қайнарджи бітімі, 1787-1791 Ясы бітімі.
ХІV Людовик билеген кезінің екінші жартысында Англияның халықаралық қатынастардағы орнының күшеюімен сипатталатын Еуропаның дипломатиялық тарихындағы жаңа кезең басталды. Англия мен Франция арасында отаршылдық тонауда бақталастық күрестер болып жатты. Бұл күрестердің ең маңыздысы 1701-1714 жж. испан мұрасы үшін соғыс еді. Ол династиялық соғыс ретінде басталып, Франция мен Англия арасында теңізде және отаршылдық саясатта үстемдік ету үшін жүргізілген күрес ретінде аяқталды.
Сөйтіп, батыста Жеті жылдық соғыс Францияның отаршылдық қуатын жойып, Англияның теңіздердегі үстемдігін қалыптастырып, ал шығыста Пруссияның Германияда үстемдік етуінің алғашқы қадамы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |