Лекция Интернетке кіріспе



бет2/17
Дата06.02.2023
өлшемі0.53 Mb.
#469209
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
07-Лекция-Web-прог

Лекция 2. WWW қызметі.



  • WWW (World Wide Web)

  • Гиперсілтеме және гипермәтіндер.

  • HTML тілі.

  • Электрондық пошта.

  • Іздеу серверлері.

WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атай береді. Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web – сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web – құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.


WWW мен оның программалық жабдықтары – желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
HTML тілінде жазылған гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып есептеледі. Web-құжаттар тұтынушы мониторының мүмкіндіктеріне қарап, браузермен әртүрлі бейнеленуі мүмкін.
Гиперсілтеме және гипермәтіндер. Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне гиперсілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарды немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Сонымен, гипермәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.
HTML (HyperText Markup Language) – гипермәтінді белгілеу тілі мәтіндерді Web-құжат (HTML-құжат) түрінде бейнелеуге арналған тэгтер жиынын анықтайды. HTML тэгтері құжатты туралауға, пішімдеуге және безендіруге мүмкіндік береді. Интернетке арналған мұндай гипермәтінді Web-құжаттар баспаға шығаруға емес, тек монитор экраныныда көруге арналған. Сондай-ақ, HTML тілі Web-құжатқа гипермәтін мен қозғалмайтын объекттерді бейнелеу мүмкіндігін береді.
Қазіргі таңда тек қана HTML тілін пайдаланып, Интернетке арналған Web-құжат құрастыру жеткіліксіз. HTML тілінің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған қосымша технологиялар дамуда. Мұндай технологияларға төмендегілер жатады:

  • құжатты «логикалық» пішімдеуге арналған CSS – каскадты стильдер кестесі;

  • JavaScript немесе VBScript тілдерінде жазылған скрипттер;

  • Java тілінде жазылған апплеттер;

  • Perl, C++ тілдерінде жазылған CGI-скрипттер;

  • GIF және Flash-анимациялар;

  • AVI, MPEG форматындағы видеоклиптер;

  • WAV, MP3, MIDI форматындағы аудиоклиптер.

Электрондық пошта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы поштаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынуылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі.


Электрондық пошта географиялық адрестеуді қолданбайды. Электрондық поштаның адресі төмендегідей түрде болады:
Тұтынушы__аты @домен__аты.
Мысалы: ibm@mail.ru, ibm@narod.ru

Іздеу серверлері. Жиі қолданылатын іздеу серверлерінің тізімі:


http://www.yahoo.com http://www.rambler.ru
http://www.hotbot.com http://www.yandex.ru

Әдебиеттер





  1. Комягин В.Б., Печников В.Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. –М.: Триумф, 2003. –496 с.:ил.

  2. Снелл Нед. Интернет. Пер. с англ. –М.: «Вильямс», 2006. –384с.

  3. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. –Алматы: ЖТИ, 2004. –28 б.

  4. Ибрагимов О.М. Web-бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы. –Шымкент: ОҚМУ, 2012. –128 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет