Лекция Интернетке кіріспе



бет4/17
Дата06.02.2023
өлшемі0.53 Mb.
#469209
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
07-Лекция-Web-прог

Лекция 4. HTML тілінің мәтінді пішімдеу тэгтері.



  • HTML тілінің мәтіндік бөлікті пішімдеу тэгтері (Тақырыпты деңгейлерге бөлу. Абзацты ұйымдастыру. Мәтінді логикалық түрде бөлектеу.)

  • HTML тілінің мәтінді пішімдеу тэгтері. (Құжат мәтінінің негізгі шрифтін анықтау. Мәтін шрифтінің типін, өлшемін және түсін өзгерту.)

HTML тілінің мәтіндік бөлікті пішімдеу тэгтері. Егер бірнеше қатарлы мәтінді құжаттың ішінде теріп, оны браузермен қарасақ, мәтін бір түрлі пішімді шрифтте жазылып, қатарды тасымалдау амалдары орындалмайды. Мәтін браузер терезесіне сиғанша жазылып, кез-келген жерінен келесі қатарға тасымалданады, яғни мәтін пішімдеуді талап етеді.
Мәтіндік бөлікті пішімдеу тэгтерін қарастырайық.
тэгі мәтін тақырыптарын деңгейге бөледі. Барлығы болып шрифт өлшемімен бөлектенетін алты деңгей бар, яғни . Бірінші деңгей ең үлкен өлшемді шрифттермен беріледі. Олардың көмегінде тақырыптар мағынасы бойынша реттеледі. Тақырып тэгімен жабылады. Тэгтің align атрибуты тақырыпты left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке және center-ортаға туралайды. Мысалы:

тақырып 1


тақырып 2


тақырып 3


тақырып 4


тақырып 5

тақырып 6

деп жазсақ, браузер терезесінде төмендегі сөздер пайда болады:

тақырып 1

тақырып 2

тақырып 3

тақырып 4

тақырып 5
тақырып 6

тэгі жаңа абзацты ұйымдастырады. Мәтінді келесі қатарға көшіріп, абзацты алдыңғы мәтін қатарларынан бөліп тұрады. Абзацты


тэгі жабады. Тэгтің align атрибуты абзацты left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке, center-ортаға және justify-екі жақ шетке туралайды.
Мысалы:
"justify"> мәтін
.
тэгі мәтінді логикалық түрде бөлектеу мүмкіндігін береді. Браузер бұл бөлікті логикалық объект деп түсінеді. Ол объектпен динамикалық іс-әрекеттер орындай алады. Мәтінді
тэгі жабады. Тэгтің align атрибуты мәтінді left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке, center-ортаға және justify-екі жақ шетке туралайды.
Мысалы:
мәтін
.
тэгі мәтінді пошталық адрес ретінде сипаттайды. Көп браузерлер мәтінді курсив шрифтпен бейнелейді. Мәтінді
тэгі жабады.
Мысалы:
Шымкент, 21-мкрн, 14-12

тэгі мәтінді цитата ретінде сипаттайды. Браузер терезеде цитатаны абзац сияқты бейнелейді. Цитатаны тэгі жабады.
Мысалы:
Абайға пародия

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай
Осы екі айда бір қызбен таныстырып
Ғашық қылып, ажыратқан, құдайым-ай!


тэгі қатарды тасымалдау амалын орындайды. Бұл тэг жабылу тэгісіз жазылады. Мысалы:
мәтін 1
мәтін 2
мәтін 3
.

тэгі мәтінге горизонталь сызық енгізеді. Тэг жабылу тэгісіз жазылады.
Мысалы:
.
тэгі абзацты сол жазылған пішімделген күйінде, өзгеріссіз браузер терезесінде бейнелейді. Мәтін шрифті моношрифт типінде, барлық әріптердің ені бірдей өлшемді болады. Абзацтағы бос орындар саны мен сөздерді тасымалдау өзгеріссіз жазылады. Абзацты
тэгі жабады.
Мысалы:
мәтін
.
тэгі мәтін фрагментін бөлектеп, браузер терезесінде ортаға жазуға арналған. Мәтінді
тэгі жабады.
Мысалы:
мәтін
.
HTML тілінің мәтінді пішімдеу тэгтері. Мәтінді пішімдеу тэгтерін қарастырайық.
тэгі құжат мәтінінің негізгі шрифтін анықтайды. Бірақта мәтінннің кез-келген жерінде шрифтті тэгімен өзгертуге болады. Тэгтің жабылу тэгі жоқ.
Мысалы: "Times New Roman"> .
тэгі мәтін шрифтінің типін, өлшемін және түсін өзгертеді. Тэг тэгімен жабылады. Тэг жабылғасын шрифт > тэгіндегі мәндерді қайтадан алады.
Мысалы: "Arial" color=="#ff0000"> мәтін > .
Мәтін шрифті Arial типінде қызыл түспен жазылады.
"Verdana" color=="#0000ff"> мәтін >.
Мәтін шрифті Verdana типінде көк түспен жазылады.
тэгі мәтінді курсив шрифтпен бейнелейді. Тэг тэгімен жабылады. Мысалы: мәтін .
логикалық екпін тэгі. Мәтінді логикалық түрде бөлектеу мүмкіндігін береді. Әдетте мәтін браузер терезесінде курсив шрифтпен жазылады. Мағынасы жағынан тэгіне жақын. Тэг тэгімен жабылады. Мысалы: мәтін .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет