Лекция Интернетке кіріспе


Лекция 3. Web-құжат құрылымы



бет3/17
Дата06.02.2023
өлшемі0.53 Mb.
#469209
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
07-Лекция-Web-прог

Лекция 3. Web-құжат құрылымы.



  1. ASCII-редакторлар және WYSIWYG-редакторлар.

  2. Тэг және оның атрибуттары.

  3. Web-құжат құрылымы.

  4. Құжаттың тақырыптық бөлімі.

  5. Құжаттың негізгі бөлімі.

  6. Негізгі түстер.

ASCII-редакторлар және WYSIWYG-редакторлар. Интернеттің WWW (World Wide Web) жүйесінің негізгі қызметі қажетті ақпаратты іздеу, жинау және экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететін мәліметтері Web-беттер түрінде дайындалып сақталған, электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы, оның жазылу форматында. WWW қызметіндегі барлық гипермәтінді құжаттардың жалпы бір қасиеті, олардың барлығы HTML тілінде жазылған.


Web-құжат файлдары .html немесе .htm кеңеймесі бар мәтіндік файлдар. Оларды құруда қарапайым мәтіндік редакторлардан пайдалануға болады. Мысалы: MS Windows ортасында Notepad (Блокнот) редакторы.
Бірақта Web-құжаттарды арнайы HTML-редакторларда құру ыңғайлы. HTML-редакторлар екі топқа бөлінеді:

  • ASCII-редакторлар (ASCII-editors, Source editors);

  • WYSIWYG-редакторлар (WYSIWYG-editors).



ASCII-редакторлар қарапайым мәтіндік редакторлар. Тек олар HTML-құжаттарды құруға арналған қосымша мүмкіндіктерге ие. Оларға Webber, Macromedia HomeSite, DarekWare HTML Author, WebEdit редакторлары жатады.
WYSIWYG-редакторлар HTML-құжаттарды дайындалу барысында терезеде көру, құжатқа алдын-ала дайындалған шаблондарды қосу мүмкіндігін береді. Редакторлар қосымша терезе – браузерлермен жабдықталған. Оларға Microsoft FrontPage, Netscape Navigator Gold редакторлары жатады.
Web–браузерлер HTML тілінде Internet желісіне арнап жазылған Web-сайттар мен Web-құжаттарды парақтап көру, оқу мүмкіндігін береді. Web–браузерлер ішінде ең көп таралғандары Internet Explorer (Microsoft), Opera (Opera Software ASA) және Mozilla FireFox (Mozilla Corporation).
Тэг және оның атрибуттары. HTML тілінің мәтіндерді белгілеу нұсқаулары тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг < (кіші) символынан басталып, > (үлкен) символымен аяқталады. Осы символдар ішіне қызметші сөз – тэг орналасады. Әрбір тэг өзіне тән бір арнаулы қызмет атқарады. Оларды жазуда бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдануға болады, әріптер бірдей қабылданады. Браузер мәтінді монитор терезеында көрсеткенде тэгтер бейнеленбейді, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.
HTML тілінің әрбір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне ғана әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бірі – тэгті ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тэг белгілі бір нұсқауды бастайды, ал жабатын тэг – оны аяқтайды. Жабу тэгінің алдына / (қиғаш сызық) символы жазылуы тиіс. Кейбір тэгтер мағынасына орай жабылмауы да мүмкін.
Тэгтердің мәтінге тигізетін әсерлерін түрлендіруде олардың атрибуттарынан пайдаланады. Әдетте атрибуттар ашылу тэгтерінде кездесіп, қосымша қызметші сөздерден тұрады. Көбінесе атрибуттар " (қос тырнақша) символдары ішіне жазылған мәнімен беріледі. Атрибут мәні оның қызметші сөзінен = (теңдік) символы арқылы бөлініп жазылады.
Web-құжат құрылымы. Web-құжатты құрудан алдын, оның қай тілде жазылғанын браузер үшін анықтау қажет. Ол үшін құжаттың басына

тэгін орналастырамыз. Бұл қатар құжаттың HTML 4.0 тілінде жазылғанын білдіреді.
Web -құжат құрылымы төмендегі негізгі тэгтерден тұрады:


тақырып


негізгі бөлім
және
HTML негіздері
тэгтері HTML тілінде бекітілгенімен, оларды жазбаса да болады, бірақта алдын-ала тұтынушының қандай браузер пайдаланатыны белгісіз. Сондықтан Web-құжат құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Әйтпесе кейбір браузерлер Web-құжатты терезеде дұрыс бейнелемеуі мүмкін.

Негізгі бөлімде қолданылатын тэгінің атрибуттарын қарастырайық:


text="түс" – мәтін түсін анықтау;
bgcolor="түс" – фон түсін анықтау;
link="түс" – қаралмаған сілтеме түсі;
vlink="түс" – қаралған сілтеме түсі;
alink="түс" – тұтынушы таңдаған уақыттағы сілтеме түсі;
background="URL-адрес" – фондық сурет адресі.


Мысалы: . Мұнда фондық обой ретінде graf01.gif файлы алынған.
Негізгі түстер. Түсті анықтауда түстердің RGB (red, green, blue) моделінен пайдаланып, түстің ағылшынша атын немесе он алтылық санақ жүйесіндегі мәнін береміз. Түс red-қызыл, green-жасыл, blue-көк үш бояудың араласуынан тұрады. Араласу мөлшері он алтылық сан 00-ден басталып FF-санымен аяқталады. Он алтылық сан алдына # символы жазылады.
Мысалы: . Терезенің фоны ретінде жасыл түсі алынады.

Әдебиеттер





  1. Комягин В.Б., Печников В.Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. –М.: Триумф, 2003. –496 с.:ил.

  2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. –Алматы: ЖТИ, 2004. –28 б.

  3. Ибрагимов У.М., Абдиева З.А. HTML & CSS. Электронный учебник / Свидетельство о гос. регистрации объекта интеллект. собст. №288 от 14.04.2009

  4. Ибрагимов О.М. Web-бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы. –Шымкент: ОҚМУ, 2012. –128 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет