Лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына



бет1/3
Дата10.09.2023
өлшемі57 Kb.
#477062
түріЛекция
  1   2   3
Студенттің өзіндік жұмысына НҰСҚУЛЫҚ


Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

Студенттің өзіндік жұмысы студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.


Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:

  • тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;

  • лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей

  • болуына;

  • СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;

  • СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың

  • болуына;

  • СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.

СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай этаптардан тұрады:

СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен студенттің орындайтын өзіндік жұмысынан (ОБСӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
ОБСӨЖ бөлінген уақыт оқытушының жүктемесіне кіреді және сабақ кестесіне енгізіледі.
6. Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі
т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс оқу бағдарламасында және кафедраның оқуәдістемелік құжаттарында көрсетілуі тиіс. Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.
Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:
Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу.
Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 – функцияны қамтиды:
Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;
Төртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
Оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) сабақ кестесіне енгізіледі. СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОБСӨЖ-дің үлесін жоғары оқу орны дербес анықтайды.
Студенттердің өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
Студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
Студенттің өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеліп, әр аптаның соңында нәтижесі тіркеу бөлімінде белгіленеді.
ОБСӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарымен алмастыруға болмайды.
Студентті өзіндік жұмысты орындауға қажетті белсенді үлестірмелі материалдармен бітіртуші кафедра қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет