Студенттің өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруына арналған әдiстемелiк нұсқаулар (оқытушылар талдауы)
СӨЖ курстың арнайы бөлімі немесе белгілі мәселелерінің анықтамалары бойынша бірнеше тақырыпты құрайтын модуль мен бөлім төңірегінде әдістеме сипатымен сұрақтарды шешуге негізделе отырып жүргізіледі.
СӨЖ –дің барлық түрі әр-түрлі әдістемелік тәсілмен түрлі үйлестірумен жүргізілуі мүмкін.
Кең тараған СӨЖ тақырыптары немесе тараулар түрлері:
Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) эссе жазу.
Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет).
Глоссарий жазу – ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсінідіріп жазу.
Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады. (8-10).
Іскерлік ойын – Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын белгілі рольде, топта ойнау (алдын – ала дайындалу керек).
Айқындап жағдайды үйрену нақты - жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзiнше жобалау.
Топтық жоба, 4-5 студенттен қаралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады. Жеке жоба – маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері жетістерді қамтитын баяндамалар, білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
Жазба жұмыстары – модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
Тесттер – тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілген тест сұрақтары.
Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы жасап, өзінше қорытындысын шығару.
Пiкiр - студенттер бiр-бiрлерiнiє рефераттарын талдау жасап, өз пiкiрлерiн жазуы.
Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немесе 2) студентке кейсті жазуды тапсыруға болады. Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет, уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,1 балл алып тастау).
Достарыңызбен бөлісу: |