12 лекция. Тәжірибелік-психологиялық зерттеу
Психикалық процестердің сапасын, жеке адамның ерекшеліктерін анықтау үшін арнаулы сынақтардың, тестердің пайдасы зор.
Психологиялық тестердің қорытындысы клиникалық практикада жиі қолданылады. Түрлі әдістер арқылы жүргізілген клиникалық –психологиялық тексерудің, әсерлі психологиялық әңгіменің, өмір мен ауру туралы анамнездік мәліметтермен салыстыру керек.
Пиктограмма – жанама еске сақтауды тексеруге арналған әдіс. Есте сақтау үшін сайланып алынған сөздерді пайдаланады.
Пиктограмма әдісі жеке адамның есін ғана емес, оның ойлау, қабылдау, эмоция ерекшеліктерін анықтауға да пайдаланылады.
Ассоциацияны тексеру. Сөздік-ассоциациялық тәжірибе. Ассоциациялық тәжірибеден бұрын берілетін нұсқау бойынша, адам эксперимент жүргізуші қойған сұраққа өзінің ойына келген бір сөзбен жауап беруі керек. Тексерілуші нұсқауды жақсы ұғынып, тәжірибе кезінде қимылдамауы әрі қайталап сұрамауы керек.
Бұру мен жалпылау процестерін зерттеу.
Түсінікті жалпылау. Мұнда тексерілуші ұсынылған суреттің жалпы түсінігі мен заттардың атын атап беруі керек.
Түсініктердің жіктелуі. Тексерілушіге жануарлардың бейнесі, көкөністердің және осы секілді заттардың суреттері салынған карточкалар ұсынылады. Кейбір карточкалардың зат суретінің орнынан оның аты жазылуы мүмкін.
Түсініктерді бөлу. Мұнда тексерілуші өзіне белгілі үйдің, жануарлардың, ағаштардың атын айтуы керек. Түсініктерді анықтау мен айыру. Мұнда адам сараңдық пен үнемшілдіктің, ағаш пен бөрененің айырмасын айтуы керек.
«Қиыстыру» дағдылары мен әрекеттерін тексеру. Мұнда конструкциялық әрекет және конструкциялы ойлау әдісі қолданылады. Конструкциялы ойлау дегеніміз-мәселені іс-қимылсыз ой арқылы шешу, ал конструкциялы әрекет-есептерді іс-қимылмен шығару.
Типологиялық сұрау. Мұнда жоғары жүйке қызметінің типтері жүйке процестерінің (қозу, тежелу) күшіне, тепе-теңдігіне және жылжымалылығына қарай бөлініп, арнайы лабораториялық тексерулерде анықталады.
Талаптану деңгейін тексеру. Талаптанудың объективті және субъективті түрлері бар.
Өзін-өзі бағалауды тексеру. Тексерілуші ұсынылған төрт тік сызықтан кісінің денсаулығы, мінезі, ақыл деңгейі көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |