Цитоплазмалық мембрана бактерияларының құрылымы
Цитоплазмалық мембрана клетка қабырғасымен тығыз байланысты цитоплазманың сыртқы қабаты. Ол өте жұқа қабат, белоктардан түрады. Цитоплазмалық мембрана клетка бөлінуін қамтамасыз ететін мезосома құрайды. Цитоплазма - клетка ішін толтырып тұратын қоймалжың зат, ол судан, белоктан, майдан, көмірсулардан және минералды заттардан іүрады. Цитоплазмада ядро, рибосомалар, волютин, гликоген, түрлі пигменттер де болады. Ядро 2 жіпшелі дезоксирибонуклеин қышқылынан түрады, ол геном деп аталады. Цитоплазмада рибосомалар белоктарды жинақтау қасиетін атқарады. Рибосома 60% РНК дан және 40% белоктан түрады. Бактерия клеткалары тіршілік барысында қорғаныс бөліктерін құрайды - капсула және спора.
Капсула - сыртқы тығыз кілегейлі қабат, ол қорғаныс қызметін атқарады - қолайсыз жағдайлардан, яғни құрғап қалмаудан, фаголизистен, әртүрлі химиялық заттардың зиянды әсерінен сақтап тұрады.
Спора - дөңгелек клетка ішінде орналасқан жарқырауық денелер. Олар таяқша тәрізді бактерияларға тән. Бактериялар қолайсыз жағдайға тап болғанда спора түзеді. Споралар қолайсыз ортаға тым төзімді, оларды ұзақ қайнатса да тіршілігін жоймайды, сыртқы ортада тгіршілігін жоймай, ондаған жылдар сақталуы мүмкін. Қолайлы жағдай туғанда олар қайтадан өсіп шыға алады.
1 2 3 4 5 6 7
Достарыңызбен бөлісу: |