Лекция жинағы Дайындаған: Абдурахманова К. И. Кіріспе



бет27/76
Дата02.01.2022
өлшемі0.79 Mb.
#453487
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Лекция жина ы Дайында ан Абдурахманова К. И. Кіріспе

ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ.

БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ПАТОГЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ ВИРУЛЕНТТІЛІГІ
Инфекция немесе инфекциалық процесс деп қоздырғыш микроорганизм мен адам организмінде өзара қарым қатынастың нәтижесінде ауру пайда болу. Инфекцияның пайда болуы микроорганизмнің қасиетіне, макроорганизмнің жағдайына және қоршаған ортаға байланысты. Микроорганизм мен макроорганизм арасындағы қарым –қатынас симбиоз, келесі формалармен сипатталады: мутуализм, комменсализм, паразитизм.

Мутуализм - (лат. Mutuus - взаимный - өзара байланыс) екі организмге пайдалы өмір сүру. Мысалы: сүт - қышқыл бактериялар макроорганизм (адам) арқылы өмір сүреді де, адам ішегінің шіріту микрофлорасына антогонист (қарсы).

Комменсализм - макроорганизм (адам) арқылы өмір сүріп, қожайынға ешқандай зиян келтірмейді. Комменсал микробтарға организмнің қалыпты микрофлорасы жатады. Мысалы: ауру туғызбайтын стафилококктар, ішек таяқшалары т.б. макроорганизм (адам) қолайсыз жағдайларға тап болғанда, бұл микроорганизмдер өз орнынан басқа жерге ауысып, ауру туғызуы мүмкін. Паразитизм - бұл бір организм (паразит) басқа организм (қожайын) арқылы өмір сүріп, оған зиян келтіруі. Патогенділік — микроорганизмдердің патологиялық процесстерді яғни ауру туғызу қабылеті. Kөптеген микроорганизмдердің спецификалық - арнайы қасиеті бар белгілі бір микробтың белгілі бір ауруды туғызу қасиеті. Мысалы: холераны - холера вибрионы туғызады; гонореяны - гонококк туғызады, т.б. Вирулентгілік- қоздырғыштың патогендік өлшемі. Ол науқастың ауыртпалығы бойынша білінеді. Микроорганизмдердің вируленттілігі адгезия (жабысы), колонизация (көбею), инвазия (кіруі, сіңіуі) және фагацитозды тежеу қабілетіне байланысты.

Адгезия - микробтың қожайын организмінің сезімталдығы жоғары клеткіге жабысу (адсорбция) қабілеті.

Колонизация - микроб жабысқан клетканың бетінде (мысалы: холера вибрионы энтероциттерде көбейеді) немесе клеткілердін ішінде (мысалы: дизентерия таяқшалары тоқішектің клеткілерінде көбейеді) болады.

Инвазивтілік – дәнекер және басқа тканьдердің сіңімділін бұзатын ферменттерді өндіру қабілеті.

Осындай ферментерге:

1. гиалуронидаза – дәнекер тканьдегі гиалурин қышқылын бұзады да, ол тканьдерге микробтың енуін қамтамасыз етеді.

2. нейраминидаза, гликопротеидтерден, гликолипидтерден, полисахаридтерден нейрамин қышқылын ыдыратады да, олардың сіңімділігін арттырады.

Фагацитозды тежеу - бактериялардың капсуласы арқылы жүзеге асырылады.

Микроорганизмдердің вируленттігіне олардың токсин қабілетінің маңызы зор. Микроорганизмдердің токсиндері 2 - ге бөлінеді: экзотоксин және эндотоксин. Экзотоксин - микроорганизмдердің қоршаған ортаға бөлген алмасу өнімдері. Олар белоктекті, және қоршаған ортада тұрақсыз, Экзотоксин өте токсигенді және тек белгілі бір органды зақымдайды. Мысалы: дифтерия токсині - жүректі зақымдайды, ал сіреспе токсині –нерв жүйесін зақымдайды 0,4 % формалиннің әсерімен 39 – 40 градус температурада 3 – 4 аптада ол токсигендік қасиетін жояды, бірақ антигендік қасиеті сақталады. Бұдан вакцина дайындайды, олар анатоксин деп аталады. Эндотоксин- микроорганизмдердің клеткасымен тығыз байланысты монополисахаридпротеинді комплекс. Әртүрлі микроорганизмдердің эндотоксинінің әсері біртипті - жалпы интоксикация, қызу көтерілу, бас ауру т.б. Эндотоксин алу үшін микроорганизм клеткасын бұзу керек. Токсиннің әсерін оларға сезімтал жануарларда анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет