Лекция жинағы Дайындаған: Абдурахманова К. И. Кіріспе



бет30/76
Дата02.01.2022
өлшемі0.79 Mb.
#453487
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Лекция жина ы Дайында ан Абдурахманова К. И. Кіріспе

Биологиялық зерттеу
Лабораториялық тәжірибеге көбінесе ақ тышқандар, егеуқұрықтар (крыса) теңіз шошқалары және кроликтер қолданылады. Кейбір арнайы зерттеулерде маймылдар, иттер, мысықтар, ат, құстар т.б. қолданылады.

Арнайы лабораторияларда микробсыз жануарларда зерттеулер жүргізеді (оларды асептикалық жағдайда ұстайды).

Макроорганизмнің микробсыз өмірін зерттейтін ғылымды гнотобиология деп атайды. Оның мақсаты – макроорганизмнің физиологиялық және патологиялық процессте қалыпты және өзгерген микрофлорасын анықтау. Биологиялық тәжірибеге қолданылатын жануарлар жағдайларда ұсталынады, олардың орналасатын жерін виварии деп атайды. Виварииларда лабораториялық жануарларды клеткілі немесе банкаларда ұстайды. Әр жануар бөлек болады. Вивариидің іші жылы, жарық және құрғақ болу керек. Жануарларды питомниктв өсіреді. Питомниктен келген жануарды әуелі карантиндік бөлікте ұстайды. Виварии арнайы және көмекші бөлмелерден: карантиндік сау жануарларды ұстайтын бөлмеден, анықтау, тілу (вскрытие) жасайтын бөлмеден және тамақ пісіретін бөлмеден тұрады. Вивариидің 2 шығатын есігі болуы керек - біреуі инфекциялық ауру болған кезде шығатын - карантиндік. Жануарлардың жағдайы күнде тексеріліп отырады - журналда тіркеледі. Вивариидің ішін жинауға арнайы киім киеді - халат, тапочкі, резиналы перчаткі, орам қауіпті инфекция қоздырғышына арналған жануармен жұмыс істегенде маскі, көзілдірік, резиналы етік, клеенкалы фартук керек. Жинауды клеткілер мен банкілерді қараудан бастайды, және ауру жануарларды анықтайды. Содан кейін су және тамақ ішетін ыдыстарын жуып, тазартады, қайнатады. Клетканың ішін қоқыстардан тазартып, ыдыстарын орнына қояды. Аптасына 1 рет клеткалар банкілерді дезинфекциялайды, автоклавта ұстайды. Бөлмелерді жинап болғаннан кейін қоқыстарды және өлген жануарларды жағып жібереді. Вивариидің жұмысшылары қолдарын дезинфекциялап жуады.

Тәжірибе жасайтын жануарлар тамақтары құнарлы болуы керек дұрыс тамақтанбаса олардың инфекцияға қарсы тұрақтылығы төмендейді, ол тәжірибенің нәтижесіне әсер етеді.

Тәжірибеге жануарлар бір питомниктен алынады, олар салмағы, жасы, жынысы бірдей болуы керек. Тәжіребе жасар алдында оларды өлшейді, күнде температурасын өлшейді, нәтижесін журналға тіркейді. Тәжірибеге алынған әр жануарды белгілейді (маркир салады). Мысалы: ақ тышқандарды бояулармен бояп белгіле Кроликтер мен теңіз шошқаларының құлақтарына темір пластинк - нөмірленген - кигізеді. Құстардың оң аяғына алюминий сақ кигізеді. Тәжірибе жасардың алдында жануарды қозғалмас үшін бекітіп алады. Инфекция жұқтыру үшін: ірің, қақырық, қан, мүшелердің эмульсиясын (түйіршіктерін), микроб түнбасын қолданады. Жұқтыратын материалды әртүрлі жолмен енгізеді: тері астына, бұлшық етке, көк тамырға, ауыз арқылы, мұрын арқылы зондпен, көз арқылы, орталық нерв жүйесіне т.б.

Тәжірибе жасау үшін ауру жұқтырған жануар өлгеннен кейін оны ашып (вскрытие) ішкі органдарынан бактериологиялық зерттеулер жасап, олу себебін, қоздырғыштың таралу жолдарын, және жинақталған орнын анықтайды. (Вскрытие) ашу арнайы столдың үстінде болады, келесі кезеңдерден тұрады:

1. жануарды бекіту

2. сыртқы терісін тексеру

3. кеуде қуысын ашып, зерттеу

4. іш құрылысын ашып, зерттеу.

Өзгерген мүшелерден қоректік ортаға өсім жасап, жұғынды дайындап зерттейді.

Жұмыс болғаннан кейін, өлікті арнайы ыдысқа салып өртеп жібереді. Құралдарды стерильзаторға салып, қайнатады 30 - 40 минут, автоклавтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет