ПАТОГЕНДІ КОККАЛАР
Коккалар - бұлар микроорганизмдердің патогенді, шар патогенді және патогенді емес кең тараған топтары.
Берги классификациясы бойынша патогенді коккалар 3 топқа «туысқа» бөлінеді:
1. Micrococcaceae - Staphylococcus туысы «стафилококктар».
2. Streptococcaceae - Streptococcus туысы «стрептококктЩ пневмококктар».
3. Neisseriaceae - Neisseria туысы «менингокок гонококктар».
Барлық патогенді коккалардың жалпы белгісі - олардың ірі процесстер туғызу қабілеті, сондықтан оларды іріңді қоздырғыш деп атайды.
Барлық патогенді коккалар қозғалмайды, спора түзбейді. Пневмококкалардың капсуласы болады.
Тинкториялды қасиеті бойынша олар Грам оң (стафилоко стрептококк, пневмококк) және Грам теріс (менингококк, гонококк) болып бөлінеді.
Ірінді қоздыргыш патогенді коккалар өзара қоректік ортаға мұқтаждығына және биохимиялық белсенділігіне қарай бөлінеді.
Қоректік ортаға мұқтаждығы аз, бірақ биохимиялық белсенділігі көбірек - стафилококктар. Қоректік ортаға мұқтаждығы көбірек, биохимиялық белсенділігі аздау - гонококктар.
Достарыңызбен бөлісу: |