Эшерихиялар
Бұл тұқымға Е.соІі жатады.
Сонымен қатар биологиялық қасиеттері әртүрлі басқа да ішек таяқшалары болады.
Ішек таяқшасын 1888 жылы адам нәжісінен Эшерих анықтаған және соның есімімен аталған.
Е.соІі мекендейтін жері - ішек.
Ішек таяқшасы - адамның қалыпты микрофлорасы.
Тіршілік барысында Е.соІі ас қорытуға қабілетті ферменттер өндіреді, кейбір витаминдерді синтездейді (витамин В). Сонымен қатар патогенді микроорганизмдерге, яғни дизентерия, іш сүзегі, токсикоинфекция қоздырғыштарына қарсы әсер етеді. Тоқ ішекте ішек таяқшасының болмауы дисбактериоз ауруын қоздырады, яғни ішектің қалыпты мекендеушілерінің қүрамы өзгереді, протейлер, коккалар, саңырауқұлактар пайда болады.
Организмнің қорғаныс түрактылығы өзгерген кезде эшерихиялар басқа органдарға еніп, ауыр патологиялық процесстер тудырады. Сондықтан оларды шартты - патогенді микроорганизмдер деп есептеуге болады - қалыпты жағдайда олар сапрофиттер, ал өзгергенде ауру қоздырады.
Ішек таяқшалары нәжістермен сыртқы ортаға бөлінеді. Ішек таяқшаларының суда, топырақта басқа да объектілерде табылуы олардың нәжістермен ластанғанын, ал олардан ішек таяқшасының коли - титр, коли - индексінің анықталуы олардың санитарлық жағдайын көрсетеді.
Морфология. Ішек таяқшасы қысқа, шамамен 0,5 - 3,0*0,5 - 0,8 мкм таяқшалар. Грам теріс. Көбінесе қозғалмалы перитрихтар. Ішек таяқшаларының кейбір вариантары қозғалмайды, көптеген штаммалары капсула түзеді. Спора болмайды.
Культивирлеу. Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб. Жәй қоректік орталарда 37 градус температурада рН 7,2 - 7,8 жақсы өседі. Адамның және жануарлардың ішінінен алынған штаммалар 43 - 45 градус температурада өседі, ал салқынқандылардың ішек таяқшалары бұндай көбеймейді. Ішек таяқшаларының бұндай айырмашылығы объектілердің санитарлық жағдайын анықтағанда маңызды, себебі адамдар мен жануарлардың ішек таяқшаларының анықталуы санитарлық жағдайдың нашар екенін көрсетеді.
Ет - пептонды агарда ішек таяқшасы шеті тегіс лайлы, томпақ, ылғалды колония құрады. Ет - пентонды сорпада тегіс лайланған колония. Капсуласы бар өсімдер шырышты колония түрінде өседі.
Эшерихияларды ажырату үшін дифференциалды -диагностикалық орталар қолданылады: эндо және эозинметилен көгімен олар (ЭМК) ішек таяқшасы Эндо ортасында металдай жалтыр кызыл түсті колония құрады, ал ЭМКагарда қара - күлгін колония.
Ферментативті қасиеті ішек таяқшасы ферментативті белсенді. Ол лактозаны, глюкозаны, магнитті, мальтозаны, сахарозаны, басқа да көмірсулармен спиртті қышқьш мен газга дейін ыдыратады. Белок ыдырату қасиеті: индол түзеді. Желатинді ерітпейді. Кейбір биоварлар лактоза мен сахарозаны ыдыратпайды. Токсинтүзуі Эшерихиялар эндотоксин түзеді. Антигендік құрылымы. Эшерихиялар микроб клеткасының антигендік құрылымына байланысты ажыратылады. Эшерихиялардың 3 типі бар:
1. О - антиген (соматикалық)
2. К - антиген (капсулалы)
3. Н - антиген (талшыкты)
О - антиген температураға тұрақты, бактериянының клетка қабыргасында орналасқан. О - антиген культураның серологиялық топқа жататынын көрсетеді.
Эшерихияның К - антигені әртүрлі: А, В, L және М.
А мен М - температураға тұрақты.
В мен L - температураға өзгергіш. К - антигені О - антигенге қараганда клетка қабырғасында жоғары орналасқан, сондықтан оның қатысуымен реакция агглютинациясы О - қансарысуымен болмайды.
О - антигенін анықтау үшін культураны 100 градусқа дейін қыздырады: қыздырған К - антиген бұзылады, ал О - антиген қамсарысумен байланмсқа түседі.
Эшерихиялардың К - антигенінің 100 типі бар. Н - антиген тек қана қозғалатын штаммаларда болады, себебі олар талшықтармен байланысты. Эшерихиялардың Н - антигенінің 50 типі бар.
Н - антигеннің анықталуы бөлінген культураның серовариантын анықтауда маңызды.
Эшерихиялардың сероварларынан басқа бөлінген культураның фаговарын анықтауға да болады. Фаговарларды анықтаудың эпидемиологиялық маңызы зор.
Эшерихиялардың антогонистіқ қасиеті, шіріту және патогенді бактериялардың өсімін тоқтату қабілеті, дисбактериозға және басқа да ішек -ауруларына қарсы бактериялық препараттар дайындауда қолданылады.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. Эшерихиялар тұрақты. 55 градус температурада 1 сағаттан кейін, ал 60 градус температурада 15 минуттан кейін өледі. Суда, топырақта 2-3 айға дейін сақталады, ал сүтте сақталып қана қоймай - көбейеді. Дезинфекциялаушы ерітінділер: 3 % хлорамин, сулема ерітіндісі 1:1000 20-30 минуттан кейін өлтіреді.
Е.соІі бриллиант жасылына өте сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Эшерихиялардың кейбір серотоптары кейбір жануарларға патогенді, оларда ішек ауруларын қоздырады. Тәжірибелік жануарлардан Е.соІі - ге кроликтер, ақ тышқандар, теңіз свинкалары сезімтал.
Культураны енгізу түріне байланысты әртурлі аурулар қоздырады: тері астына енгізгенде - қабыну және абсцесс; тамыр арқылы енгізгенде - перитонит және сепсис.
Инфекция көзі. Ауру адам. Бактерия организмге сыртқы ортадан (экзогенді инфекция) сонымен қатар «іштен» (эндогенді инфекция) енеді.
Таралу жолдары. Инфекцияның экзогенді түрі тұрмыстық -жанасу арқылы таралары. Қоздырғыштар лас қолдар, ыдыстар, төсектер, ойыншықтар, тамақтар, шыбындар арқылы беріледі.
Патогенез. Эшерихиялардың қоздыратын ауруларын эшерихиоздар деп атайды.
Эшерихиоздардың дамуы қоздырғыштың ену түріне және серотобына байланысты. Ауыз арқылы енгенде ішек аурулары пайда болады. Адамдарда ауруды көбінесе О - тобының қоздырғыштары тудырады.
Бұл бактерияларды энтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ) деп атайды. ЭПІТ - ның бірнеше тобы бар:
1 - топ - жас сәбилерде колиэнтерит қоздырғыштары (серотиптар 0111; 026; 055; 086 т.б.)
2 - топ - дизентерияға ұқсас аурулар қоздырғыштары (025; 0124; 0143; 0144 т.б.)
3 - топ - холераға ұқсас аурулар қоздырғыштары (01; 05; 06; 078 т.б.)
Ішек таяқшалары азық - түліктерге түсіп, көбееді. Токсикоинфекция ауруын қоздырады.
Эндогенді инфекция әртүрлі органдарды зақымдайды: өттің қабынуы (холецистит), қуықтың қабынуы (цистит), қанға жұғу (сепсис).
Иммунитет. Осы ауруды қоздырған серовариантқа ғана болады) шерихиялардың әртүрлі варианттары болуы иммунитетті тұрақты болдырмайды.
Алдын - алу шаралары. Санитарлы - гигиеналық режимді, жеке гигиенаны сақтау.
Арнайы алдын - алу шаралары жоқ.
Емі. Антибиотиктер: ампициллин, тетрациклин, т.б. Колипротеинді фаг жақсы нәтиже береді.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу максаты: ЭПІТ табу және ажырату. Зерттеу материалы: 1. Нәжіс, 2. Құсық.
Ошақтық коли - энтерит ауруы болғанда азық - түліктерді, қолдың жуындысын, ойыншықтарды т.б. заттарды зерттейді.
Материалды алу әдістері.
1. Нәжіс - 3 - 5 гр. нэжісті 30 % глицерині бар пробиркеге жинайды.
2. Құсық - 3 - 5 гр. стерильді ыдысқа жинайды, NaCl ерітіндісімен араластырады.
Негізгі зерттеу әдісі. Бактериологиялық.
Достарыңызбен бөлісу: |