Лекция жинағы Дайындаған: Абдурахманова К. И. Кіріспе



бет47/76
Дата02.01.2022
өлшемі0.79 Mb.
#453487
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Лекция жина ы Дайында ан Абдурахманова К. И. Кіріспе

Шигеллалар
Дизентерияның қоздырғышын бірінші рет 1891 жылы А.В.Григорьев анықтаған. 1898 жылы японияның ғалымы Шита зерттеген. Одан кейінгі жылдары басқа да түрлері анықталған: 1900 жылы Флекснер, 1915 жылы Зонне, 1917 жылы Штутцер - Шмитц 1934 жылы Лардж - Сакс. Халықаралық классификация бойынша, барлық дизентерия қоздырғыш бактериялар бір түрге біріктіріліп, Шиганың есімімен шигеллалар деп аталған. Морфология. Шигеллалар көлемі 2 - 3*0,4 - 0,6 мкм таяқшалар, талшықтары жоқ, спора және капсула тузбейді. Грам теріс.

Культивирлеу. Шигелла - факультативті анаэроб. Қоректік ортада талғампаз емес. ЕПА және ЕПС - да 37 градус тампературада рН - 7,2 - 7,4 көбейеді. Элективті және дифференциалды -диагностикалық орталар — Плоскирев, Эндо, т.б.. Дөңгелек, сұрғылт, жартылай мөлдір, көлемі 1,5-2 mm S - формалы болып өседі. Сұйық қоректік ортада бірыңғай лайланған, R - формалы түнба түзеді.

Ферментативтік қасиеті - аз, лактозаны, сахарозаны ыдыратпайды. Белок ыдырату қасиеті де аз дамыған, индол мен күкірттісутек тұрақты емес, сүтті ұйытпайды, желатинді ерітпейді.

Маннитке байланысты 2 - ге бөлінеді: маннит ыдырататын және ыдыратпайтын.

Токсин түзуі. Эндотоксин түзеді. Шига шигелласы сонымен қатар экзотоксин түзеді.

Антигендік құрылымы мен классификациясы. Топтық және типтік антигендері бар.

Халақаралық классификация бойынша 4 топқа бөлінеді: А, В, С,Д.

А тобы: Григорьев - Шига, Штутцер - Шмитц, Лардж - Сакс дизентериясы, типтік антигендері бар.

В тобы: Флекснер дизентериясы топтық және типтік антигендері бар.

С тобы: Бойда дизентериясы - типтік антигені бар.

Д тобы: Зонне дизентериясы - түрлік антигені бар.

Қоршаган орта факторы на төзімділігі. 100 градус температура шигеллаларды бірден өлтіреді. 60 градус температурада 20 - 30 минуттан кейін өледі. Төмен температураға төзімді. Суда 3 айға дейін, овощтар мен жеміс - жидектерде 10-15 айға дейін сақталады. Күн сәулесі 2-3 сағаттан кейін өлтіреді.

Дезинфекциялаушы ерітінділер 20 - 30 минуттан кейін өлтіреді.

Жануарлардың кабылдаушылығы. Маймылдардан басқа жануарлар дизентерияға сезімтал емес. Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.

Таралу жолдары. Тамақ арқылы - су, овощтар, жеміс -жидектер, шыбындар арқылы.

Патогенез. Шигелла тамақпен тоқ ішекке түсіп, көбейеді, кейбіреулері өледі. Одан эндотоксин бөлініп, тоқ ішектің кілегей қабатын зақымдайды, қанды ісік пайда болып, жансызданады. Сонымен қатар ол орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Әсіресе шига қоздырғышы тудырған дизентерия ауыр түрде болады: интоксикация, қанды іш өту.

Иммунитет: Аурудан кейін иммунитет тұрақты емес, қайталануы мүмкін.

Алдын - алу шаралары: Жалпы санитарлы - эпидемиялық шаралар: дезинфекция, ауруды оқшаулау, ауруды уақытында анықтау. Арнайы шаралар: Жанасуда болган адамдарға дезинтерияға қарсы бактериофаг беріледі. Емі. Антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, симптоматикалық препараттар. Микробиологиялық зерттеу. Зерттеу мақсаты: Диагноз қою үшін шигелланы анықтау және ажырату (идентификациялау), бактерия тасымалдаушыны анықтау, азық - түліктен шигелланы анықтау.

Зерттеу материалдары:

1. нәжіс; 2. азық – түліктер; 3. секциядан алынған материал (тоқ ішек);

Материалды алу әдістері:

1. нәжіс - 3 - 5 г нәжісті глицеріні бар пробиркаға жинайды.

2. сұйық тамақты араластырып қоректік ортаға себеді.

3. тоқ ішектің 2-3 қиындысын алып, изотониялық NaCl ерітіндісінде ұнтақтайды.

Негізгі зерттеу әдісі: 1. Микробиологиялық; 2. Серологиялық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет