Лекция жинағы Дайындаған: Абдурахманова К. И. Кіріспе



бет44/76
Дата02.01.2022
өлшемі0.79 Mb.
#453487
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Лекция жина ы Дайында ан Абдурахманова К. И. Кіріспе

Гонококктар
Гонококктарді 1879 жылы Нейссер анықтаған, соның есімімен аталған. Морфология. Гонококктар бұл диплококктар, көлемі 1,2 - 1,3*0,7 - 0,8 мкм. Олар полиморфты, ұсақ, ірі, дүрыс емес L - формалы бактериялар. Гонококктар қозғалмайды, спора түзбейді. Грам теріс (-). Дәрілердің немесе басқа заттардың әсерінен тез өзгереді: грам оң түрлері пайда болады.

Культивирлеу. Гонококктар анаэробтар. Қоректік орталарды талғайды. 37 градус температурада рН - 7,2 - 7,4 қан, қансарысу орталарында өседі. Орталар ылғылды және жаңадайындалған болу керек. Материал алғаннан кейін өсімді бірден қою керек. Қансарысу ортасында гонококтер ұсақ 1-2 мм, мөлдір, жалтыр тегіс қырлы колониялар құрады. Қанды ортада гемолиз болмайды. Қансарысу сорпада пробиркі түбінде тұнба, мөлдір емес қабыршақ түрінде болады. Егер 24 сагаттан кейін өсім аз болатын болса, термостатта оны 2 - ші суткіге қалдырады.

Ферментативті қасиеті. Қантыдырату қасиеті аз дамыған, тек қана глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады. Белокыдырату қасиеті жоқ.

Токсинтүзуі. Гонококктың клетка қабырғасында токсигенді зат -липополисахарид болады.

Антигендік құрылымы. Антигендік құрылымы тұрақты емес, қоршаған орта факторларының әсерінен тез өзгереді. Гонококктар сероварларға және серотиптерге бөлінбейді.

Қоршаған орта факторына төзімділігі. Гонококктар қоршаған ортада тұрақты емес, 56 - 60 градус температурада өледі, 40 градус температурада тіршілігі төмендейді, салқын температура мен кептіру оларды тез жояды. Іріңде 24 сағатқа дейін сақталады. Дезинфекциялаушы ерітінділер - 1 % фенол, сулема 1:1000 бірнеше минуттан кейін жояды. Әсіресе олар күміс тұздарына сезімтал - 1 % күміс нитратының ерітіндісі оларды бірден жояды. Ультракүлгін сәулесі бірнеше минуттан кейін жояды.

Жануарлардың қабылдаушылығы. Жануарлар гонококке сезімтал емес. Бірақ ақ тышқандарға гонококтың токсинін енгізгенде олар бірден өледі.

Инфекция көзі. Гонореямен ауыратын адам. Таралу жолдары. Тікелей жанасу (жыныстық) және тұрмыстық жанасу, кейде заттар арқылы ( сүлгі, губкі, т.б.). Адамдардағы ауру: гонорея және бленнорея. Патогенез. Гонококктердің табиғи қожайыны ауру адам. Гонококк зәр шығаратын түтіктің (уретра) кілегей қабаты арқылы енеді. Гонореяда зәр шығарған кезде ауырады, зәр шығару түтігінен және қынабтан ірің бөлінеді. Ауру жедел және созылмалы түрде болады. Гонококк гонореялық коньюктивит, жаңа туған нәрестелерде бленнорея қоздырады. Гонококктер зәр шығару түтігінен басқа органдарға енбейді, бірақ кейде артритердің, эндокардиттердің себебі болуы мүмкін. Иммунитет. Гонококке қарсы табиғи тұрақтылық жоқ, аурудан кейін де иммунитет болмайды. Алдын - алу шаралары. Санитарлық, гигеналық, мәдени ағартулар.

Арнайы шаралары жоқ. Нәрестелерге бленнореға қарсы туғаннан кейін кезіне 1 - 2 тамшы 30 % альбуцид тамызадм

Емі. Антибиотиктер - пенициллин, бициллин, стрептомицин,

сульфаниламидті препараттар.

Созьшмалы түрінде гонококке қарсы вакцина қолданылады. Микробиологиялық зерттеулер.

Зерттеу мақсаты. Гонококке қарсы қарсыденелерді және гонококкты анықтау. Зерттеу материалы.

1. Еркектерде зәр шығару түтігінің кілегейі

2. Әйелдерде зәр шығару түтігінің және қынабтың кілегейі

3. Көзден ірінді кілегей; 4.Қан

Материалды алу әдістері:

1. Зәр шытару түтігінен кілегейді - стерильді тампонмен, ілмекпен алады.

2. Көзден ірінді - NaCl ерітіндісінде ылғалдандырылған стерильді тампонмен алады.

3. Қан - тамырдан шприцпен 5 мл алады.

Негізгі зерттеу әдістері.

1. Микробиологиялық

2. Микроскопиялық

3. Серологиялық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет