Мерез қоздырғышы
Treponema pallidum 1905 жылы Ф.Шаудин ашқан. Мерезді зерттеуде И.И. Мечников, П. Эрлих, Д.К. Заболотный зор үлес қосқан.
Морфология. Treponema pallidum спираль тәрізді жіпше, мөлшері 8 - 18*0,08 - 0,2 мкм біркелкі иректерден түрады, иректер саны 12 - 14. Қозғалмалы. 4 түрде қозғалады. Романовский - Гимза бойынша боз - қызғылт түске боялады, сондыктан оны бозғылт трепонема деп атайды. Дұрыс боялмауы онда нуклеопротеидтің аз мөлшерде болуы. Трепонемаларды тірілей қара аймақта зерттейді. Спора және капсуласы жоқ.
Культивирлеу. Қоректік органы талғайды. Жасанды қоректік ортада өсу үшін ми немесе кролик бүйрегі және асцит сұйыктығы болу керек. Жәй өседі: анаэробты жағдайда, 5-12 күнде, 35 - 36 градус температурада. Тауық эмбрионында жақсы көбейеді. Жасанды қоректік ортада өсіргенде өзінің вируленттігін жояды. Бұндай өсімді культуральды деп атайды. Тауық эмбрионында өсірген культураны тіндік деп атайды.
Ферментативтік қасиеті - жоқ. Культуральды штаммалары өзара индол және күкірттісутек түзуімен ажыратылады.
Токсинтүзуі анықталмаған.
Антигендік құрылымы. Полисахаридті, липидті, протеинді антигендік комплекстері бар. Серотоптары мен сероварлары анықталмаған.
Қоршаған орта факторына төзімділігі - тұрақсыз. 45-55 градус температура 15 минуттан кейін өлтіреді. Төмен температураға төзімді, мұздатқанда 1 жылға дейін сақталады. Спирохеталар ауыр металл тұздарына сезімтал (сынап, висмут, мышьяк). Дезинфекциялаушы ерітінділер бірнеше минуттан кейін өлтіреді, олар пенициллинге, бициллинге сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Табиғи жағдайда жануарлар мерезбен ауырмайды.
Инфекция көзі. Ауру адам.
Таралу жолдары. Тікелей жанасу, тұрмыстық - ыдыс - аяқ, төсек арқылы. Сәбилерге ауру шешесінен плацента арқылы жұғады.
Патогенез. Ауыз қуысының және жыныс жолдарының кілегей қабаттары арқылы енеді.
I кезең - спирохеталар кілегей қабатқа еніп, инкубациялық кезеңнен кейін (3 апта) енген жерде жара пайда болады: оның түбі және шеттері тығыз, қатты - қатты шанкр деп аталады. Сонымен қатар лимфа түйіндері де үлкейеді. 1 кезең 6-7 аптаға созылады.
II кезең - мерез қоздырғыштары лимфа және қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Теріде және кілегей қабатта розеола, папула жэне везикулалар пайда болады. Бүл кезеңнің ұзақтығы 3-4 жыл.
ІІІ кезең - уақытында емделмеген мерезде болады. Бұл кезенда мүшелерде, тіндерде, сүйектерде, тамырларда гуммалар, гуммозды инфильтраттар пайда болады. Бұл кезең бірнеше жылға созылады, бұл кезеңде ауру жұқпалы емес. Емделмеген мерезде бірнеше жылдан кейін нерв жүйесі зақымдалады: паралич, жұлын зақымданғанда - бел семуі (спинная сухотка).
Иммунитет. Табиғи иммунитеті жоқ. Аурудан кейін «стерильді емес» инфекциялық иммунитет немесе шанкрлік деп аталады - яғни ауру қайта жұққанда қатты шанкр пайда болмайды, ал келесі кезеңце дамиды.
Алдын - алу шаралары. Санитарлы - ағарту жұмыстары мерезді дер кезінде анықтау. Арнайы шаралары жоқ. Емі. Пенициллин, бициллин, биохиноль, т.б.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Бозғылт трепонеманы анықтау, серодиагностика.
1. қатты шанкрдың ішіндегісі (I кезең) 2. розеола, папула, везикул; Зерттеу материалы. ішіндегісі (II кезең); 3. қан (II, Ш,ІҮкезең);
Негізгі зерттеу әдісі: 1. Микроскопиялық, 2. Иммунофлюоресценция реакциясы
3. Серологиялық: а) Вассерман реакциясы (РСК) б) тунба реакциясы
4. Трепонемалардың иммобилизация реакциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |