Лекция жинағы Дайындаған: Абдурахманова К. И. Кіріспе


АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР ҚОЗДЬІРҒЬІШТАРЬІ



бет61/76
Дата02.01.2022
өлшемі0.79 Mb.
#453487
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
Лекция жина ы Дайында ан Абдурахманова К. И. Кіріспе

АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР ҚОЗДЬІРҒЬІШТАРЬІ
Тырысқақ вибриондары.

Vibrio cholerae түрі Vibrio тұқымына жатады.

Холера қоздырғыштары 2 биовардан турады.

Биовар Vibrio cholerae 1883 жылы Р.Кох анықталған.

Биовар eltor 1906 жылы Ф.Готшлихт анықтаған.

Соңғы жылдары судан және басқа да объектілерден НАГ -вибрионы анықталған, оның О - антигені әртүрлі, НАГ -вибрионының 60 О - тобы бар.

Морфология. Тырысқақ вибриондары молшері 1-3*0,2 - 0,4 мкм таяқшалар, үтір тәрізді. Өте қозғалмалы. Монотрихтар. Спора және капсула түзбейді. Грам теріс. Электронды микроскопта кабырға мен цитоплазма арасында вакуоль анықталған, онда экзотоксин өндіріледі.

Культивирлеу. Тырысқақ вибриондары - факультативті анаэробтар. Қоректік органы талғамайды, сілтіні ұнатады. 37 - 39 градус температурада көбейеді. ЕПА және ЕПС жақсы өседі. Элективті ортасы - 1 % сілтілі пептонды су, оның бетінде нәзік көгілдір қабыршық қүрайды. Тез көбееді: сұйық ортада 6-8 сағатга, тығыз ортада 12-14 сағатта. Тырысқақ вибриондары S - түрінен R -түріне өзгереді.

Ферментативті қасиеті. Тырысқақ вибриондары биохимиялык белсенді - қантыдырату, және белокыдырату жэне диастазалық қасиеттері бар. Қантгы қышқылға дейін ыдыратады. Белокыдырату касиеті: желатинді ерітеді, триптофанды индолға дейін бөледі, сүтті ұйытады. Күкіртті сутек өндірмейді. Диастазалық қасиеті - крахмалды ыдыратады. Тырысқақ вибриондары патогенді ферменттер өндіреді: фибринолизин, плазмакоагулаза, гиалуронидаза, лецитиназа, коллагеназа, т.б..

Токсин түзуі. 3 түрлі токсин түзеді: 1 тип - эндотоксин - температураға тұрақты, 2 тип - экзотоксин - температураға өзгергіш, 3 тип - температурага тұрақты, ішек эпителиінің Na тасымалдауын тоқтатады.

Антигендік құрылымы. Тырысқақ вибрионы температураға тұрақты соматикалық О - антиген және температурага өзгергіш Н -антигені бар.

Vibrio cholerae жэне Vibrio eltor 01 топқа жатады. 01 топ 3 компоненттен тұрады: А, В, С және 3 серовары бар. Серовар АВ -Огава, серовар АС - Инаба, серовар ABC - Гикокшима.

Қоршаған орта факторына төзімділігі. Тырысқак вибриондары 60 градус температурада 5 минуттан кейін өледі. Ал қайнатқанда бірден өледі. Томен температураға төзімді, мұзда бірнеше ай, теңіз және өзен суында - бірнеше апта, шыбынның ішегінде 4-5 күн сақталады. Кептіруге және күн саулесіне өте сезімтал. Дезинфекциялаушы ерітінділер тез өлтіреді.

Жануарлардын қабылдаушылығы. Жануарлар тырысқақпен ауырмайды. Инфекция көзі және таралу жолдары. Инфекция көзі - аур адам және бактериятасымалдаушы. Адамдар азық - түлік, су, затта арқылы жұқтырады.

Патогенез. Вибрион ауыз арқылы асқазанға түсіп, қышқыл ортада өледі, кейбіреуі ішекке өтіп, сілтілі ортада көбейеді. Ішектің кілеге қабатында вибриондар мен токсиндер жиналады. Кілегей қабы қызарады, өткізгіштігі артып, секреторлық және copy қасиеті бұзылады. Іш өтеді, қайталама құсу, организмнен су мен түдцар кетіп, тіндер құрғап, қан ұйды, орталық және вегетативті нерв жүйесі бұзылады, интоксикация болады.

Иммунитет. Аурудан кейін тұрақты.

Алдын - алу шаралары: дер кезінде ауруды анықтау, оқшаулау, ауруханада емдеу, дезинфекция. Су көздерін қорғау, азық - түліктерді бақылау, эпидемия кезінде шекараны қорғау, т.б.

Емі: антибиотиктер: тетрациклин, левомицетин. Көп мөлшерде сұйық және электролиттер.

Микробиологиялық зерттеу.

Зерттеу мақсаты: Тырысқақ вибрионы н жэне оның сероварын анықтау.

Зерттеу материалдары:

1. Нәжіс;

2. Құсық;

3. Секциялық материал;

4. Қоршаған ортадағы су, азық - туліктер.

Материалды алу әдістері.

1. Нәжіс - 10 - 20 мл нэжісті қасықпен стерильді банкіге салып, аузын тығыздап жабады.

2. Құсық 10 - 15 г қасықпен банкіге жинайды.

3. Секциялық материал - ішекті орта, жоғары, төменгі жағынан қиып алып, стерильді банкіге салады.

Негізгі зерттеу әдістері.

1. Бактериологиялық

2. Микроскопиялық

3. Серологиялық

Қоректік орталар:

1.1% пептонды су

2. сілтілі агар

3. Кларке ортасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет