Жарлық (ярлык - shortcut) – бұл белгілі-бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б.
Бума (folder) экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады.
Файлдар. Файлды дискіге көшіру. Деректер компьютерде файл түрінде жазылып сақталады, олар компьютер дискісінде белгілі бір орынға орналасады. Файл атауы Windows жүйесінде бос орындарды қоса есептегенде 255-тен аспайтын символдар тізбегінен тұрады. Файл атауында келесі таңбалар қолданылмауы тиіс: \, /, : , *, ?, «». Файлдар командалық қатарда файл атауынан және кеңейтілуінен тұрады. Кеңейтілудің көмегімен файл типін анықтауға болады. Файлды дискіге сақтауға болады. Диск атауы латын әрпінен басталып, соңына қос нүкте қойылады. А, В- әріптері иілгіш дисктерге арналған. C:, D:, E:, F: және т.б. – қатқыл дисктердің логикалық атаулары болып табылады. Файлды дискіге сақтау қажет болған жағдайда файлдың толық атауы диск атауынан басталады. Мысалы, C:\<файл атауы>. Сонымен қатар, файлдарды дискіде орналасқан бумаларда сақтауға болады.
Бума дегеніміз – файлдарды сақтайтын дискідегі арнайы орын. Бумаларды кейбір жағдайда директорий, каталог деп атайды. Дискідегі барлық бумалар бұтақ тәріздес құрылымды құрайды.
Windows операциялық жүйесінде файлдармен және бумалармен жұмыс істеу үшін Менің компьютерім және Сілтеуші программалары қолданылады.
Тапсырмалар
1. Негізгі іске қосу мәзірін ашып, Программалар-Сілтеуші (Проводник) командасын орындаңыз. Сілтеуші терезесі ашылады.
Сілтеуші терезесі
2. Сілтеуші бағдарламасының көмегімен бумалар құру Файл-Құру-Бума (Файл-Создать-Папку) командасын таңдаңыз. Экран терезесінде жаңадан бейнеленген жаңа бума белгілемесінің тұсындағы мәтін енгізу өрісіне буманың жаңа атын теріңіз: Самал1. Самал1 бумасын жаңа атауы бойынша бекіту үшін пернесін немесе Сілтеуші бағдарламасының кез-келген бос жеріне тышқанның сол жақ түймесін басу керек. Сілтеуші терезесін жабыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |