Сабақтың мақсаты: «Менің компьютерім» қапшығының терезесі, «Бағыттауыш»



жүктеу 54.6 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі54.6 Kb.
Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Бағдарламаны іске қосу және құжаттарды ашу.

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1.«Менің компьютерім» қапшығының терезесі, «Бағыттауыш» бағдарламасы арқылы және «Пуск» батырмасын қолданып, бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру

2. Оқушылардың бағдарламаны іске қосу және құжаттарды ашу

тәсілдерін, қолданбалармен жұмыс істеу негізін білу қабілеттерін

дамыту.


3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум. Жаттығу элементтері бар көрсетіп –түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - қолданбалармен жұмыс істеу негізін;

- бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерін;

- «Бағыттауыш» бағдарламасы не екенін;

Оқушылар үйренуі тиіс:

- қолданбаларды үш тәсілмен іске қосуды;

- құжаттарды үш тәсілмен ашуды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабаққа арналған теориялық материал оқулықта жеткілікті берілген. Тақырыпты түсіндірген кезде жұмыс дәптеріндегі кестелерді толтыру, бағдарламаларды іске қосу және құжатты ашу тәсілдерін көрсету, тәсілдердің ұқсастығы мен айырмашылығын, қандай жағдайда қай тәсіл тиімді екенін анықтап атау. Әр оқушы өз бетімен осы тәсілдерді орындап көруі керек.


Бағдарламаны іске қосудың және құжатты

ашудың үш тәсілі бар



1. “Менің компьютерім”

қапшығының терезесі

арқылы


2. Бағыттауыш

бағдарламасы арқылы



3. “Пуск” батырмасын пайдаланып

ПУСК” БАТЫРМАСЫ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ



ҚОСУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ АШУ

3.3.1, 3.3.2, 3.3.3, 3.3.4, 3.3.5,3.3.7, 3.3.8, тапсырмаларында нәтижеге жету үшін орындайтын әрекеттер тізбегін көрсету керек. Шығыңқы төртбұрыштарда белгілі бір әрекеттің нәтижесін көрсету керек . Мысалы: “Пуск” батырмасын басқанда БАС МЕНЮ шығады.
3.3.1. Тапсырма “Пуск” батырмасы көмегімен бағдарламаны іске қалай қосады?


1. ПУСК батырмасын басыңдар

2.БАҒДАРЛАМАНЫҢ пунктін таңдаңдар

3. СТАНДАРТНЫЕ пунктін

таңдаңдар



4. Таңдап алынған қосымшаның

белгішесінде шертіңдер







3.3 2.Тапсырма. “ ПУСК” батырмасының көмегімен құжатты қалай ашады ?



1. ПУСК батырмасын басыңдар

2.Маус нұсқағышын ҚҰЖАТТАР пунктіне орнатыңдар

3. Таңдап алынған құжаттың белгішесінде шертіңдер

МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ” ҚАПШЫҒЫ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАНЫ

ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТЫ АШУ.
3.3.3. Тапсырма. «Менің компьютерім» қапшығы арқылы бағдарламаны іске қалай қосамыз?




1.МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ белгішесіне маус нұсқағышын орнатып, оны екі рет шертіңдер.

2.С: дискісінің белгішесінде екі рет шертіңдер.

3.PROGRAM FILES қапшығының белгішесінде екі рет шертіңдер.

4.ACCESSORIES қапшығының белгішесінде екі рет шертіңдер.

5.Таңдап алынған қолданба белгішесінде екі рет шертіңдер.


3.3.4.Тапсырмасы. МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ қапшығы арқылы құжатты қалай ашады?




1.МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ белгішесіне маус нұсқағышының орнатып, оны екі рет шертіңдер.

2.С: дискісі белгішесінде екі рет шертіңдер.

3.МЕНІҢ ҚҰЖАТТАРЫМ қапшығының белгішесінде екі рет шертіңдер.

4.Таңдап алынған құжаттың белгішесінде екі рет шертіңдер.

БАҒЫТТАУЫШ ҚОЛДАНБАСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?





1. ПУСК батырмасын басыңдар

2. Маус нұсқағышын СТАНДАРТНЫЕ

командасына орналастырыңдар.



3. БАҒЫТТАУЫШ командасына маустың сол жақ батырмасын шертіңдер


3.3.6. Тапсырма. Фразаны жалғастырып жаз. (сөйлемді аяқтаңдар).

Тапсырма тақырыпты меңгеруін бақылау үшін қолданады.

БАҒЫТТАУЫШ қолданбасының терезесі екі бөліктен тұрады

БАҒЫТТАУЫШ” терезесінің сол бөлігі қапшықтардың

салынуының құрылымын көрсетеді.

+ берілген қапшыққа басқа да салынған қапшықтар бар екенін көрсетеді.

Егер бұл белгішеде шертсе, онда қапшықта бар барлық бағыныңқы қапшықтар көрінеді. “+”белгісі “- ” белгісіне ауысады.

-” терезеде қапшықтың ішіндегісі ашық екенін білдіреді.

Егер осы белгішеде шертсе, онда қапшықтардың бәрі біреуіне жиналады. ”-” белгісі “+” белгісіне ауысады.


Қандай да қапшықтардың бірін таңдау үшін, маустың сол жақ батырмасымен осы қапшықтың белгішесінде бір рет шерту керек. Терезенің оң жақ бөлігінде ашылған қапшықтың ішіндегісі (мазмұны) көрінеді



3.3.7. Тапсырма. БАҒЫТТАУЫШ қолданбасы арқылы бағдарламаны іске қалай қосады?

Жоғарыда айтылған тәсілмен БАҒЫТТАУЫШ қосымшасын іске қосыңдар

1. Терезенің сол жағындағы PROGRAM FILES қапшығының «+» белгісінде шертіңдер.

2. ACCESSORIES қапшығының белгішесінде шертіңдер.

3. Терезенің оң жақ бөлігіндегі таңдалған бағдарламаның белгішесінде екі рет шертіңдер.







3.3.8.Тапсырма. БАҒЫТТАУЫШ қолданбасы арқылы құжатты қалай ашады?





1. Жоғарыда айтылған тәсілмен БАҒЫТТАУЫШ қосымшасын іске қосыңдар

2. Терезенің сол жағындағы МЕНІҢ ҚҰЖАТТЫРМ қапшығының «+» белгісінде шертіңдер.

3. Терезенің оң жақ бөлігіндегі таңдалған ҚҰЖАТТЫҢ белгішесінде екі рет шертіңдер.



IV. Жаңа тақырыпты бекіту

3.3.1-3.3.8 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Бағдарламаны іске қосу және құжаттарды ашу.

Оқу : Бағдарламаны іске қосудың және құжатты

ашудың үш тәсілін жаттау. «Бағыттауыш» бағдарламасы не үшін керек екенін;



2)Оқушыларды бағалау


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет