Бақылау сұрақтары:
MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтерін атаңыз.
MS Power Point құжатының кеңейтілімі қандай?
Иллюстрациялармен жұмыс істеу тәсілдері қандай?
Анимация деп нені айтады?
Презентация құру қандай кезеңдерден тұрады?
Мәтінмен жұмыс істеу кезеңдерін атаңыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. О.Сейітқұлов Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар. Оқу құралы-Шымкент, 2012 (50д)
2. Медетбекова Р. Информатика. Оқулық-Шымкент-2011 (20д)
3. О.Ибрагимов WEB бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы-Шымкент, 2015 (30д)
4. Зәуірбеков Н. Алгоритмдеу және программалау негіздері. Оқулық –Қарағанды, 2014 (15д)
5. Соммервиль И. Бағдарламалық жасақтама. 1-бөлім. Оқулық-Алматы, 2013 (10д)
6. Алдажаров Қ. Компьютерлік желілер. Оқу құралы-Алматы, 2010 (10д)
7. Таненбаум Э. Компьютерлік желілер. Том-1. Оқу құралы-Алматы, 2013 (10д)
8. Беркімбаев К. Информатика. Оқулық-Алматы-2010 (12д)
9. Королева Н. Информатика. Оқулық-Алматы-2012 (10д)
Лекция №14
Тұсаукесерді даярлау құралы – MS POWER POINT.
1. MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері.
2. Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу. Презентация материалдарын баспаға шығару.
Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы - әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді. Power Point бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Бағдарламаның әрбір презентациясы слайдтар жиынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін. Power Point бағдарламасын мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:
1) Меню арқылы Бастау батырмасы – Бағдарламалар - Microsoft Power Point;
2) Қолданушы тышқанның оң жақ батырмасын басып, Создать – Презентация Microsoft Power Point.
Power Point-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:
1. Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
2. Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
3 . Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
4. Презентацияларға объектілер қосу.
5. Презентацияларға ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
6. Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
7. Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
8. Презентацияны демонстрациялау.
Достарыңызбен бөлісу: |