Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу. Презентация материалдарын баспаға шығару.
Анимацияны баптау-PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандарды – бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді. PowerPoint қарапайым нысандарға жан бітіруге мүмкіндік береді. Өзгертпелі Анимация тапсырмалар аймағының көмегімен көрмені көрсету кезінде слайдтағы қай элемент қай кезде және қалай шығуы керек екенін – мысалы, тінтуірді шерткен кезде сол жақ жиектің артынан ұшып шығуын таңдауға болады. Анимация параметрлерінің көбісі өзіне сәйкес пәрмендер қатарын қамтиды. Мысалы, тақырып бірден емес, жеке-жеке әріптер түрінде пайда болады. Бұл үшін Слайдтарды көрсету мәзірінің Анимацияны баптау әмірін таңдаңыз. Тапсырмалар аймағында түрлі Анимация пәрмендерінің сан алуан нұсқасын ұсынатын Өзгертпелі Анимация құралдар үстелі пайда болады. Есіңізде болсын – Анимация пәрмені әрбір нысан үшін жеке-жеке бапталады, сондықтан алдымен нысанды бөлектеп алып, содан кейін Пәрменді үстеу батырмасын шерту керек. Қажет болса, пәрмен параметрлерін (басы, жол, жылдамдық) баптап алыңыз. Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
Сұхбат терезесі пайда болған кезде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
Слайдты көрсету кезінде музыка немесе дыбыс өз бетімен ойнатылуы үшін Өзмәтіндік батырмасын басыңыз. Музыка не дыбысты дыбыс белгішесін нұқу бойынша ойнату үшін Нұқу бойынша батырмасын басыңыз.
Презентацияны көрсету Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысанды нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.
Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы үстелде Сіз сондай-ақ слайдтардың тінтуір нұқуымен немесе өздіктік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамдығын белгілеуіңізге болады. Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірді ашып, Әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті параметрлерді баптау қажет. Егер Сіз ағымдық слайдты көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету (ағымдық слайдтан) батырмасын басыңыз. Ол кішірейтілген слайд белгішелері бар үстелдің төменгі жағында орналасқан. Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету – Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе <Ғ5> пернесін басу керек. Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін пернесін басуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |