Лекция жинағы Шымкент, 023ж апта: Психология ғылымына түсінік


Темперамент теорияларына жалпы шолу



бет16/19
Дата30.03.2023
өлшемі169.66 Kb.
#471369
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Психология пәнінен лекция жинағы

13 апта:Темперамент - жеке тұлға ерекшелігі

1.Темперамент теорияларына жалпы шолу.

2.Темперамент қасиеттері. Темпераменттің физиологиялық негіздері

3. Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.


4. Оқушылардың темперамент типтерін оқу-тәрбие үрдісінде ескеру.
Темперамент- жүйке жүйесінің тума қасиеттеріннен туындайтын адамның жеке өзгешелеіктерінің бірі.
Ол- адамдардың эмотциялық қозғалыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Мәселен, біріеулур шапшаң қимылыдайды, тез қозғалады, енді біреулер жай қозғалады, асықпайды. Бұлар адамның жалпы қозғалысынан байқалады.
Психиканың күші мен тереңдігінен адамның өжет алғыр болуын байқауға немесе керісінше, сылбыр, жігерсіз болуын байқауға болады. Адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз,ал эмотция сезімдерінен сабырлы, күйгелікті байқауға болды. Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие.
Темперамент туралы алғашқы ой пікірлер ғылымда өте ерте кезде айтала бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған Гиппократтың ойынша, әр түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар; денені жылытып тұратын-қан, салқындататын-шырын (слизь), құрғататын –бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ).
Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “карсис» деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атаған.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамның тампераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген.
Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвинкалық ( лат «сангиус» — қан), ал шырын басым болса, (грекше «флигма»- шырын,) флигматик темпераментті, ал организмде қара өт басым болса меленхолик (грекше «меланхолик» -қара өт ), организмде сары өт басым болса холерик (грекше «холе-өт) темпераментті деп аталады.
Рим дәрігері Гален температенттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераментті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераментті баяуламайтынын айтты.
Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің «антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрлі туралы писихологиялық сипаттама береді. Бірақ ол темперамент пен мінезді бір-біріне балама ретінде қарастырады.
Темперамент түрлеріне теориялар 19 ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттің түрленіше болуы- жүйке жүйесінің тонусыны байланысты десе, орыс антропалогы Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді.
Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деді.
Темпераменттің физологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павлов болды. Жүйке жүйесінің типтері деген Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Жүйке процестерінің күші – сыртқы ортаның түрлі тітіргеніштерге мидың төзімділігі жатады. Жүйке процесінің тепе-теңдігіне – қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке процесінің қозғалыштығы-қозу мен тежелудің бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттігін айтады. Осы принциптерді негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке жүйесінің әрбір типінің үш үлгісін көрсетті ұстамсыз тип, ширақ тип,баяу тип.
Ұстамсыз тип- жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу мен тежелу процесі бір-бірімен сәйкес келмейтін ерекше қозғалыстағы тип.
Ширақ тип-қозу мен тежелу процесі бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады.
Баяу тип- қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу.
Павлов сангвинктерді – ширақ, күшті, қозуы мен тежелуі тең, халериктерді-ұстамсыз,қозғалғыш адам, флегматиктерді-қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанымен қозғаласы баяу адамдар десе, меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар.
Павлов холериктерді жылдам, тез әрленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип атады. Бірақ ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда сылғыртау икемі кемірек. Осыдан ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбірек сырттай көрінеді, сондықтан толық экстраверт.
Сангвиник – ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап, тастап жүреді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда , ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері-іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бір жерде жеңіл мінезге салынады. Сангвиник төңірегіндегілер мен тіл табысқыш, жаңа себептерге қарамастан бір істен, екіншісіне ауыса алады.
Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Флегматик өте қуатты жұмыстан шаршамайды. Шыдамды , ұстамды, сезімге берілмейді, сырттай әсерге төзімді. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет боып табылады.
Меланхолик темпераментіндігі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре бермейді неде болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтпайын дегенін айта алады. Тұйықтық өз ойына шомылуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалық осы темпераметтің ең нашар жағы. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның біршама психикалық процестері әлсіз.
Неміс психологі Вильгелин Вундт 19 ғасырдың аяғында темпераментті жылдамдықтың және жан қозғалыстарының күштерінің арақатынасы деп біледі. Ол темпераментті екі түрге бөлді; эмоциясы күшті темпераменттер, әлсіз эмоциялы темпераменттер холерик және меланхолик типтерін жатқызады.
20 ғасырда темперамент туралы пікір айтқандардың бірі және ерекше кеңінен таралған Э.Кречмердің (1888-1964) ұсынған типологиясы. Ол 1921жылы өзінің «Тән құрылысы және мінез» атты белгілі еңбегінде темперамент адамның тән құрлысының белгілі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болатындығын дәлелдеді. Э.Кречмердің теориясы Еуропада кеңіне тарады.
Бұл теория дене бітімінің теориясы деп аталады. Ерекше кеңінен тараған теория Э.Кречмердің типологиясы. Бұл теорияның негізгі идеясы адамдардың дене бітімінің немесе құрылымының белгілі түріне қарай белгілі психолгиялық ерекшеліктері болатындығы.
Ол адам денесінің бөліктеріне көптеген зерттеулер жүргізіп, осының нәтижесінде 4 дене бітімінің типін бөліп көрсетуге мүмкіншілік берді.

  1. Лептосоматик – нәзік дене құрылысымен, биік бойымен, тегіс келген омырауымен сипатталады. (тар-мықты, қол-аяқтары ұзын және жүдеу келеді)

  2. Пикник – өте толық келген,орта және шағын бойымен, үлкен ішімен және қысқа мойынды дөңгелек басымен сипатталады.

  3. Атлетик – күшті дамыған бұлшық етімен, мықты дене бітімімен, ұзын немесе орта бойлы, кең мықты, тар жамбасымен ерекшеленетін адамдар.

  4. Диспластик – дене бітімі ешқандай түрсіз, дұрыс емес дене құрылымымен ерекшеленетін адамдар.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің жалпы типін гено атады, демек тұқым қуалайтын тип жүйке жүйесінің типі- бұл жүйке жүйесінің табиғи туа біткен қасиетті, бірақ өмір және іс-әрекет жағдайымен өзгеруі мүмкін. Жүйке жүйесінің типі адамның мінез-құлқына ерекшелік береді. Адамның барлық келбетіне өзгеше із қалдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет