Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет43/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Ядро қабықшасы
Оптикалық микроскопиялық зерттеулер мен микрургияны қолданып жүргізілген көптеген тәжірибелер жасушалардың бәрінде ядролық қабықша-ның болатынын ерте кезден анықтаған. Бұл бағытты дамытудағы электрон-дық микроскоптың рөлі ерекше. Электрондық микроскоптың мәліметтері бойынша ядро қабықшасы екі қабаттан тұрады. Сыртқы және ішкі мембрана-лардан. Әркайсысының қалыңдығы 7 нм-дің шамасында. Морфологиялық жағынан жасуша ішіндегі басқа мембраналардан айырмасы жоқ, белоктар мен липидтерден тұрады және перинуклеарлық кеңістік деп аталатын мембрана-лардың арасында ені 20 нм-ден 60 нм-ге дейін жететін кеңістік болады. Ядролық қабықша жасушаның бөліну кезеңінде болмайды. Ядро қабықшасы-ның екі қабатты екенін 1882 ж. Флемминг жазған болатын. Ядро қабықша-сының құрамында ядролық поралар болады. Ядролық қабықшаның сыртқы мембранасы үзілместен эндоплазмалық тордың мембранасына ауысады. Ядро қабықшасының сыртқы мембранасының цитоплазмаға қараған бетінде, эндопалзмалық тордың мембранасының сыртқы бетіндегідей рибосомалар болады. Бұл ядро қабықшасы мен эндоплазмалық тордың ұқсас және бір-бірімен байланысты екенін көрсетеді. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының ядролық қабықшасының сыртқы мембранасы тегіс емес, цитоплазмаға қараған бетінде дөңестер мен өсінділер байқалады.
Ішкі мембрана ядроның хромосомалық материалмен ұштасып тұрады. Түрлі жасушалардың ядролық қабықшасында диаметрі 80-90 нм поралардың көптеген саны болады.
Осы поралардың қабырғаларында ішкі мембрана үзілместен сыртқы мембранаға айналады. Поралар жай тесік емес, оларды глобулалық және фибриллалық құрылымдар жауып тұрады. Ядро қабықшасының дөңгелек тесіктерінің шекарасында әрқайсысында 8-ден үш қатар гранулалар орналасады: бір қатары ядро жағында, екіншісі цитоплазма жағында жатады, ал үшінші қадтары пораның орталық бөлімінде орналасқан. Гранулалардың үлкендігі 25 нм-дің шамасында. Осы гранулалардан фибриллалық өсінділер тарайды. Шеткі гранулалардан тарайтын мұндай фибриллалар центрінде ұштасып диафрагма құрайды. Поралар тесіктерінің центрінде орталық гранула деп аталатын грануланы жиі байқауға болады.
Бір жасушадағы поралардың үлкендігі тұрақты, сол сияқты түрлі организмдердің жасушаларының ядролық пораларының үлкендігі де біршама тұрақты болады. Поралардың саны айнамалы. Ядролардың үлкендігі мен жасушалардың функциялық белсенділігіне тәуелді. Жасушадағы синтездік процестер неғұрлым жоғары болға, поралар саны соғұрлым көп болады. Кейбір инфузориялардың микронуклеустеріндегідей толықтай пісіп жетілген сперматозоидтарда поралар байқалмайды. Поралардың саны жасушалық цикл барысында өзгеруі мүмкін. Поралар санының бірінші көбеюі митоздан кейін ядроның өсуі мен қайта құрылу кезінде байқалады. Поралар санының көбеюінің екінші кезең ДНК синтезі кезіңде жүреді.
Ядро бетінде поралар біркелкі орналасады. Поралық комплекстер жасушаның басқа мембраналық компонентгерінде де кездесуі мүмкін, бірақ та ядролық қабықшаға қарағанда анағұрлым сирек кездеседі. Соңғы кезде ядролық поралардың өсімдіктер жасушаларында да болатыны анықталды.
Поралық комплекстер кейде гранулалық тордың мембраналарының құрамында да байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет