Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет2/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Тақырыбы: Кіріспе
Жоспар:

  1. Жасуша биологиясы пәнінің мақсаты

  2. Жасуша биологиясының тарихы.

  3. Жасуша теориясы

Цитология жеке ғылым ретінде өткен ғасырдың соңғы ширегінде пайда болған. Бірақ жасуша жөніндегі ілім XVII ғасырдан басталады, оның тарихы үш ғасырды қамтиды. Организмнің жасушалық құрылысының ашылуы микроскоптың шығуына байланысты.


Микроскоптың шығу тарихы толық анық емес. Бірақ та микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің кейбір әсерінің болғаны күмәнсіз. Көзілдірік 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарға қарағанда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған. 1612 жылы Галлилей де микроскопты кұрастырған. Алғашқы микроскоп ғылыми-зерттеу құралы болмаған, оған ойыншық ретінде қараған. Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоп арқылы тығынның құрылысын қарап, оның ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды жасуша деп атаған. Сонымен Р.Гук «жасуша» деген терминді қалдырған. Бұл қазіргі түсініктегі жасушаның ашылуы емес. Кейінірек, осы XVII ғасырда Грю мен Мальпиги микроскопты қолдана отырып өсімдіктердің құрылысын зерттеген. 1671 жылы Мальпиги «Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер» деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда «Өсімдік анатомиясы» атты кітабын жариялаған. 1671 жылы Грю «Өсімдіктер анатомиясының бастамасы» деген еңбегін Лондон Королевалық қоғамына тапсырған. Мальпиги, әсіресе Грю өсімдіктердің микроскопиялық құрылысьш зерттей отырып, өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінің құрамында «көпіршіктердің» болатынын анықтаған. Өсімдіктердің жасушалық құрылы-сын көрген, XVII ғасырдың ұлы микроскопшілерінің бірі А.Левенгук, бірақ та ол өз жаңалықтарының маңызына түсіне алмаған. АЛевенгук жануарлар-дың жасушаларында – эритроциттерді, спермотозоидтарды, біржасушалы жануарларды бірінші болып көрген. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің «жасушалық құрылысы» ашылған. Бірақ та шын мағынасындағы жасуша осы ғасырдың оқымыстыларына белгісіз болған.
XVII ғасырда микроскоптың құрылысы жабайы күйінде қалған.
XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына елеулі жаңалықтар енбеген, тек қана азды-көпті штативі ғана жаңарған. Бұның себебі ХVІІІ ғасырдың ғалымдары микроскопқа көңілді аз аударған. XVIII ғасырда және XIX ғасыр-дың бас кезінде өткен ғасырдағы мәліметтерге елеулі жаңалықтар қосылған. XVII және XVIII ғасырларда өсімдік жасушасының қабықшасы ғана белгілі болған. XIX ғасырдың басында зертгеушілер өздерінің назарын жасушаның ішкі бөліктеріне аудара бастаған. XIX ғасырдың бірінші ширегінде жасушада ядро (1825) байқалған. Оны тауық жұмыртқасынан тауып, ұрық көпіршігі деп атаған. Кейін өсімдік жасушасының ядросын 1831 жылы Р.Броун ашқан. Осыдан соң жасушаның қалған құрылымын атау үшін Пуркинье протоплазма (1839-1840) деген терминді енгізген. Сонымен XIX ғасырдың бірінші үш он жылында өсімдіктер анатомиясында елеулі жаңалықтар ашылған. Егер де XIX ғасырдың басында жасушаның не екені және өсімдіктердің жасушалық құрылысының маңызы жөніндегі мәселе анық болмаған болса, өткен ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде жағдай өзгерді. Жасушаны барлық өсімдіктер әлемінің құрылымдық элементі деп санады.
XIX ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуы жасушалық құрылыс өсімдіктер емес жануарлар организміне тән екенін көрсетті. Бұл бағытта көп еңбек сіңірген Я.Пуркинье мен И.Мюллердің мектептері. Ян Эвангелиста Пуркинье өзінің шәкірттерімен бірге (әсіресе Валентинмен) адам мен жануарлардың әр түрлі ұлпаларын зерттеген.
Пуркинье микроскопиялық анатомияның негізін ғана қалаушы емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да негізін салушының бірі. Иоганнес Мюллер мектебінің еңбектері ғылым тарихында ерекше орын алады. Оның шәкірттерінің Т.Шванның, Я.Генленің, Р.Ремактың, гистология-ның негізін салушылардың бірі А.Келликердің, Э.Дюбуа-Реймонның, Р.Вирховтың, Э.Геккельдің, И.М.Сеченовтың еңбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн, көптеген деректі материалдарға сүйеніп жасушалық теорияның құрастырды. Т.Шванн жасушаны өсімдіктер мен жануарлардың универсалдық құрылымдық компоненті деп қарастырды. М.Шлейден мен Т.Шванн организмдегіжасушалар алғашқы жасушалық кұрылысы жоқ заттан пайда болады деп қате түсінген. Жасушалық теория барлық тірі табиғаттың біртұтас екенінің дәлелдемесі. Жасушалық теорияның биологияның дамуына ғана емес, философияның дамуына да үлкен прогрессивтік әсері тиді. Ф.Энгельс жасушалық теорияны XIX ғасырдағы үш ұлы жаңалықтың (энергия тұрақтылық заңы, жасушалық теория және Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Жасушалық теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң немістің ұлы дәрігері Рудольф Вирхов (1859) жасуша жасушадан ғана пайда болады деге қорытынды жасап, жасушалық теорияны одан әрі дамытты.
Қазіргі кездегі жасушалық теорияның негізгі қағидалары мыналар:
1. Жасуша тіршіліктің ең кішкене бірлігі.
2. Түрлі организмнің жасушалары құрылысы жағынан ұқсас.
3. Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.
4. Көп жасушалы организмдер жасушалар мен олардың туындыларының жиынтығы.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде цитология өз алдына жеке ғылым болып қалыптасты. Бұган себеп болған микроскоптың жақсартылуы мен микроскопиялық техниканың дамуы. Атап айтқанда микроскоптың штативі жақсартылып, микрометрлік винт пен кремальерамен жабдықталынды. Осымен қатар микроскоптың оптикасы жақсартылды. Көрсету дәрежесі жоғары окулярлар жасалып шығарылды. Иммерсиялық объективтің микроскопиялық практикаға енуі үлкен жаңалық болды. Иммерсия принципін ұсынған 1850 жылы Д.Амичи болатын. Бірақ та иммерсиялық орталық ретінде қолданылған өсімдіктер майы мен су ойдағыдай нәтиже бермеді.
Микроскоп оптикасы конструкциясының онан әрі дамуы Э.Аббенің есімімен тығыз байланысты. 1878 жылы Аббенің басшылығымен иммерсияға арналған объектив жасалынып шығарылды. Иммерсиялық орта ретінде самырсын майы пайдаланылды. 1873 жылы Аббе микроскоптың жарық жинайтын аппаратын жасап шығарды. Бұл аппарат осы күнге дейін Аббенің атымен аталады.
Микроскоптың жақсаруымен бірге микроскопиялық зерттеу техникасы да дамыды. Фиксаторлардың жаңа түрлері белгілі болды. 1840 жылы А.Ганновер фиксатор ретінде хром қышқылын ұсынды, ал 1859 жылы Г.Мюллер «Мюллердің қоспасы» деп аталған фиксаторды практикаға енгізді. 60 жылдың аяқ кезіңде Ранвье пикрин қышқылын, 1878 жылы Ланг сулеманы фиксатор ретінде қолдана бастады. Формалинді осы мақсатта алғаш рет 1893 жылы Блум қолданды. Сөйтіп, XIX ғасырдың аяқ кезінде фиксаторлар арсеналы анағұрлым артты.
Жұқа кесінділер дайындайтын микротом деп аталатын құралдың жабайы түрін Я.Пуркиньенің шәкірті А.Ошац жасап шығарған. Микротомның шығуымен байланысты ұлпаны тығыздау және қатыру әдістері қажет болды. 1869 жылы Е.Клебс ұлпаларды тығыздау үшін парафинді, ал А.Бетххер желатинді ұсынды. 1879 жылы П.Шиффердеккер осы мақсатқа целлоидинді пайдаланды. Өткен ғасырдың орта кезінде бояу әдістері шыға бастады. Бояғыш ретінде карминді 1849 жылы Гепперт пен Кон қолданды. 1865 жылы Бемер гематоксилинді микроскопияға енгізді. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде аналин бояғыштары да пайдалана басталды.
Микроскопиялық техниканың дамуы XIX ғасырдың соңғы ширегінде көптеген цитологиялық жаналықтардың ашылуына әкеліп соқты. Солардың бірі кариокинез бен жасуша органоидтарының ашылуы. Жасушаның тікелей емес бөлінуі жөніндегі алғашқы мәлімдемені 1873 жылы Шнейдер жасаған. Шнейдердің бұл жаңалығы кезінде тиісті баға ала алмады. Сонымен бірге автордың өзі үшін де жаңалығының универсалдық маңызы күмән болған. Кейінгі жылдары да жасуша бөлінуінің жаңа әдісі туралы көптеген жұмыстар жарияланды. 1894 жылы Н.Д.Чистяков митоздық бөлінудің бірнеше фазаларын жазды. Н.Д.Чистяков жаңадан пайда болған жасушалардың ядросы аналық жасушалар ядросының бөлінуінің нәтижесінде пайда болатынын түсіне білді. Бірақ та Н.Д.Чистяков бөліну фазаларының тәртібін толықтай біле алмады. 1875 жылы жасуша бөлінуінің жаңа ашылған әдісіне арналған көптеген еңбектер шықты. Э.Страсбургер бірнеше өсімдіктер митозын баяндауға арналған «Жасушаның бөлінуі және жасушаның пайда болуы» деген монографиясын жарыққа шығарды. Страсбургер өсімдіктермен бірге шеміршек жасушаларының асцидий жұмыртқасының бөлінулерін де қарастырды. Түрлі организмдердің тікелей емес бөлінуі ортақ зандылықпен жүретінін Страсбургер дұрыс түсіне білді. Бірақ та митоздың жеке детальдарына баға берген кезде ол еңбегінде көптеген қателер жіберді. 1878-1879 жылдар кариокинез ашылуының кульминациялық дәуірі болып саналады. 1878 жылы Страсбургердің «Жасушаның бөлінуі және ұрықтану жөнінде» деген екінші монографиясы шықты. Осы жылы орыс тілінде В.И.Майзельдің «Эпителийдің регенерациясы жөнінде» деген зерттемелері-нің кейбір қорытындылары жарияланды. 1879 жылы В.Шлейхердің, В.И.Перемежконың және В.Флеммингтің осы тақырыпқа арналған еңбектері шықты. Флеммингтің «Жасушаның субстанциясы, ядросы және жасушаның бөлінуі» деген 1882 жылы шыққан монографиясында кариокинез жөнінде шыққан жұмыстарды қорытты. Осы кездегі қолданылып жүрген кариокинез-ге байланысты көптеген терминдер Флеммингтің осы монографиясында кездеседі. Мысалы: тікелей және тікелей емес бөліну, митоз және амитоз, ядро торы, хроматин мен ахроматин, экваторлық пластинка, «аналық және балалық жұлдыздар». «Кариокинез» деген терминді қазіргі мағынасында пайдаланған да Флемминг. «Профаза», «Метафаза» және «Анафаза» деген терминдерді Э.Страсбургер 1884 жылы енгізген. «Телофаза» деген терминді 1894 жылы М.Гайденгайн ұсынған. Органоидтардың ішінде бірінші ашылғаны жасуша орталығы (центросома). Оны алғаш рет жазған 1876 жылы Э.Ван Бенеден. Центросома деген терминді енгізген Т.Бовери. Алғашқы кезде центросоманы жасушаның бөліну кезінде ғана пайда болады деп санаған. 1891 жылы Флемминг пен М.Гайденгайн бөлінбеген жасушаның тұрақты органоидысы екенін дәлелдеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардан басқа көпжасушалы жануарлар жасушаларымен қарапайымдарда және кейбір өсімдіктер жасушаларында болатыны кейін анықталды.
Митохондрияларды алғаш рет 1891 жылы Бенда ашқан. Бұл органоидты зерттеуде үлкен еңбек сіңірген Ф.Мевес. 1898 жылы К.Гольджи жапалақтың мишығы мен жұлынының жасушасында тордың болатынын байқаған. Оны жасуша ішіндегі тор тәрізді аппарат деп атаған. 1900 жылы Э.Гольмгрен нерв және эпителий жасушаларында тор тәрізді каналшықтардың болатынын жазған. С.Рамон-и-Кахалъ бұл құрылымдар ұқсас деп санап, оларды «Гольджи-Гольмгрен каналшықтары» деп атауды ұсынған. Кейін 1921 жылы У.Г.Пенфилд бұл құрылымдардың бір-бірінен өзге екенін анықтаган. Кейін бұл аппарат «Гольджи аппараты» деп аталды. «Гольджи аппаратын» зерттеуде орыс зерттеушілері Д.И.Дейнека, Л.П.Карпова, П.В.Макаров, А.В.Румянцев, И.И.Соколов, Г.В.Ясвоин және басқалары елеулі үлес қосты. Тор тәрізді аппараттың қызметін анықтауда әсіресе Д.Н.Носоновтың еңбектерінің маңызы зор. Осы органоидтардың ашылуы цитоплазмада жасушаның тіршілігі мен қызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті.
2 Лекция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет