Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы


Жасуша бетінің мамандалған кұрылымдары



бет23/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Жасуша бетінің мамандалған кұрылымдары
Орналасу ерекшеліктеріне қарап, жасушалар бетінің мамандалған құрылымдарын жасушаның бос (апикальдық) бетіндегі, жанасқан жасушалар-дың бетіндегі және жасушалардың базальдық бөлігіндегі мамандалған құрылымдар деп бөледі.
Жануарлардың жасушаларының көпшілігінің плазмалық мембранасы түрлі құрылымдық өсінділер кұрайды. Солардың бірі – микробүрлер. Электрондық микроскопиялық зерттеулер, микробүрлер плазмалық мембра-намен шектелген цитоплазманың өсінділері екенін анықтады. Микробүрлер-дің негізгі функциясы – жасушалардың ауданын арттыру. Сондықтан да бұлар алмасуға белсенді қатысатын жасушалардың бетінде көп болады. Мысалы, асқорыту жолының кілегей қабатын астарлаушы жасушаларда, бүйректің каналшықтарында, секреторлық жасушаларда. Дәнекер ұлпалық жасушаларда да байқалады (фибробласттарда, лейкоциттерде). Өсімдік жасушаларында микробүрлер болмайды. Микробүрлердің қалыңдығы 100 нм шамасында. Саны мен ұзындығы жасушалардың түрлі типінде түрліше. Әсіресе, ішек және бүйрек эпителийінің тарақша көмкермесінде (щеточная жасуша) көп болып байқалады. Тарақша көмкерме дегеніміз жасушаның апикальдік бетіндегі микробүрлердің жиынтығы. Ішек эпителийінің бір жасушасында 3 000 дейін микробүрлер болады. Микробүрлердің аралығында гликокаликстің қалың қабаты орналас­қан. Бұл аймақта сіңіру процесіне қатысатын ферменттер (петидазалар, сілтілі фосфатаза, дисахаразалар) болады. Микробүрлердің жиырыла алатын қабілеті бар.
Плазмалық мембрананың өсінділерінің тағы да бір типі кірпікшелер мен талшықтар. Бұлардың жуандығы (диаметрі 0,2 мкм жуық) мен ультра-құрылымы бірдей. Сондықтан, қимыл органеллаларының осы екі типін біріктіріп ундулиподия деп атайды.
Кірпікшелер мен талшықтар үзындығы және жасушадағы саны бойынша ажырайды. Кірпікшелердің ұзындығы 5-10 мкм, талшықтардікі 150 мкм және онан да артады. Жарық микроскопымен кірпікшелер мен талшықтар-дың ішкі құрылымы байқалмайды, біртекті болып көрінеді. Электрондық микроскоп мембранамен қоршалған мөлдір матрикстің ішінде орналасқан 9 шеткі жұп, 2 орталық дара фибриллалардан тұратынын көрсетті, фибрилла-лар микротүтікшелерден тұрады. Микротүтікшелер тубулин белогынан құралған.Ундулиподиялардың бәрі бір схемамен (9х2)+2 түзілген. Прокариот талшықтарының кұрылысы эукариоттардікінен өзгеше. Мысалы, бактерия талшығының сабағы бір ғана микротүтікшеден тұрады. Морфологиялық тұрғыдан орталық түтікшелердің біреуіне сәйкес келеді. Кірпікшелер мен талшықтар жануарлар жасушаларында кең тараған. Буын аяқтылар мен жұмыр құрттарда, өсімдіктерден жалаңаш тұқымдыларда кездеспейді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің аталық жыныс жасушаларында болады. Адамда кірпікшелер тыныс алу органдарында, жыныс органдарында, орталық нерв жүйесінде кездеседі. Инфузориялардың әрбір жасушасында жүздеген, мыңдаған кірпікшелер болады.
Әрбір жеке ундулиподияның негізінде базальдік денешік (кинетосома) деп аталатын құрылым болады. Құрылысы жағынан центриольдарға ұқсас (9+3)+0 формула бойынша түзілген. Жаңа кірпікшелер мен талшықтар базальдік денешіктерден пайда болады, ал базальдік денешіктердің өздері центриольдардан дамиды. Кірпікшелер мен талшықтардың функциясы жасушалардың қозғалысын қамтамасыз ету.
Эпителиальдық жасушалардың көпшілігінің базальдің бөлігі біршама тегіс болады. Бірақ та метаболиттердің тасымалдануы жедел жүретін көптеген эпителиальдік жасушалардың қабықшасының базальдік бөлігі қатпарлы болып келеді. Осының нәтижесінде пламзмалық мембрананың жалпы беті артып, алмасу процестеріне қолайлы жағдай туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет