Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет31/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Тубулин – динеин жүйесі
Тубулин микротүршіктердің құрамды бөлігі, диаметрі 4 нм шамасын-дағы кішкене глобулалық белок. Тубулиннің  және  деп белгіленетін екі түрі бар. Тубулиндердің құрамында микротүтікшелерді құрауға қажет ГДФ-тің көп мөлшері үнемі байқалады.
Микротүтікшелердің құрамында тубулиндерден басқа молекулалық массасы жоғары қосымша белоктар болады. Олардың ішіндегі маңыздылары-ның бірі қозғалу процесі кезінде энергияны тасымалдауға жауап беретін динеиндер. Молекулалық массалармен ажырайтын динеиннің екі формасы (динеин 1 және динеин 2) белгілі. Динеин 1-ң молекулалық массасы 600000 тең, динеин 2-нікі 700000 жуық. Қоршаған ортадағы тұздар концентрациясы-на олардың активтігінің тәуелділігі, электр тогындағы қозғалғыштығы мен серологиялық қасиеттері түрліше болады. Микротүгікшелер барлық жасуша-ларда болатын цитоплазманың компоненті. Бактериялар мен басқа прока-риондық жасушаларда байқалмайды. Микротүтікшелердің құрылысы біршама тұрақты болады. Сыртқы диаметрі 28 нм, ішкі диаметрі 14 нм, қабырғасының қалыңдығы 5 нм-дің шамасында. Микротүтікшелер көбінесе 13 талшықтан (протофиламенттерден) құралады. Микротүтікшелер диаметрі 4 нм спираль бойынша орналасқан глобулалық суббірліктерден тұрады. Микротүтікшелер әсіресе цитоплазманың өсінділерінде жиі кездеседі, мысалы, нейрондардың өсінділерінде, қарапайымдардың жалған аяқтарында. Микротүтікшелер митоздың ұршығында құрайды.
Микротүтікшелердің міндеті жасушаның ішкі қанқасын құрау және жасушаның қозғалысына қатысады. Сонымен бірге жасуша ішіндегі заттардың белгілі бағытта қозғалуын камтамасыз ететін құрылымдарды құрастыру және жасушалардың өсу процестеріне де қатысады. Микротүтікшелердің түзілу процесі өзін-өзі қадрастыру арқылы жүреді. Оған керек жағдайлар тубулиндердің, ГТФ қосымша белоктардың, Мg++ иондарының болуы мен Са++ иондарының болмауы.
Микротүтікшелер құрылысын жоғары қысыммен төменгі температура-мен, Са++ иондарымен, колхицин немесе басқа алкалоидтармен (винбластин, винкристин) бұзуға болады. Қыздырумен және ауыр сумен өңдеу микро-түтікшелердің құрылуына себепші болады. Жасушаларда микротүтікшелердің жаңадан түзілу процсі «микротүтікшелерді ұйымдастырушы орталықтарға» (МТҰО) байланысты. Бұл орталықтар центриольдар, базальдік денешіктер және митоздық хромосомалардың кинетохорлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет