Лекция жинағын дайындаған: Д. Мұстапаева



бет2/38
Дата25.02.2022
өлшемі231.63 Kb.
#455758
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
лекция тезис 2022Документ Microsoft Office Word

Лекция мазмұны.
1. Адам өмірге келгенде оны әке-шешесі, жақындары немесе өмір сүрген ортасы міндетті түрде бір сенім бойынша тәрбиелейді, өcіреді. Ол да өзінен кейінгі ұрпақтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Тарих бойында дін ауыстыратын қоғамдар да, адамдар да кездеседі, бірақ адам баласы діннен мүлдем қол үзіп кетпейді.
Адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек, дінсіз, ғибадатханасыз (храм) не халық, не қауым, тіпті қоғам болмаған. Сондықтан ежелгі адамдардың дінсіз өмір сүрмегенін, өмірлерін бір сенім бойынша жалғастырғанын білеміз.
Қазіргі кездегі әлем халықтары түрлі діндерді ұстанады және діндерінің сенімдері, алға қойған мақсаттары әртүрлі. Осыған орай әлем діндерінде бір жүйелі сенім болмағандықтан, жалпылама дінге "адамның бір нәрсені қасиетті күш деп сенуі" деп анықтама беруге болады. Демек, дін дегеніміз - сенім. Себебі діндердегі ғұрыптар, рәсімдер, әмірлер мен тыйымдар осы сенімге бейімделеді.
Дін мәдениет, философия, психология, социология т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Тіпті ғылымдардың барлығы діннен шыққан десек те артық етпес. ¤йткені ежелгі дәуірлерде ғылым салалары адамзатқа беймәлім болғанда адамдар бір наныммен өмір сүрді. Ал бұл дін болып табылады. Виктор Кузин "барлық нәрсе діннен шыққан" деп осы пікірімізді қуаттайды.
Дiн – “жаза”, “сый”, “үкiм”, “есеп”, “бас ию”, “ғибадат”, “заң” және “жол” т.б. мағыналарға сәйкес келетiн араб тiлiнен енген сөз. Ал дiн ұғымына келер болсақ бүгiнгi күнге дейiн адам баласы бір тоқтамға келмеген. ¤йткені жер бетіндегі түрлі сенімдегі дін иелерінің (теолог) өз дініндегі сеніміне байланысты немесе діннің түрлі ғылымдармен тығыз байланысты болғандығынан түрлі ғылым иелері түрліше анықтама беріп келеді және дін жайлы анықтамалардың саны да өте көп.
Адам "дене" (тән) мен "рух" (жан) деген екі жаратылыстың бірігуінен тұрады. Егер адам денесіне керек қажеттіліктермен (тағам, сусын, киім-кешек, ауа) қамтамасыз етпесе, дененің өмір сүруі тоқтайды. Сондықтан әрбір адам денесін денеге қажет нәрселермен қамтамасыз ету керек екендігін біледі.
Ал дін – рух, көңіл азығы. Сондықтан бір адамның толық бір бүтін адам болуы үшін дін керек. Егер адам діннің азамзатқа қажеті жоқ деп түсінсе, өзі де ешбір дінді ұстанбаса, ол адам жарым жан адам іспетті рухани дүниесі кедей, азғындаған адам болып табылады және ол адамнан түрлі қылмыстар мен күнәлі істер күтуге болады. Ал дін болса, адамның кез келген қылмысқа баруына тосқауыл болады, рухына моральдық азық болады.
Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. Өйткені дүние жүзіндегі діндердің қайсы бірін алып қарасақ, оның ешбірі жеке адамға, қоғамға зиян беретін жолдарға баруға тыйым салады. Тіпті дін - адамның көңіліндегі, жүрегіндегі көңiл, жүрек кiрлерiнен тазалаудың негізгі құралы.
Дін адам психикасындағы үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік сияқты кейде адамның басына келетін қиыншылық жағдайда көмек береді. Яғни, адам осындай қиын жағдайларда өз сеніміндегі құдіретті құбылысқа жалбарынып, көңілін орнына түсіреді, руханият дүниесі тыныштық табады.
Дегенмен батыстық дін зерттеушілері Х‡І ғасырдан бастап алғашқы қауымдық құрылыстың өмірі мен діндеріне назар аудара бастады. Ал Х‡ІІІ ғасырдан бастап діннің пайда болуы турасында жоғарыда баяндалған қасиетті кітаптардағы мәліметтерден тыс археологиялық, антропологиялық және палеонтологиялық зерттеулердегі қол жеткізген мәліметтердің нәтижесінде біршама теориялар пайда болған. ХІХ ғасырдың орталарында О.Конт пен Л.Бачнер негізін қалаған позитивистік-материалистік тұжырыммен қатар, Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарыққа шыққан «табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» атты еңбегіндегі «адамның тегі маймыл тектес» деген көзқарасы, діннің пайда болуы жайындағы қасиетті кітаптардағы “адамды құдай жаратты” деген пікірге қарсы жаңа ой туғызды.
Э.Б.Тайлор 1861 жылы «алғашқы мәдениет» атты еңбегінде дін анимизмнен (рухқа табыну) шыққан деген пікірді жақтады. Оның көзқарасы бойынша алғашқы адамдар әрбір дененің рухы болғанына сенген. Алғашқы қауымдағы адамдар арасында өлген адамның рухы – түс, елес сияқты жағдайларда адамның көзіне көрініп, адамның жаны өлгеннен кейін де араларында жүре береді деген сенімді туғызған. Осының нәтижесінде рухтар тірі адамды қорғап-қолдайды деген сенім қалыптасып, ата-баба рухына табыну культіне, яғни “анимизм” сенімінің тууына жол ашқан. Кейінгі замандарда осы рухтар адам түсінігінде жаңбыр, от, бұлақ жел т.б. табиғат күштерін басқаратын құдайларға айналып, политеистік (көп құдайшылдық) сенім пайда болған. Бұл да қоғамдағы адам сенімі дамуының нәтижесінде бір құдай сенімінің (монотеистік) тууына жол ашқан, - дейді.
Х.Спенсер де алғашқы адамдар ата рухтарына табынды деген көзқарасты қолдаса, Ж.Фрэзер дінді сиқырдан шыққан деген пікірді ортаға тастады. Тотемшілдік теорияның белсенді қорғаушысы В.Р.Смиттің көзқарасы бойынша алғашқы қауымдағы тайпалар өздерін белгілі бір жануар не өсімдікпен туыс санаған (тотем) және тотемдеріне құрмет ретінде туындаған табыну немесе құрбан шалу сияқты діни рәсімдер осы түсініктен пайда болған.Діннің пайда болуын тотемизмге негіздеушілердің көрнекті өкілдерінің бірі З.Фрейд «Тотем және табу» атты кітабында дінге тотемизм тұрғысынан психоаналитикалық түсінік беруге тырысты. Социолог Э.Дюркгеймнің «Діни өмірдің қарапайым формалары (1912ж.)» атты кітабындағы діннің пайда болуы жайлы көзқарасына қарағанда діннің негізі - бір нәрсені қасиетті санау, бұл да қоғамдық ортаға байланысты. Қасиеттілік – қоғамдағы адамдардың қасиетті санағанында жатыр. Бұл пікір қазіргі кездегі қоғамдағы діни өмірдің рөліне байланысты дін социологтарының көпшілігі қолдайтын көзқарас болып табылады. М.Мюллердің пікірі бойынша дін адамның табиғат құбылыстарынан қорқуынан шыққан. Бұл көзқарас «натуризм» деп аталады. Натуризм - адамның қоршаған ортаға табынуы немесе табиғат құбылыстарын құдай ретінде санауы деген сөз. Осы көзқарасты қолдаған М.Мюллер индуизмнің қасиетті кітаптары Ведаларды дәлел ретінде келтіреді. Ведалардағы құдай есімдері «агни» - от, «диаус» - аспан табиғат құбылыстарының аттарына ұқсас келеді. Демек, М.Мюллердің пікірі бойынша алғашқы қауымдық құрылыста адамдар табиғат құбылыстарынан қорыққан, сосын оған табына бастаған.Қазіргі кездегі ғылымдар өздерінің зерттеу объектісіне байланысты бөлінеді. Дінтану ғылымы да діндер дарихы, дін феноменологиясы, дін социологиясы, дін психологиясы сияқты ғылым салаларын қамти, жеке бір ғылым саласы ретінде қалыптасқан. Кейбір ғылым иелері бұған дін философиясын да қосады, тіпті дін этнологиясын да дінтану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады.
Дінтану ғылымы Х‡ІІ ғасырдан бастап Англия, Франция және Алманияда діндерді ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде жеке бір ғылым ретінде қалыптасты. Әсіресе, ХІХ ғасырда діннің мәнін рационалды түрде түсіндірудің нәтижесінде дінтану ғылымы ерекше даму жолына түсті.
Діндердің принциптерін, олардың пайда болуы мен дамуын, дұға оқу, құрбандық шалу, құдай түсінігі, ғибадат, діни рәсімдер сияқты діннің құрылысын, діннің қоғамдағы рөлін, маңызын, жеке адамның психикасына әсерін, діннің дәстүрмен, мәдениетпен байланысын т.б. зерттеу - дінтану ғылымының үлесінде.
Дінтану ғылымы жоғарыдағы мәліметтерді зерттегенде психология, социология, мифология, этнология немесе этнография, археология, өнер тарихы, фольклор, философия, мәдениеттану, филология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты.
Дін - жеке адамның әрекетімен, қоғаммен, мәдениетпен т.б. байланысты ауқымды бір құбылыс. Сондықтан оны ғылыми тұрғыдан зерттейтін дінтану ғылымы өз ішінен бірнеше ғылым салаларына бөлінеді:
Қазіргі кездегі дін зерттеушілері, этнолог-теологтар, социолог және дін тарихшылары әлемдегі діндерді географиялық аймағын, діндердің халықтар арасына таралу барысын және діндердің сенімі мен құрылысын негізге ала отырып көптеген сыныптарға бөлген. Мәселен, дін социологы Ж.Ваш діндерді құрушысы бар (буддизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және дәстүрге негізделген (индуизм, синтоизм, тәңiршiлдiк) діндер деп бөлсе, А.Шиммель алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер (га, маори, аину, инка), ұлттық діндер (иудаизм\яћудилік, индуизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және әлемдік діндер (буддизм, христианжәне ислам) деп бөледі. Сонымен қатар діндерді сеніміне байланысты политеистік (көп тәңіршілдік: синтоизм, ежелгі грек, ежелгі римдіндері), монотеистік (бір тәңіршілдік: ислам, яћудилік (иудаизм)) деп бөлгенімізбен, бұл барлық діндерді қамти алмайды. Өйткені әлемде құдай сенімі кездеспейтін діндер (буддизм, жайнизм) де бар.
Тағы да діндерді халықтың этникалық орналасуына байланысты былай сыныптауға болады:

  1. Орта Шығыс немесе Семит діндері: яћудилік (иудаизм), христиан және ислам;

  2. Үнді діндері: индуизм, буддизм, жайнизм, сикхизм;

  3. Қытай-жапон діндері: конфуцианизм, даосизм, синтоизм.

Ал мұсылман ғалымдары Құран негізі бойынша діндерді илаћи немесе хақ (Аллаћтан келген: яћуди, христиан және ислам) және адамдық немесе бос (адамдардың өздері шығарған: буддизм, индуизм, конфуцианизм т.б.) діндер деп екі топқа бөлген. Ал илаћи діндердің өзін негізі бұзылған (яћуди, христиан) және негізі бұзылмаған (ислам) деп екіге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет