Лекция жинағын дайындаған: Д. Мұстапаева



бет17/38
Дата25.02.2022
өлшемі231.63 Kb.
#455758
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
лекция тезис 2022Документ Microsoft Office Word

2. Пақырнама
Диуани Хикметтің Ташкент және кейбір Қазан баспаларынан шыққан нұсқаларының басында немесе соңында Ахмет Ясауидікі деген бір рисале (шығарма) де орын алады (қараңыз: Диуани Хикмет Ташкент ћижри 1312ж. 215-бет; Қазан-1896ж. 3-17 беттер; Қазан-1901ж. 121-129 беттер) (Қазан-1901ж. баспасында рисале: “ћәзићи рисале-и Хаже Ахмет-и Йасауи рахмату-л-лаћи Тағала ғалайћи”, - деп басталады.).
Қысқаша “Фақр-наме (пақырнама)” атымен танымал болған бұл шығарма жеке өз алдына бір шығармаға қарағанда Диуани Хикметтің кіріспесіне (бір бөліміне) ұқсайды. Фақрды (пақырлық), сүлук (сопылыққа кіру әдебі) әдебі мен сүлук мәртебелерін қарастыратын бұл шығарманың Ахмет Ясауи тарапынан жазылмағандығы, тек Ясауи пікірін негізге ала отырып, оның жолын қуушы бір Ясауи дәруіші тарапынан жазылғаны анық. Ф.Көпрүлүнің пікірі бойынша бұл шығарма Хазинидің “Жәуаћиру-л-әбрар мин әмуажи-л-бихар”атты еңбегінен алынған.
3. Мінәжәт
Диуани Хикметтің ішіндегі тағы бір бөлім – мінәжәт бөлімі. Қазіргі басылымдардағы Диуани Хикметтердің қорытынды бөлімі болып табылатын бұл бөлім Қазан басылымындағы нұсқада бірінші хикмет болып тіркелген. Мінәжәт Ахмет Ясауидің Хаққа сиына отырып, өз хикметтерін дәріптеуде Диуани Хикмет мазмұнымен таныстық жүргізуге арнаған.
4. Мирату-л-Құлуб (Көңілдiң айнасы)
ХІ‡ ғасырда Шағатай тілінде көшірілген Қожа Ахмет Ясауидің тағы бір рисалесі Мирату-л-Құлуб Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан тұрады. Рисалені жинақтаған Қожа Ахмет шәкірттерінің бірі - Сопы Мұхаммед Данышменд Зарнуқи.Мирату-л-Құлубтың жазылу мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ой-тұжырымдарын жинау болып табылады. Әйтсе де еңбекте Нежмүддин Күбра мен Сопы Мұхеммед Данышмендтің де өз ойлары мол ұшырасады. Еңбек шариғат, тариқат және хақиқат деген үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде исламдық және сопылық ахлақ, екінші бөлімде тариқат әдебі (этикасы) жайында айтылса, ал үшінші бөлімде мағрифату-л-лаћ (Аллаћты тану) турасында әңгімеленеді. Мирату-л-Құлуб еңбегінде жалпы сопылық ілімнің өзегін құрайтын «көңілдің көзін ашу», «рухани жетілу» басты мәселе ретінде қаралады. Ондағы мол ұшырасатын сопылық дүниетанымдық категориялар Ясауидің ой-пікірін тұжырымдаудың кілті ретінде қызмет еткен. Еңбекте сопылық әдебиетте жиі кездесетін «Нұр-ы Мұхаммедия», «үммү-л-әруах» категориялары, сондай-ақ адам рухының жоғарғы сапалық тазалық категориясы – «қалб-ы сәлим», дәрежелік өту сатылары – «дариялар» мәні таратыла айқындалған. Көңілдің (рухтың) тазалыққа, кемелдікке жетудегі ең негізгі шарттары мен қағидалары әдістемелік теориялық деңгейде түсіндірілген. Мирату-л-Құлуб рисалесінің Швеция Упсала нұсқасы Түркияның Стамбул қаласындағы Ислам ғылыми зерттеу орталығының «Ғылыми зерттеу журналында» жарияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет