Лекция жинағын дайындаған: Д. Мұстапаева



бет14/38
Дата25.02.2022
өлшемі231.63 Kb.
#455758
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
лекция тезис 2022Документ Microsoft Office Word

6- лекция. Тақырыбы: Түркілік дәстүрлердің сақталуындағы ясауилік тариқатының орны
Лекция жоспары:
1.Түркілік дәстүрлердің сақталуындағы ясауилік тариқатының орны
2. Ахмет Ясауи және Баба Мәшін


Лекцияның оқыту нәтижелері:
1.білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі;
2.Жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады;
3-Түркі халықтарының дүниетанымындағы ортақ сопылық мәселелерін шешу барысында өз көзқарастарын, идеалдарын жақтауда жоғары сенімділік көрсетеді;
4. Ахмет Ясауидің сопылық түсінігі, жеті ұстанымы, үш қызметі, ілімінің тарихи және бүгінгі күндегі маңызын түсіндіреді, обьективті бағалайды;
Лекция мазмұны :
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауиге дейін Хазіреті Пайғамбар сахабаларының бірі болған Арыстан баб ислам дінін насихаттау мақсатында түркі елiне келген. Сонымен қатар Әбу Бәкір халифамен кездескен және исламды қабылдаған ақын-жыраулардың бірі - мәһшүр Қорқыт ата мен Шопан ата, сондай-ақ исламның ұлылығын насихаттау мақсатында Орта Азияға келген Ахмет Ясауидің ата-бабасы - Ысхақ баб, Абду-л-Жалил баб және Абду-р-Рахман бабтар түркi жұртына мұсылмандықты уағыздаған алғашқы әулиелер екенi айқын. Ахмет Ясауидің әкесі - Ибраһим ата да аталмыш әулиелердiң қатарына жатады. Ал Ахмет Ясауидiң түркi сопылығы тарихында алатын орны ерекше.
Кемеңгер бабамыздың орынбасарлары мен жолын қуушылары түркiлердiң құрған мемлекеттер мен империялардың рухани пiрi болғандығы тарихи мәлiметтерде алтын әрiптермен жазылған. Тiптi түркi дүниесi бойынша құрылған сопылық тариқат – осы ясауилiк тариқаты. Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөздері де осы ақи қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: «Еңкейгенге еңкей – атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» деген ұстаныммен түйіндеген.Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақиқатқа жеткізетін бірден-бір жол – ғылым жолы» деп жазған. Ясауи ең бектерінде ғылымға ұмтылу, надандық тан қашу мәселелері жиі көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметте ле ді. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді.Ясауи ілімінде «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю ге, бауырмалдық пен жанашыр лық қа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді. Осы бір қағида өзгеге қол ұшын беруге қашанда құлшынып тұра тын біздің халқымыздың болмысына сің ген деуге болады. «Өз үйінде ою ой мағанның кісі үйінде сырмақ сыраты ны» да осыдан болса керек. Қожа Ахмет Ясcауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға негізделген рулық-тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Аллаћ алдында ер мен әйел тең хұқылы, екеуіне де ақыл, көңіл, жүрек беріп, бірдей дәрежеде жаратқан. Бірақ, ислам діні әйелдің өз жаратылысына, нәзіктігіне, ердіңөз жаратылысына, оның табиғатындағы қуаттылығы мен төзiмдiлiгiне байланысты өздеріне лайықты біршама міндеттерді белгілеген.
Әйел дегеніміз - ана, адамның алғашқы ұстазы, әрі Аллаћтан кейінгі ең жақын қамқоршысы. Сонымен бірге «жәннәт аналардың табанының астында» - деген Пайғамбардың хадисіне орай ислам діні әйел затына қаншалықты құрмет көресетінін байқау қиын емес. Ардақты Пайғамбар: «әрбір ер мен әйел мұсылманға ғылым іздеу парыз» - деп, екеуінің хұқығы исламда тең екендігін көрсеткен.
Исламға дейінгі түркі халықтарында да әйел қоғамда маңызды рөлдерді ойнаған. Тіпті, әйелдер қоғамдағы саяси мәселелерге араласып, елін қорғау үшін қолына найза алып, ерлермен бірге соғыстарға да қатысқан. Оныңүстіне көшпелілер арасында әйел мен ерді бөлек ұстау мүмкін емес. Ахмет Ясауи түркілердің осы әдетін жалғастыра отырып, өзінің зікірлері мен сұхбаттарына әйел мен ерді бірге қатыстырған. Әрі бұл әдіс сопылық жол бойынша таптырмайтын нәпсі тәрбиелеу әдiсi болып табылады.
Ахмет Ясауидің бұл әрекетіне заманындағы ғалымдар қарсы шыққан екен. Диуани Хикметте сол ғалымдардың бірі Баба Машын жайлы былай делiнген:
Есітті Баба Машын сол заманда,
Ахмет атты бір шейх шыққан екен Түркістанда.
Сұхбат құран қыз-келіншекпен онда,
Тыйым салғалы Түркістанға келді достар.
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидіңсофрасында ерлермен қатар әйел де бірге отырып сұхбаттасады деген қауесетті естіген Хорасан мен Мәуреннәћрдіңғалымдары Ясауидің бұл қылығын дұрыс деп таппай, Ясы қаласына сапарға шыққан екен. Қожа Ахмет те өзінің жоғарғы рухани қабiлетiмен олардың келе жатқанын сезіп, бір мүридіне аузы жабылған бір сиясауытты беріп ғұламалардың алдынан шығарады. Ахмет Ясауиді сынамаққа келе жатқан ғалымдар алдынан шыққан адамнан сиясауытты алып, аузын ашып қараса, сиясауыттың ішінде шоқ және шоқтыңүстінде бір мақта тұр екен. Бірақ не шоқ сөнбеген, не мақта жанбаған екен. ҒұламаларҚожа Ахметтің«егер әйел мен ер Хақ жолында бір жерге топтасса, Аллаћ олардың көңілдеріндегі жаман сезімдерді жояды» – деген ғибретін түсініп, Ахмет Ясауиден кешірім сұраған екен, тiптi көпшiлiгi оған шәкірт болыпты. Ясауи ілімінің осындай ерекшеліктері жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қауымындағы әйелдер мен қыздарды хиджаб пен пәренжі киюден қорғауға бір себеп болды.Яcсауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде «суфра тұту», яғни «дастарқан жаю» дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастарқан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі – Қызыр келіп қатысады деп саналған. Қазақ халқының «Қонақ келсе, Қыдыр келеді», «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген мақалдары осы дәстүрден туындаған. Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды. Дұрысы, Ясауи өз ілімі арқылы тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден өткізіп берді. Біз Ясcауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалып тасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты. Ар тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. «Жаным – арымның садағасы», «Жарлы болсаң да арлы бол» деген қазақ халқы да осы ілімді жан-жүрегімен қабылдаған.Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөздері де осы ақи қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: «Еңкейгенге еңкей – атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» деген ұстаныммен түйіндеген.Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақи қатқа жеткізетін бірден-бір жол – ғылым жолы» деп жазған. Ясауи ең бектерінде ғылымға ұмтылу, надандық тан қашу мәселелері жиі көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметте ле ді. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді. Қожа Ахмет Ясcауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға негізделген рулық-тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Ясауи ілімінің осындай ерекшеліктері жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қауымындағы әйелдер мен қыздарды хиджаб пен пәренжі киюден қорғауға бір себеп болды.Яcсауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде «суфра тұту», яғни «дастарқан жаю» дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастарқан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі – Қызыр келіп қатысады деп саналған. Қазақ халқының «Қонақ келсе, Қыдыр келеді», «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген мақалдары осы дәстүрден туындаған. Тариқаттың 6 ерекше касиеті (мустаһаб): қонақжайлылык; жағдайына қарай қонақ күту; конақтың коп қонуын ырыс деп білу;қонақтың көп болуына көңіл бөлу;қонақтың тілегін орындау;Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды. Дұрысы, Ясауи өз ілімі арқылы тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден өткізіп берді. Біз Ясcауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалыптасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет