Лекция конспектілері н -1-40-2021 баспа


Лекция 7. Тесттің сенімділігі мен валидтілігі. Тест құру технологиясы мен бейімдеу



бет14/30
Дата27.05.2024
өлшемі85.57 Kb.
#501904
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Лекциялар псих пед диагн

Лекция 7.
Тесттің сенімділігі мен валидтілігі. Тест құру технологиясы мен бейімдеу.
Психологиялық – педагогикалық эксперимент-зерттеудің сенімді құралы болуы үшін және одан дұрыс нәтижелерді алу үшін қолданылатын психодиагностикалық әдістемелер ғылыми негізделген болуы керек.Ондай әдістемелер төмендегідей талаптарға сай болуы керек, олар: валидтық, сенімділік, бірегейлік және нақтылық. Әр талапты бөлек –бөлек қарастырып көрейік. «Валидтық» деген термин европа тілдерінен шыққан. Ол «құнды», «жарамды», «сәйкес» дегенді білдіреді. Валидтық психодиагностикалық әдістеме дегеніміз- сол әдістеменің нақты психологиялық сапаны бағалауға жарамды болуы. Валидтық әдістеме өлшейтін заты туралы мәліметтерді ғана емес, сол заттың жағдайы туралы хабарды, оның қолдану салалары туралы мәліметтерді ала алады. Валидтық-теориялық және практикалық (эмпирикалық), ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Теориялық валидтық зерттелетін сапаның нәтижелерінің сәйкестігі анықталады. Бұл нәтижелер нақты әдістемелер көмегімен алынатын, теориялық нәтижелерге негізделген тәуелділігі анықталады. Теориялық валидтықты бір теорияға негізделген әртүрлі әдістемелердің көмегімен бірдей қасиеттің көрсеткіштерінің корреляциясымен тексереді. Эмпирикалық валидтық зерттелетін адамның бақыланатын іс-әрекеттері мен реакцияларға диагностикалық көрсеткіштердің нақты іс-әрекетіне сәйкестілігімен тексеріледі. Мысалы, бір зерттелетін адамның қасиеттерін белгілі бір әдістеме көмегімен бағалаймыз. Бұл әдістеме эмпирикалық валидтық деп айтамыз, тек егер нақты адам өмірде әдістеме болжайтындай өзін ұстайды.
Эмпирикалық валидтықтыың критерийлерімен әдістемені өзінің көрсеткіштерінің адамдардың іс жүзіндегі әрекеттердің көрсеткіштерімен салыстыру жолымен тексеріледі.
Ішкі валидтық – дегеніміз әдістемедегі тапсырмалардың, субтесттердің, әртүрлі ойлардың, пікірлердің әдістеменің жалпы мақсатына сәйкестігі. Егер сұрақтар, тапсырмалар әдістемеге керек нәрселерді өлшемесе, онда ол әдістеме ішкі валидтық болып есептелінбейді.
Сыртқы валидтықэмпирикалық валидтық сияқты, бірақ бұл жерде зерттелетін адамның іс-әрекетіне қатысты маңызды сыртқы қасиеттерімен әдістеменің көрсеткіштері арасындағы байланысты айтамыз.
Әдістемені құрған кезде оның валидтықтыбірден бағалау өте қиын. Әдістеменің валидтығы оның ұзақ қолданылу процесі барысында тексеріліп анықталады. Валидтықтыңтүрлерінен басқа валидтықтың критерийлері туралы білу керек.
1.Іс-әрекеттің көрсеткіштері – зерттелетін адамның өмірдің әртүрлі ситуациялардағы реакциялар , іс-әрекеттер.
2.Әртүрлі іс-әрекеттердегі зерттелетін адамның жетістіктері:оқу , еңбек , шығармашылық т.б.
3.Әртүрлі бақылау тапсырмаларды орындау туралы мәліметтер.
4.Басқа әдістемелер көмегімен алынатын мәліметтер.
3.Сенімділік өлшеу процедураның нақтылығы ретінде.
Тұрақты көрсеткіштерді алу әдістеменің сенімділігін көрсетеді (бұл жерде зерттелетін адамнан , экспериментатордың іс-әрекеті мен өзгеретін психологиялық қасиеттерінен емес, өлшеу құралына тәуелді тұрақтылық дәрежесі есептелінеді).
Психологиялық тесттің нәтижелері қиын бақыланатын факторларға тәуелді: өлшеу құралының сапасына , психологиялық тесттің ситуациясының релеванттық мінездемелердің тұраұтылығына. Аталған факторлардың біреуі өзгертсе өлшеу сенімділігінің дәрежесі төмендейді. Бірақ іс жүзінде бұл факторларды үнемі тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкін емес болғандықтан , кез келген психодиагностикалық әдістеменің сенімділігі жоғары болуы мүмкін емес. Аталған факторлардың ішінде ең маңыздысы болып әдістеменің сенімділігі саналады, өйткені қалғандары алынатын нәтижелердің тұрақтылығына аз мөлшерде әсер етеді.
Психодиагностикалық әдістеменің сенімділігін екі әдіспен анықтауға болады:осы әдістеменің көмегімен әртүрлі адамдармен алынған нәтижелерді салыстыру жолымен және осы әдістемені бірдей жағдайларда қолданғанда алынған нәтижелерді салыстыру жолымен .
Әдістеменің нақтылығы психодиагностикалық эксперимент барысында бағаланатын қасиеттердің аз өзгерістердің өзіне жауап қайтару қабілеттілігі болып есептелінеді. Психологиялық әдістеменің нақтылығын өлшеу техникалық құралдарының нақтылығымен салыстыруға болады. Мысалы , сантиметрге бөлінген метрден , миллиметрге бөлінген сызғыштың ұзындықты әлдеқайда нақтырақ өлшейді. Ал микрометр деген прибор ұзындықты 0,001мм дейін нақты өлшейтін сызғыштан әлдеқайда нақтырақ.
Психодиагностикалық әдістеме неғұрлым нақтырақ болса, соғұрлым нақты градацияларды бағалауға болады. Бірақ практикалық психодиагностикада баға нақтылығының өте жоғары дәрежесі барлық кезде талап етілмейді.Оның қажетті практикалық мерасы дифференциация тапсырмасымен немесе зерттелетін адамдарды топтарға бөлумен анықталады. Мысалы , егер зерттелетін адамдарды екі топқа бөлуге болатын болсақ , сонда қолданылатын әдістеменің нақтылығы осы бөлікке сәйкес болу керек.
Егер зерттелетіндерді бес топшаларға бөлетін болсақ онда бес пункттен тұратын өлшеу шкаласы бар әдістемені қолдануға тура келеді.
Әдістеменің бірігейлігі дегеніміз белгілі бір әдістеме бір қасиетті бағалау үшін осы әдістеменің көмегімен алынған мәліметтер тек сол бір қасиеттің өзгерістерін кескіндейтін дәрежесі. Егер осы қасиетімен қатар алынатын көрсеткіштерде әдістемеге байланысты емес басқа көрсеткіштер кескінделсе , онда әдістеме бірігейлік критерийге сәйкес емес деп саналады, сонымен қатар ол валидтық деп есептеліне береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет