Лекция конспектілері н -1-40-2021 баспа


Тесттердің әлеуметтік – мәдени бейімділігі



бет15/30
Дата27.05.2024
өлшемі85.57 Kb.
#501904
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Лекциялар псих пед диагн

Тесттердің әлеуметтік – мәдени бейімділігі.
Психодиагностикалық тесттерге ерекше талаптар қойылады. 
Бірінші талап- тесттің әлеуметтік- мәдени бейімділігі. Ол дегеніміз- тест тапсырмалары мен бағаларының сәйкес келуі. Егерде тест басқа елден алынған жағдайда, зерттелетін адам тапсырмаларды орындау барысында олардың мәдени ерекшеліктеріне мән беруі керек. Мысалы, бір елде құрылған тесттің танымдық құрамында сөздік – логикалық емес, бейнелік және практикалық ойлау басым болып тұрса және ол тест Европада пайда болып, басқа елде қолданылса, онда ол міндетті түрде сол елдің әлеуметтік-мәдени жағдайына бейімделуі керек. Керісінше, ол ортаға икемделмеген жағдайда қолданатын болсақ, біз басқа елдің тұрғындарының ойлауының даму деңгейіне сәйкес келмейтін өте төмен нәтижелер аламыз. Егер де ақыл-ой тестінде практикалық ойлауға арналған тапсырмалар көп болып, оны вербальдық танымы басым елде қолданса, біз ол жерде ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштеріне ие боламыз. Егер тест қайта қолданған жағдайда, алғашқы құрылған кездегіден өзгеше болса, мұндай жағдайда тестті бірбірімен салыстыру немесе жаңа жағдайға бейімдеу талап етіледі. Әсіресе мұндай жағдай өзге елде құрылып, басқа тілде жазылған бланк тесттерге қатысты. Бір тілден басқа тілге аударма ешқашан нақты болмайды.Ол үшін сөзбе- сөз аударудан гөрі мағынасына қарай аудару нақтырақ болады.
Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапайымдылығы мен тест тапсырмалардың бірегейлігі. Бұл талапқа сәйкес сөздік және басқа тапсырмаларды орындау барысында адамдар әртүрлі қабылдайтын нәрселер болмауы керек( мыс: сөздер, суреттер т.б.).
Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт. Тестті орындау үшін 1– 1,5 сағаттан көп бөлінбеу керек. Өйткені бұдан көп уақыт орындаса, адам өзінің жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейін сақтай алмайды.
Төртінші талап- тест үшін берілген тест мөлшері. Тест мөлшері дегеніміз- бір топ адамдармен жеке тұлғаның көрсеткіштерін салыстыруды айтамыз. Мұнда жеке тұлғаның психологиялық даму деңгейі бағаланады, яғни мөлшер дегеніміз нақты бір тесттің репрезентативтік орта көрсеткіштері. Тест мөлшері әдеттегідей, зерттелетін адамдардың жасы мен жынысына қарай таңдап алынған тест нәтижелерімен және жасына, жынысына қарай келесі релеванттық дифференциациясы көрсеткіштерінің орташа алынған бағасымен анықталады. Сонымен тест мөлшері дегеніміз-зерттелетін адамға әлеуметтік-демографиялық мінездемелері бойынша ұқсайтын адамдардың үлкен жиынтығы дамуының орта деңгейі. Жылдан жылға адамдардың психологиялық дамуы өзгеріп тұрады, сондықтан тест мөлшері де өзгеріп отырады.
Әрбір норма уақыт өткен сайын адамдарда болатын психологиялық дамуындағы асылда болатын өзгерістермен бірге өзгереді. Ғасырдың бірінші 25-жылдарда анықталған интеллектуалдық дамудың нормалары соңғы 25-жылдарда сай келмейді, өйткені бұл уақыттың ішінде адамдардың ой даму деңгейі өте жоғарлап кеткен. Эмпирикалық анықталған ереже бойынша әр бес жыл сайын тест нормалары , әсіресе интеллектуал , қайта қарастырылып тұруы керек.
Ол былай болуы керек. Белгілі тест көмегімен зерттеу жүргізілген бір топ адал анықталу керек. Әлеуметтік – демографиялық сипаттама бойынша айырмашылығы бар адамдар топшаларға бөлінеді. Әр топша үшін тест көмегімен белгілі адамдар зерттеледі. Алынған көрсеткіштер орталандыру нәтижесінде әр адам тобы үшін тесттік норма анықталады. Тест сипаттамасында қашан, қай жерде, кімге анықталғаны жазылады.

  1. Талаптармен қатар тест жүргізу үшін бірнеше ережелер анықталған.

  2. Белгілі бір тестті қолданудан бұрын , оны өзіне немесе басқа бір адамға жүргізіп көру керек.

  3. Тест алдында зерттелетін адамдар нұсқаулар мен жақсы танысып алу керек.

  4. Тест барысында зерттелетіндер өзінше жұмыс істеу керек , бір-біріне тәуелді болмай, ықпал етпей.

  5. Әр тест үшін нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау процедурасы болу керек. Ол , әсіресе, математика-статистикалық өңдеу әдістеріне қатысты.

Практикалық тест өткізу үшін дайындық жұмыс жүргізу керек. Зерттелетіндерге тест ұсынылып, оған тест не үшін керек, қандай мақсаттары үшін, оның нәтижесінде қандай нәтижелер алынуы мүмкін, олар өмірде қалай қолдануға болатынын түсіндіреді. Нұсқау таратылып, барлық зерттелетіндер оны жақсылап түсініп алу керек. Содан кейін барып тест жүргізіледі.


Лекция 8. Жеке психологиялық және жекелік қасиеттердің диагностикасы. Жалпы және арнаулы қабілеттер диагностикасы (Б.М.Теплов, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Н.С.Лейтес, В.А.Крутецкий және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет